Shymkent University

Shymkent University

Share

‼️Официальная страница /OFFICIAL PAGE/ Ресми парақша‼️
🔊К

Photos from Shymkent University's post 20/06/2025

💪 Құттықтаймыз!
Оразхан Ырысты қол күресінен Қазақстан Республикасының чемпионатында 70 кг салмақ дәрежесінде ІІ орын иеленіп, лайықты түрде марапатталды! 🥈
Бұл — қажырлы еңбек пен тынымсыз дайындықтың жемісі.

Қоржында — күміс жүлде! 🇰🇿👏

01/06/2025

🙋🏻‍♀️Құрметті магистратураға түсушілер!

💻Сіздерге 2025 жылғы 1 маусым мен 8 шілде аралығында app.testcenter.kz сайтында немесе UTO.kz қосымшасы арқылы магистратураға түсуге арналған КЕШЕНДІ ТЕСТІЛЕУГЕ ӨТІНІШТЕРДІ ҚАБЫЛДАУ жүргізілетінін хабарлаймыз.
⏳Кешенді тестілеудің өзі 20 шілде мен 10 тамыз аралығында өтеді.

📍Тіркелу барысында сіз тестілеудің ОРНЫН (қаланы) өзіңіз таңдайсыз.

‼️Тестілеу ОРНЫ мен УАҚЫТЫ туралы ақпарат 14 шілде түсушінің Жеке кабинетінде қолжетімді болады.

🔻ҒЫЛЫМИ-ПЕДАГОГИКАЛЫҚ МАГИСТРАТУРА
✅Шекті балы – 75 балл (мемлекеттік грант бойынша және ақылы негізде оқуға түсу үшін). Оның ішінде:
✔️Шет тілі – кемінде 25 балл;
✔️ОДАТ – кемінде 7 балл;
✔️БББТ бейіні бойынша – кемінде 7 балл (әр пәннен).

🔻БЕЙІНДІ МАГИСТРАТУРА
✅Шекті балл – 30 балл (мемлекеттік грант бойынша және ақылы негізде оқуға түсу үшін). Оның ішінде:
✔️БББТ бейіні бойынша – кемінде 7 балл (әр пәннен).

💰КТ-ға қатысу құны 14 693 теңге.
✊Барлығыңызға сәттілік тілейміз!

Photos from Shymkent University's post 20/05/2025

Шымкент университетінде 12 сәуір – Ғылым қызметкерлері күніне орай өткен Ғылым айлығы мәресіне жетті. Қорытынды жиналысқа Ғылым және халықаралық байланыстар жөніндегі проректор мен профессор-оқытушылар құрамы  қатысты. Ғылым айлығы  аясында «Студенттік ғылым: жастар көзқарасы» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция мен ғылыми-әдістемелік семинарлар өтті. Ғылым айлығын қорытындылап, 12 сәуір – Ғылым қызметкерлері күні болып белгіленуі бекер емес. Көрнекті ғалым, тұңғыш академик, еліміздің алғашқы кәсіби геолог-металлургы, Қазақстан Ғылым академиясының негізін қалаушысы Қаныш Сәтбаевтың туған күнімен ұштастырылған. Ғылым жолында, Шымкент университетінің  өркендеу жолында қосып жүрген үлестеріңіз үшін алғыс білдіреміз!», - деп  2025 жылы Шымкент университетінің ғылым бағытындағы атқарған жұмыстарымен таныстырып өтті. Жиналыс  барысында студенттердің ғылыми дайындығына  қосқан үлестері үшін Шымкент университетінің профессор-оқытушылары Алғыс хат пен мараппаталды.

17/05/2025

Қазақстан Республикасының жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары студенттері арасындағы

ХІІІ ЖАЗҒЫ УНИВЕРСИАДА
Үстел теннисі спорты бойынша
III орын алған
Шымкент университетінің қыздар командасы
марапатталады
3-курс студенті (ДС-622) – Борсакбаева Карина

3-курс студенті (ДС-622) – Борсакбаева Зарина

2-курс студенті (БО-223) – Мұхаметәлі Назерке.

Photos from Shymkent University's post 18/04/2025

23 сәуір - Ұлттық кітап күні қарсаңында Шымкент университетінің кітапханасы ұлт жанашырлары, қазақ әдебиетінің көрнекті классиктерінің жаңа басылыммен шыққан шығармаларымен толықтырылды.

Photos from Shymkent University's post 17/04/2025

2025 жылдың 17 ақпанында Шымкент университетінде БҰҰ Бас хатшысының климаттың өзгеруі жөніндегі кеңесшісі, 2007 жылғы Нобель сыйлығының лауреаты Рае Квон Чунг арнайы қонақ ретінде келді. Университетте ректордың жетекшілігімен оқу орнының басшылары, оқытушылар және студенттердің қатысуымен дөңгелек үстел ұйымдастырылды.
Рае Квон Чунг 1990 жылдардың басынан бастап қоршаған орта және климаттың өзгеруі мәселелерімен айналысады. 1992 жылы Рио-де-Жанейрода өткен Жер саммитіне, 2025 жылы сәуірде Самарқандта өткен Климаттың өзгеруі жөніндегі саммитке белсенді қатысты. Оңтүстік Кореяның Сыртқы істер және сауда министрлігін басқарды. Рае Квон Чун адамның табиғатқа әсерін зерттейді және әсер апатты деп санайды. Оның пікірінше, планета "Қайтарылмайтын нүктеге"жақындап келеді. Ол жалпыға қолжетімді технологияларды, соның ішінде міндетті лицензиялау және мемлекеттік меншіктегі технологияларды беру арқылы таратуды көздейтін төмен көміртекті "Жасыл өсу" тұжырымдамасын елдердің экономикалық дамуын және климаттық өзгерістермен бір мезгілде күресе отырып, жаңа жұмыс орындарын құруды көздейтін жаңа парадигма ретінде насихаттайды. "Жасыл өсу" тұжырымдамасының негізгі мақсаты-климаттың өзгеруімен күресу кезінде көмірқышқыл газының шығарындыларын азайту. Бұл жаңартылатын энергия өндірісін дамыту экономика мен қоғам үшін шығындар мен ауыртпалықтарды көтеріп қана қоймайды, сонымен қатар тезірек және тұрақты экономикалық өсуге және ұзақ мерзімді перспективада көптеген жұмыс орындарын құруға мүмкіндік береді деген идеяны насихаттау. Бірақ егер біз мұны қысқа мерзімді пайда тұрғысынан қарастыратын болсақ, онда шығындар да мүмкін. Дегенмен, "Жасыл өсу" тұжырымдамасы ұзақ мерзімді стратегияларды әзірлеудің негізі болып табылады, "Жасыл өсудің" мақсаты осы идеяларды тарату болып табылады. Мысал ретінде ол Түркістан облысының аумағында күн батареяларын энергия көзі ретінде пайдалану жоспарланып отырған "Жасыл мақта" Смарт-фабрикасының ашылуы туралы айтты.

Photos from Shymkent University's post 07/04/2025

⚜️6 сәуір – ҚР Ішкі істер министрлігінің тергеу органдары құрылған күніне орай Шымкент қаласы полиция департаментінің бастығы Алмасбеков Нұрлан Сейсетайұлы Шымкент университеті “Құқық және тарих” кафедрасының меңгерушісі Гульзагира Жарылкапова Парменбаевнаға болашақ тергеушілерді оқыту мен тәрбиелеуге, практикалық дайындық пен академиялық білімді біріктіретін
дуалды оқытуды табысты дамығанына қосқан үлесі үшін ҚР Ішкі істер министрінің орынбасары, полиция генерал-майоры С.Ә.Адиловтың Алғыс хатын табыстады.

⚜️Шымкент университеті ұжымының атынан барлық Қазақстандық тергеушілерді кәсіби мерекемен құттықтаймыз!

⚜️Алдағы уақытта Ішкі істер органдары мен бірлесе отырып, 6В042-Құқық дайындық бағыты бойынша білім алушылардың практикалық дайындықтары мен кәсіби дағдыларын шыңдап, қоғамға адал қызмет ететін білікті заңгер мамандарды тәрбиелеуде екі жақты ынтымақтастық ары қарай жалғасын табады деген сенімдеміз!

Photos from Shymkent University's post 31/03/2025

27 наурыз күні Шымкент университетінде «Студенттік ғылым:жастар көзқарасы»атты халықаралық ғылыми –практикалық конференциясы өтті.
Конференцияға алыс және жақын шет мемлекеттер мен отандық ғалымдар қатысып, пленарлық отырыста мазмұнды баяндамаларын жасады, атап айтсақ, Польша мемлекетінің Познань қаласы, А.Мицкевич университетінің профессорлары Богуслава Леска, Беата Мессиаш, Войцех Анковиак, И.Раззаков атындағы Қырғыз мемлекеттік техникалық университетінен Тумонбаева Мира Жээнбаевна, ZOOM платформасы арқылы Пәкістан, Фейсалабад қаласынан Махмуд ар-Рахман Ансари, Австрияның Линз қаласының Johannes Kelper Universitat Мақсұт Санжар баяндама жасады. Сонымен қатар, А.Мицкевич университетінің профессоры Богуслава Лескаға ғылым және білім беру саласында ынтымақтастық орнатып, білім ордаларында ғылыми зерттеу жұмыстарын жүргізіп, оқытушылар мен білім алушылардың академиялық ұтқырлық тағлымдамадан өтуіне үлес қосқаны үшін «Шымкент университетінің құрметті профессоры» атағы берілді. Сондай-ақ, 7 бағыт бойынша студенттік секциялар жұмыс жасап, білім алушылар белсенді қатысып баяндамаларын жасап, сәйкесінше I, II, III орындармен марапатталып, ынталандыру сыйлықтары берілді.

Photos from Shymkent University's post 16/03/2025

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың «Әділетті
Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Қазақстан халқына
жолдауында: «Адал әрі табанды еңбегімен табысқа жеткен адамдар қашанда құрметті, сыйлы болуы
керек. Бұл біз ұсынып отырған «Адал азамат – Адал еңбек – Адал табыс» қағидатына толық сай келеді.
Бір сөзбен айтқанда, біздің қоғамда еңбекқорлық, кәсібилік сияқты қасиеттер өте жоғары бағалануға
тиіс.

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлының жолдауын қоғамға кеңінен
насихаттау мақсатында «Жаңа Қазақстан» республикалық инновациялық орталығы
«ХХІ ҒАСЫР КӨШБАСШЫСЫ» және «ОРТА АЗИЯНЫҢ ҮЗДІК СТУДЕНТІ» атты
халықаралық байқаулар ұйымдастырды.

Байқауға Шымкент университетінің атынан білім алушылар қатысып, жүлделі орындарды иеленді!

6В04201- “Құқық” білім беру бағдарламасы, ҚҚ-123 тобының
2 курс студенті
Ермекбаева Асель

ҚҚ-123 тобының 2- курс студенті Арғынбек Нұрлыбек

ХҚ-124 тобының 1- курс студенті Жақсылық Балауса

Photos from Shymkent University's post 04/03/2025

Шымкент университетінің делегациясы “Ғылым және халықаралық қатынастар “ жөніндегі проректор б.ғ.д., профессор Исаева Ақмарал Өмірбековна бастаған топ А. Мицкевич атындағы Познань университетінің халықаралық қатынастар департаментінің директоры профессор Богуслава Леска және Познань университетінің профессоры Войцех Антковиак кездесті.
- Ондағы басты мақсат ғылым және білім беру саласында ынтымақтастық байланыс орнату.
- ⁠Екі жақты меморандум аясында білім ордаларында ғылыми зерттеулер жұмыстарын жүргізу, оқытушылар мен білім алушылар үшін академиялық ұтқырлық, тағылымдамадан өту мен халықаралық конференциялар ұйымдастыру мүмкіндіктерін қарастырды.
- ⁠Сонымен қатар Ополе университетінің Химия кафедрасының лаборатормясы мен танысып алдағы уақытта білім беру саласында озық тәжірибесі бар Шымкент университетімен ынтымақтастық орнату жаңа мүмкіндіктерге жол ашатынын жеткізді.
- ⁠Бұл халықаралық ынтымақтастық ғылым және білім беру жүйесін жаңа мүмкіндіктер береді.

04/03/2025

Жаратылыстану және гуманитарлық ғылымдар факультеті, Жаратылыстану ғылымдары кафедрасының аға оқытушысы Жошибекова Багила Съезбаевна «Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті» КеАҚ жанындағы 8D015 – Жаратылыстану пәндері бойынша педагогтарды даярлау «8D01504 – Биология» білім беру бағдарламасы философия докторы (PhD) дәрежесін беруге арналған Диссертациялық кеңесте «Генетика курсын оқыту барысында білім алушылардың зерттеу дағдыларын қалыптастыру» тақырыбына жазылған докторлық диссертациясын сәтті қорғап, PhD дәрежесін иеленді!                                                                                                                                                       Бұл жетістік – университетіміздің ғылыми әлеуетін арттырудағы маңызды қадам! Багила Съезбаевнаға ғылым жолында шығармашылық табыстар мен жетістіктер тілейміз!

Want your school to be the top-listed School/college in Shymkent?

Click here to claim your Sponsored Listing.

Location

Category

Telephone

Website

Address

Jibek Joly
Shymkent
160000