Шара басталмай тұрып, шетелден келген делегация БҰҰ моделі жайында және конференцияның оқушыларға берері жайлы ой бөлісті
Nazarbayev Intellectual school of Physics and Mathematics in Shymkent
Nazarbayev Intellectual School of Physics and Mathematics in Shymkent opened Feb. 16, 2013. To do this, all conditions. Akzhayik, st.
A new school in one of the largest regions of Kazakhstan became the ninth in a family of Nazarbayev Intellectual Schools and is intended to provide a qualitative growth of education, innovation in the learning process, training of teachers. The school building was designed in his own plan and is an object consisting of three floors , fourteen blocks for up to 720 people. The school offers full-day
24/12/2019
Шымкент қаласы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде 24-26 желтоқсан күндері халықаралық «NISIMUN» конференциясы өтуде. 3 күнге созылатын шараға шетелдік 10 делегация, Алматы, Ақтау, Петропавл, Тараз және Шымкент қаласынан барлығы 230 студенттер мен оқушылар қатысуда.
Конференция барысында «Бүкіләлемдік денсаулық сақтау ұйымы: мигранттар мен босқындардың денсаулығы», «Қауіпсіздік комитеті: Украинадағы қақтығыстар мен шешу жолдары», «Халық тығыз орналасқан елдерді азық-түлікпен қамтамасыз ету» жайында спикерлер өз ойларын ортаға салып, әлемдік өзекті мәселелерді талқылауда.
--------------------------------------------------------------------------------------------------------
24- декабря официально состоялось открытие международной конференции Модели ООН в НИШ ФМН г.Шымкент. Председатели и их ко-председатели выступили с речью перед делегатами и пожелали участникам удачи, а так же поделились своими впечатлениями о городе. Уже скоро участники проведут свою первую сессию
22/12/2019
Прием документов в НИШ осуществляется с 18.12.2019 по 31.01.2020. Для участия в конкурсном отборе претендент предоставляет в приемную комиссию следующие документы:
1) заявление на участие в конкурсе;
2) заполненная анкета;
3) копии свидетельства о рождении претендента, ИИН претендента, удостоверения личности претендента (в случае наличия), копия удостоверения личности законного представителя с указанием ИИН;
4) медицинская справка формы 086/у;
5) копия табеля успеваемости за предыдущий год обучения, предшествующий классу обучения в НИШ, за первое полугодие, в случае если претендент не закончил текущий учебный год и продолжает обучение. Требуемые документы должны быть заверены подписью руководителя и скреплены печатью соответствующей организации образования (примечание: в случае сдачи документов до окончания первого полугодия 6 класса сдается табель за 5 кл., после окончания первого полугодия 6 кл. сдается табель за первое полугодие 6 класса).
6) цифровая фотография претендента размером 3х4 см. в виде графического файла не более 1 МБ (мегабайт) или выполнить фотосъемку претендента в приемной комиссии при подаче документов.
7) Все указанные документы подшиваются в пластиковый скоросшиватель: красный скоросшиватель для казахских классов, синий скоросшиватель для русских классов7
Режим работы приемной комиссии:
С понедельника по субботу с 9.00 до 18.00, воскресенье с 10.00 до 15.00.
Время обеда: 12.30-13.30
Выходные дни: 31 декабря 2019 г. 1,2,3,7 января 2020 г.
20/12/2019
ҚҰРМЕТТІ АТА-АНАЛАР МЕН ОҚУШЫЛАР!
7-сыныпқа конкурстық іріктеу құжаттарын қабылдау басталғанын хабарлаймыз. Құжаттар 2020 жылдың 31-қаңтарына дейін қабылданады.
Зияткерлік мектепке түсуге іріктеу конкурсына қатысу үшін үміткер келесі құжаттарды тапсырады:
1) Конкурсқа қатысу үшін өтініш беру;
2) Сауалнама толтыру;
3) Үміткердің туу туралы куәлігінің көшірмесі, үміткер ЖСН, бар болған жағдайда жеке бас құжатының көшірмесі, заңды өкілінің ЖСН көрсетілген жеке куәлігінің көшірмесі;
4)086/у медициналық анықтама формасы;
5) Үміткердің соңғы оқу жылындағы үлгерімі мен тәртібінің, егер үміткер оқу жылын аяқтамаған жағдайда оқуын жалғастыратын болса оқы жылының I жарты жылдығындағы үлгерімі мен тәртібі туралы табелінің көшірмесі.
Талап етілген құжатттар оқитын мектеп басшысының қолымен расталып, тиісті білім беру ұйымының мөрімен бекітілу керек (Ескерту: құжаттарды 6-сыныптың 1-жарты жылдығы аяқталғанға дейін тапсырсаңыз 5-сыныптың табелі қабылданады. 6-сыныптың 1-жарты жылдығы аяқталған соң тапсырсаңыз 6-сыныптың 1-жарты жылдық табелі қабылданады).
6) Үміткердіңң графикалық файл түріндегі 1 МБ (мегабайт) кем емес көлемі 3х4 см. Цифрлы фотосуреті немесе үміткердің фототүсірілім құжат тапсыру кезінде қабылдау комиссиясында жасалынады.
7) Көрсетілген барлық құжаттар қазақ сыныбына қызыл түсті пластикалық тезтікпеге салынады. Орыс сыныбына көк түсті пластикалық тезтікпеге салынады.
Құжат қабылдау: Дүйсенбі-сенбі 9.00-ден 18.00-ге дейін, жексенбі күні 10.00-ден 15.00-ге дейін. Түскі үзіліс уақыты: 12.30-13.30. Демалыс күндері: 31 желтоқсан 2019 ж. 1,2,3,7 қаңтар 2020 ж.
12/12/2019
Таңғы асқа - "Ұшқан ұя" шығармасы, түскі асқа "Қорғансыздың күні" ..... Тапсырысқа тамақ емес, кітап беру..... Қызық па?
Әкелі-балалы болып, бірге қашан кітап оқыдыңыз? Ойланып қалдыңыз ба....
Бинго ұтыс ойынын ойнадыңыз. Алайда "BOOK BINGO" ойыны туралы білесіз бе?
Мектебімізде Тәуелсіздік күніне орай «Parents day» жобасы аясында 7-сынып ата – аналары мен оқушылары арасында ерекше «Үздік оқырман отбасы» атты іс -шара өтті.
Оқушылар мен ата-ана арасын одан әрі байланыстырып, тағы бір қадам жақындата түсетін шараның толық нұсқасын алдағы уақытта салатын боламыз.
Ал әзірге фотограф назарына іліккен ең қызықты, әсерлі , ерекше сәттерді тамашалай тұрыңыздар.
12/12/2019
ОЙЛЫ БОЛСАҢ, ТАУЫП КӨР!
Ойыңды ұнамды, өтімді жеткізгің келсе, мақал-мәтел жатта.
Сөздік қорыңды көбейткің келсе, мақал-мәтел жатта.
Ал зияткер оқушылар мақал-мәтелді тек жаттап ғана қоймай, өзара сынға түсті. Тәуелсіздік апталығы аясында өткізілген "Ата сөзі - тарихымның мұрасы" атты мақал-мәтел сайысына барлығы 20 -ға жуық оқушы қатысты. 4 кезеңнен тұратын жарыста үміткерлер жан-жақты, білімді, тапқыр, білімді екенін көрсете алды. Өйткені әр кезеңде түрлі берілген 2 минут ішінде тапсырмаларды орындап, оза шығу оңай болмады. Олар мақалдың жалғасын табу, тірек сөздер арқылы мақалдар құрастыру, мақал-мәтелдің мағынасын ашып, түсініктеме беру сынды кезеңдерден өтті.
Нәтижесінде барлық сұраққа мүдірмей жауап берген Өмірқұл Шүкіралла, Бүркітбаев Мейрамбек, Дүйсебай Нұрмұхамед, Сейтқали Дәурен жүлделі орыннан көрінді. Қазақ тілі пәнінің мұғалімдері ұйтқы болған шарада оқу, білім, достық сынды тақырыптағы нақыл сөздер қамтылды. Қазілар алқасы қатысушылардың сөздік қорын, шешендігін, жылдамдығы, көркемдегіш тәсілдерді қолдану әдістерін арқылы тақырыпты аша білу өнерін бағалап, өз бағаларын берді.
12/12/2019
ЗИЯТКЕРЛІК ОҚУШЫ ТАЯУ ШЫҒЫС ЕЛДЕРІ БОЙЫНША ҮЗДІК АТАНДЫ
Шымкент қаласы физика-математика бағытындағы НЗМ-нің оқушылары математикалық есептерді шешуде алдына жан салмады. 12-сынып оқушысы Дәуітбай Жәудір студенттер мен оқушылар арасында өткізілетін International Youth Math Challenge атты халықаралық байқауда оза шаптты. Қытай, Вьетнам, Бангладеш, Казахстан, Босния және Герцеговина, Нигерия, Пакистан, Бразилия, Руанда, Индия, Гонконг, Филиппин, Алжир, Египет сынды алпауыт елдер қатысқан конкурста ең үздік нәтиже көрсетіп, Reginal Award of Greater Middle East (Таяу шығыс аймағы бойынша) "Ең үздік" оқушы деген атаққа ие болды.
"Олимпиада 3 айға созылды. Алғашқы турда 7 тапсырманы орындасақ, екінші турда 40 балдық есептер жиынын 7 күнде шығарып, онлайн файл ретінде жібердік. Ал соңғы турда бізге 40 баллдық тестті 1 сағатта аяқтау керек болды. Біз бұл олимпиадаға өзіміздің математикалық білімімізді сынап,қандай жетістікке жете алатынымызды білу үшін және жетістіктерімізді толықтыру мақсатында қатыстық. Есептері өте күрделі. Сонымен қатар, біз әлі естімеген, таныс емес тапсырмалар көп кездесті. Десек те бұл олимпиада мен үшін көптеген жаңалықтар ашты және біз жаңа формулалармен, теориялармен есеп шығару әдістерімен таныстық. Және бізді дайындаған ұстаздарға алғыс айтамыз",- деп ойын білдірді Дәуітбай Жәудір.
Сондай-ақ, 3 айға созылған олимпиадада мектебіміздің 12-сынып оқушысы Исабек Мөлдір (жетекшісі Спарханова Гульмира Сапархуловна) мен 11-сынып оқушысы Бектемисов Нұрдәулет (жетекшісі Расулов Нодир Бахтиярович) ( IYMC) те жүлделі болды. Тек математика пәнінен өткізілетін жарыста 3 кезеңнен сүрінбей өткен қос оқушы, соңғы сынақта 40 тан 40 ұпай жинап, Gold Honour (Алтын мәртебе) дәрежесіне ие болды.
Спарханова Гульмира Сапархуловна - жетекші:
"IYMC халықаралық олимпиадасы жоғары дәрежелі конкурс болып табылады. Жарыстың ерекшелігі сол, оқушылардың креативтілігін, білімін, математикалық дағдыларын дамытады. Мектеп курсында қарастырылмайтын Мерзеннің жай сандары, Гольбах проблемасы, Ферманың соңғы теоремасы сынды тапсырмалар беріледі. тапсырманы орындау барысында қатысушылар ізденеді, салыстырады, есептерді шығарады, жан-жақты дамиды".
10/12/2019
КӘСІПКЕРЛІК САЛАҒА ҚЫЗЫҒУШЫЛЫҚ МЕКТЕП ҚАБЫРҒАСЫНАН БАСТАЛУДА
Бүгінде кәсіпкерлік -елімізде қарқындап дамып келе жатқан сала. Сондықтан оның негізін білсем деген жас өркендер талпынысы заңды да. "Ақылды бейсенбі" жобасының кезекті тақырыбы дәл осындай ниеттен туған. Шымкент қаласы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде өткен «Кәсіпкерлік сауаттылық - заман талабы» атты кездесуге«Zangar Group» ЖШС-нің жетекшісі және World Class» фитнес клубының директоры Абжанов Тұран Әлімханұлы қонақ болып келді.
Жас кәсіпкер алдымен өзі туралы ақпаратпен бөлісті. Ақшаны күреп тауып, мол табысқа кенеле қалсам дейтін бизнесмендердің әуелде түрлі қиындыққа тап болатынын, кедергілер мен қателіктерге жиі ұрынатынын да қадап айтты. Бұл кез келген өз кәсібімді ашамын деген жан қашып құтыла алмайтын дүниелер. Сондықтан өз ісін жүргізуде тек қалауы мен қаражат аздық етеді, ол үшін кәсіпкерлік сауаттылықты арттыру, білім, ізденіс керіктігіне де тоқталды.
Бір сағатқа созылған кездесуде Тұран Әлімханұлы мемлекет тарапынан көрсетіліп жатқан қолдау туралы да өз ойын білдірді. Бұл әсіресе, кәсіпті ерте жастан игерсем деген жастарға үлкен көмек. Мәселен, бүгінде мектеп бағдарламысына енгізіліп жатқан кәсіпкерлік сауаттылықты арттыру сабақтары -соның көрінісі әрі айғағы болмақ. Басқосуға жиналған оқушыларды да қызықтырған сауалдар сан алуан. Әсіресе кәсіпті неден және қалай бастау керек, алғашқы қадам мен қорқынышты жеңу сынды сұрақтар.
Бүгінгі кейіпкер жас толқын өкілдеріне өз ісін ашып, дамытуда бір орында тоқтап қалмай, заман талабына сай үнемі ізденіс үстінде жүру керек деп кеңесін берді.
Кәсіпкерліктің қыр-сырлары жөнінде құнды, пайдалы ақпаратпен , тәжірибесімен бөліскені үшін алғыс білдіреміз!
Ия, бүгінде жаскелең ұрпақтың ойы ұшқыр, идеясы бай. Алға қойған мақсаттары да үлкен. Тек соның айқын әрі нақты болуында мектеп қабырғасында өткізілетін осындай кездесулердің маңызы зор болмақ.
10/12/2019
ТАРИХ БЕТТЕРІН ПАРАҚТАУ
Тәуелсіздік күніне арналған апталық аясында оқушылар өткенге оралып, Қазақстан тарихын қайта ақтарып шықты. Олай дейтін себебіміз, "Қызыққа толы Қазақстан" атты тарихи мәдени іс-шарасы бірден бір еліміздегі елеулі оқиғаларға арналды. Мектебімізде тарих пәнінің мұғалімдері Гүлжан Тилеубаева мен Арман Қасымбеков ұйымдастырған білім сайысына 7-9 сынып оқушылары қатысты. Қатысушылар Тәуелсіздік жылдардағы елеулі оқиғаларға қатысты викториналық сұрақтарға жауап беру арқылы сынға түсті. Тарих беттерін ақтара отырып, өткенге көз жүгіртті. Болашақтың қалануы жолындағы кезең-кезеңдер бойынша ақпараттармен танысты. Байқоңыр ғарыш айлағы, ұлттық төл теңгеміз бен тарихи, туристік орындар жайлы қызықты ойындар мен логикалық тапсырмаларды жарыса орындады. Осылайша шара барысында белсенді оқушылар қабілет қарымын, білімділігін, логикалық ойлау шапшаңдығын да көрсете білді.
10/12/2019
ДОМБЫРАШЫЛАР ТАРТУЫ
Апта басы әдеттегіден өзгеше басталды. Сабаққа асыққан оқушылар мен мұғалімдерді кезекшілер емес, ертемен қолына домбырасын ұстаған бір топ күйшілер қарсы алды. Мектеп іші ә дегеннен-ақ домбыраның күмбірлеген әсерлі үніне толып кетті. Қаз-қатар тізілген домбырашылар 20 минут бойы "Келіншек", "Адай", Әлқисса", "Ерке сылқым", "Балдырауын" сынды бірнеше шығармаларды орындап берді. Тәуелсіздік күніне арналған апталық аясында ұйымдастырылған шараға 9-10 сынып оқушыларынан құралған күйшілер қатысты. Осылайша бір сәтте жиналған қауымды рухтандырып, әдемі көңіл-күй сыйлай білді.
Бұл Тәуелсіздік күніне арналған домбырашылар тартуы болатын.
10/12/2019
ТӘУЕЛСІЗДІК КҮНІНЕ АРНАЛҒАН МЕРЕКЕЛІК ШАРАЛАР
Шымкент қаласы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде Тәуелсіздік күніне арналған апталық басталды. Бір апта бойына білім ошағында түрлі бағыттағы іс-шаралара өткізіліп, барлық мұғалімдер мен оқушылар аталған шараларға жұмылдырылатын боады. Сонымен осы күндері білім ошағына бас сұға қалсаңыз, көптеген іс-шараларға куә боласыз. Сонымен сіздерді қадірлі қонақ болуға шақырамыз.
1. "Ұлы дала мұрагерлері" домбырашылар орындауындағы күй
2. "Қызыққа толы Қазақстан" тарихи мәдени іс-шарасы
3. "Тәуелсіз Қазақстанға саяхат" зияткерлік шығармашылық сайыс
4. "Үздік оқырман отбасы" байқауы
5. "Тұғыры биік Тәуелсіздік" мерекелік концерт
6. "Тәуелсіздікке тарту" тақырыбында википедияға мақала жүктеу
7. "Тәуелсіздік - киелі ұғым" тақырыбында әлеуметтік желілерде тарихи бейне байқау
8. "Ата сөзі - тарихымның мұрасы" тақырыбында мақал-мәтелдер сайысы
9."Кең байтақ Тәуелсіз қазақстан!" оқушылардың шығармашылық көрмесі
10. "Туған ел - тұнған шежіре" тақырыбында кураторлық сағаттар
Click here to claim your Sponsored Listing.
Location
Category
Contact the school
Telephone
Website
Address
Shymkent
160000
Opening Hours
| Monday | 08:00 - 18:00 |
| Tuesday | 08:00 - 18:00 |
| Wednesday | 08:00 - 18:00 |
| Thursday | 08:00 - 18:00 |
| Friday | 08:00 - 18:00 |