Жанат Балымбетова 58 жоббм қазақ тілі мен әдебиет бірлестігі

Жанат Балымбетова 58 жоббм қазақ тілі мен әдебиет бірлестігі

Share

Ұстаз болу -жүректің батырлығы, Ұстаз болу - сезімнің ақындығы.

Photos from Жанат Балымбетова 58 жоббм қазақ тілі мен әдебиет бірлестігі's post 05/03/2026

Қазақ тілі мен әдебиеті бірлестігінің ұстаздары.

Photos from Жанат Балымбетова 58 жоббм қазақ тілі мен әдебиет бірлестігі's post 05/03/2026

58 жалпы орта білім беретін мектебінде 04.03.2026 жыл "Пәндерді оқытуда ұлттық құндылақтарға негізделген заманауи әдіс-тәсілдер" тақырыбында қалалық тәжірибелік семинар өткізілді.
Семинарда қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Балабекова Индира Керимбековна қазақ тілі пәнінен 5"Ә"сыныбында “ Әке- балаға сыншы” тақырыбында ашық сабақ өтті. Сабақта топтық, жұптық, жеке жұмыстар жүргізілді. Сабақта ұлттық құндылыққа негізделген ЖИ әдістерімен жұмыстар жүргізілді. Оқушылар сабаққа белсене қатысып, өз пікірлерін , ойын еркін түрде жеткізе білді. Тақырыпты өмірмен байланыстыра отырып, мысалдар келтірді. Сабақ құрылымы оқу мақсатына сай құрылған, әр әдіс орынды қолданылынды.

Photos from Жанат Балымбетова 58 жоббм қазақ тілі мен әдебиет бірлестігі's post 05/03/2026

58 жалпы орта білім беретін мектебінде 04.03.2026жыл "Пәндерді оқытуда ұлттық құндылақтарға негізделген заманауи әдіс-тәсілдер"тақырыбында қалалық тәжірибелік семинар өткізілді.
Семинарда қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Айтуганова Алия қазақ әдебиеті пәнінен 10"Б"сыныбында Оразақын Асқардың"Шетте жүрген бауырластарға"өлеңіндегі кейіпкерлер әлемі тақырыбында ашық сабақ өтті.Сабақта топтық,жұптық,жеке жұмыстар жүргізілді.РАФТ стратегиясы,"Детектив"әдісі арқылы жұмыстар орындалып,ЖИ ,Gemini платформасы қолданылды.Оқушылар сабаққа белсене қатысып,өз пікірлерін ,ойын еркін түрде жеткізе білді.Тақырыпты өмірмен байланыстыра отырып,мысалдар келтірді.Сабақ құрылымы оқу мақсатына сай құрылған,әр әдіс орынды қолданылынды.

28/11/2025

No 58 жалпы білім беретін орта мектебінде “Кітап оқитын ұлт” жобасы аясында, “Кітап оқитын мектеп” бағыты бойынша 9-сынып оқушыларына ұсынылған 15 шығарманың төртеуі талқыланды.
Жүсіпбек Аймауытовтың “Ақбілек”, Зейнеп Ахметованың “Шуақты күндер”, Мұхтар Мағауиннің “Тазының өлімі”, Оралхан Бөкейдің “Қайдасың қасқа құлыным?” шығармалары талқыланды.
Оқушылар кітаптың мазмұны мен негізгі ойларын саралап, кейіпкер бейнесіне талдау жүргізді.
Бұл іс-шараның мақсаты:мұғалімдер мен оқушылар арасында кәсіби оқу мәдениетін қалыптастыру, сондай-аш оқырмандық қызығушылықты арттыру мен педагогикалық көзқарасты кеңейту.

Photos from Жанат Балымбетова 58 жоббм қазақ тілі мен әдебиет бірлестігі's post 28/11/2025

Қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарында функционалдық сауаттылықты арттыру жолдары
2025 жылдың 14 қараша күні қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Балабекова Индира семинар өтті.
Семинардың мақсаты:
мұғалімдердің функционалдық сауаттылығын арттыру арқылы оқушылардың алған білімдерін өмірлік жағдайларда тиімді қолдана білуіне жағдай жасау, пән мазмұнын өмірмен байланыстырудың тиімді әдіс-тәсілдерін меңгерту.
Семинар барысында:
• Пән мұғалімдерінің кәсіби шеберлігін жетілдіру, заманауи педагогикалық технологияларды тиімді қолдану, оқушыларды өмірлік дағдыларға бейімдеу бағытындағы жұмыстардың маңыздылығы атап өтілді;
• Өмірлік жағдаяттарға негізделген тапсырмалар ұсынылды;
• Функционалдық сауаттылықты дамытуда оқушының өз бетінше ойлау, шешім қабылдау және шығармашылық қабілеттерін қалыптастырудың рөлі айқындалды;
• Пән мазмұнын өмірмен ұштастыру мен заманауи оқыту технологияларын қолданудың тиімді жолдары талқыланды.
Семинар соңында қатысушылар функционалдық сауаттылықты дамыту – қазіргі заманғы білім берудің басты талабы екенін атап өтіп, өзара тәжірбие алмасып, тапсырмалар үлгілерін алды.

Photos from Жанат Балымбетова 58 жоббм қазақ тілі мен әдебиет бірлестігі's post 14/11/2025

58 жалпы орта мектебінде 10"Б"сыныбында қазақ әдебиеті пәнінен М.Сәрсекенің "Қаныш Сәтбаев"роман-эссесі кейіпкерлер даралығы тақырыбында ашық сабақ өтілді.Пән мұғалімі Айтуганова Алия Алимкуловна.Сабақта жасанды интеллект элементтері,FILA кестесі, "Аспалы шам"әдістері қолданылды.Оқушылар жеке,жұптық,топтық жұмыстар орындап,сабаққа белсене қатысты.Тақырып бойынша өздері ізденіп ,алып келген кейіпкерлерге қатысты қызықты мәліметтермен бөлісті.
Wordwall платформасы бойынша сұрақтарға ұтымды жауап берді.Оқушылар академик Қ.Сәтбаев туралы қызықты мәліметтер алып,ғалым салған жолмен жүргілері келетінін кері байланыс арқылы жеткізді.

Photos from Жанат Балымбетова 58 жоббм қазақ тілі мен әдебиет бірлестігі's post 14/11/2025

58 жалпы орта білім беретін мектебінде 7 “А” сыныбында қазақ тілі пәнінен “Сүйемін туған тілді -анам тілін” тақырыбында ашық сабақ өтілді.Пән мұғалімі:Байбатшаева Назым Қаржаубайқызы.
Сабақ барысында оқушылар ана тілінің қадір-қасиетін ұғына отырып,өз ойларын еркін жеткізе білді.Оқушылар жұптық және топтық жұмыстарға белсене қатысып,мәтінмен жұмыс ,талдау,пікір алмасу секілді тапсырмаларды орындады.Сабақта “Wordwal”,”Padlet”, “ Baamboozle” секілді жасанды интеллект ұтымды қолданылды.Сабақ өз деңгейінде өтті.Тақырып бойынша оқушылар сабақты толық меңгерді.

Photos from Жанат Балымбетова 58 жоббм қазақ тілі мен әдебиет бірлестігі's post 14/11/2025

58 жалпы орта білім беретін мектебінде 6 "Б" сыныбында қазақ әдебиеті пәнінен Поэзия сағаты .Абайдың "Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін " өлеңін мәнерлеп оқу тақырыбында ашық сабақ өткізілді. Пән мұғалімі:Рысбаева Индира Мамырбекқызы. Сабақтың әр кезеңі тиімді ұйымдастырылды.Оқушылардың сабаққа қызығушылығын өте жақсы белсенді, өз ойларын жақсы жеткізе алады, өлеңді мәнерлеп жатқа оқуда,нақышына келтіре орындады Мұғалім оқыту әдістерін тиімді пйдаланып, әдіс-тәсілдерді орнымен қолдана білді. Сабақ өз мақсатына жетті. Құнды сабақ болды.

Photos from Жанат Балымбетова 58 жоббм қазақ тілі мен әдебиет бірлестігі's post 14/11/2025

58 жалпы орта мектебінде 8”д” сыныбында қазақ тілі пәнінен “Қасқырмен айқасқан қойшы” тақырыбында ашық сабақ өтілді. Пән мұғалімі: Бекмурзаева Салтанат Нұржігітқызы. Сабақтың мақсаты нақтыланып,әр кезеңі тиімді ұйымдастырылды. Оқушылар белсенді қатысып, тапсырмаларды қызығушылықпен орындады.Мұғалім оқыту әдістерін дұрыс таңдап, жағымды атмосфера қалыптастырды. Жалпы сабақ жоғары деңгейде өтті және оқыту мақсатына толық жетті. Сабақ қорытындысы бойынша оқушылар тақырыпты толық меңгерді.

Photos from Жанат Балымбетова 58 жоббм қазақ тілі мен әдебиет бірлестігі's post 14/11/2025

N58 жалпы орта мектебінің 9”А” сыныбында қазақ әдебиеті пәнінен “Махамбет Өтемісұлы”Махамбеттің Баймағамбетке айтқаны” тақырында ашық сабақ өтілді. Пән мұғалімі:Балыметова Жанат Сағатқызы сабақты кезеңдер бойынша жүргізіп отырды. Оқушылар жеке, жұптық, топтық жұмыстарды белсене орындады. Жасанды интеллект элементтері қолданылды. Тапсырмаларды оқушылар қызыға орындады. Оқушыларға құндылықтар түсіндіріліп, патриоттық сезімдері арта түсті. Сабақ соңында кері байланыс жасалды.

Want your school to be the top-listed School/college in Shymkent?

Click here to claim your Sponsored Listing.

Location

Category

Website

Address

Алтынсарин/7
Shymkent
480013

Opening Hours

Monday 09:00 - 17:00
Tuesday 09:00 - 17:00
Wednesday 09:00 - 17:00
Thursday 09:00 - 17:00
Friday 09:00 - 17:00