ЮКМА

ЮКМА

Share

Южно-Казахстанская медицинская академия (ЮКМА)

Photos from ЮКМА's post 22/05/2026

Педиатрия мамандығы бойынша студенттер арасындағы республикалық олимпиада

22/05/2026

2026 жылғы 15–16 мамыр күндері Оңтүстік Қазақстан медицина академиясы ЖТД-2 кафедрасының интерн-дәрігерлері Самарқанд мемлекеттік медицина университеті базасында өткен «Фундаменталды, қолданбалы медицина мен фармация жетістіктері» атты Халықаралық студенттік 80-ші ғылыми-тәжірибелік конференцияға қатысты.

Конференцияға Башқұрт мемлекеттік медицина университеті, Н.Н. Бурденко атындағы Воронеж мемлекеттік медицина университеті, С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті және басқа да 47 жоғары оқу орнының білім алушылары мен жас ғалымдары қатысты.

Конференция қорытындысы бойынша:

🥇🏆 Тұрғынов М. — «Балалардағы интернетке тәуелділік» тақырыбындағы баяндамасы үшін I орын иеленді.

🥉🏆 Режеп Ә.Б. — «Энергетикалық сусындардың жүрек-қантамыр жүйесіне әсері» тақырыбындағы ғылыми жұмысы үшін III дәрежелі дипломмен марапатталды.

Ғылыми жетекшілері: ЖТД-2 кафедрасының меңгерушісі, м.ғ.д., профессор Досыбаева Г.Н., медицина ғылымдарының магистрі Тасқынова М.Ә. және Абдиева Б.М.

Халықаралық конференцияға қатысуға қолдау көрсеткен Академия ректоры Сейтжанова Жанна Серикжановнаға және интернатура деканы Кемелбеков Қанатжан Сауханбекұлына алғыс білдіреміз!

22/05/2026

Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Басшысының тапсырмасына сәйкес құқық бұзушылықтардың алдын алу, жастар арасында заңға бағынушылық мәдениетін қалыптастыру және жауапты мінез-құлықты насихаттау мақсатында морфофизиология кафедрасында студент жастар арасында «Мошенники 2» көркем фильмінің көрсетілімі ұйымдастырылды.

Көрсетілім барысында студенттерге интернет-алаяқтық, қаржылық қауіпсіздік, құқықтық сауаттылық және қоғамдағы алаяқ әрекеттердің алдын алу мәселелері түсіндірілді. Сонымен қатар, фильм мазмұны бойынша пікір алмасу өткізіліп, студенттерге заң талаптарын сақтау мен жауапты мінез-құлықтың маңыздылығы туралы ақпарат берілді.

Аталған іс-шара студенттердің құқықтық мәдениетін арттыруға, алаяқтық әрекеттерден сақтануға және қоғамдағы қауіпсіздік мәселелеріне бейжай қарамауға бағытталды.

22/05/2026

📍 Шымкент қалалық Жастар ресурстық орталығында «ҚАЙЫРЫМДЫ ІСТЕР УАҚЫТЫ – 2026» форумы аясында «Инклюзивті сүйемелдеудің пәнаралық моделі: медицина, білім беру және әлеуметтік қолдауды интеграциялау» атты тақырыпта халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтуде.
Конференция ерекше қажеттіліктері бар балаларды қолдау, оңалту, инклюзивті білім беру және медициналық-әлеуметтік сүйемелдеу бағыттарындағы заманауи тәсілдер мен халықаралық тәжірибені талқылауға арналған.
🏛 Іс-шараны ұйымдастырушылар:
🔹 «Ұлттық медициналық қауымдастық» РҚБ
🔹 ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің «Әлеуметтік қорғау саласын дамытудың ұлттық ғылыми орталығы»
🔹 Қазақстан Республикасындағы Россотрудничество өкілдігі
🔹 Оңтүстік Қазақстан медицина академиясы
🔹 Шымкент қаласының денсаулық сақтау басқармасы
👩⚕️👨🏫 Конференция барысында Қазақстан, Ресей және Қырғызстаннан келген жетекші мамандар, ғалымдар мен сарапшылар баяндама жасап, тәжірибелерімен бөлісуде.
📚 Пленарлық, практикалық және пәнаралық шешімдер сессияларында:
✔️ ерекше қажеттіліктері бар балаларды кешенді сүйемелдеу;
✔️ аутизм спектрінің бұзылыстары;
✔️ эпилепсиясы бар балаларды қолдау;
✔️ әлеум�

22/05/2026

🏥 Бүгін Оңтүстік Қазақстан медицина академиясында Педиатрия бойынша республикалық олимпиада өтуде.

👩‍⚕️👨‍⚕️ Олимпиаданың мақсаты – студенттердің педиатрия саласына деген қызығушылығын арттыру, клиникалық ойлау қабілетін дамыту, практикалық дағдыларын шыңдау және дарынды болашақ мамандарды анықтау.

📚 Олимпиадаға «Педиатрия» білім беру бағдарламасы бойынша білім алып жатқан 4–5 курс студенттері мен интерндер қатысуда. Әр команда 5 қатысушыдан құралған.

🎬 І кезең – «Мен-БІЗ командамыз» бейне-визитка байқауында командалар өздерінің оқу орындары мен қалаларын таныстырды.

📌 Олимпиада кезеңдері:
✅ II кезең – Тестілеу
✅ III кезең – «Клиникалық ситуациялық есептер» байқауы
✅ IV кезең – Практикалық дағдылар және визуализация байқауы
✅ V кезең – «Өз ойыны» интеллектуалдық сайысы

✨ Болашақ педиатрларға сәттілік тілейміз!
#ЮКМА #Педиатрия #РеспубликалықОлимпиада #Шымкент #Медицина БолашақДәрігер SKMA

22/05/2026

ЖАСТАР АРАСЫНДАҒЫ ДІНИ САУАТТЫЛЫҚ — ТҰРАҚТЫЛЫҚ КЕПІЛІ!
💼 Шымкент қаласының дін істері басқармасы «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен Оңтүстік Қазақстан медицина академиясының жатақханасында білім алушы жастардың қатысуымен маңызды кездесу өтті.
Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес ұйымдастырылған бұл шара жастар арасындағы діни экстремизм мен радикализмнің алдын алуға бағытталды.
✨ Іс-шараның негізгі мақсаттары:
• Білім алушылардың діни сауаттылығын арттыру және жат ағымдардан сақтандыру;
• Жастар арасында ұлттық және рухани құндылықтарды насихаттау;
• Интернет пен әлеуметтік желілердегі күмәнді діни ақпараттарды ажырата білу жолдарын түсіндіру.
Бұл өзекті тақырыптағы жиынға академиямыздың жастарымен қатар колледж білім алушылары да белсенді қатысты. Жатақхана қабырғасында еркін әрі ашық сұхбат форматында өткен кездесуде білім алушылар мамандарға өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, дәлелді жауаптар алды.

21/05/2026

Оңтүстік Қазақстан медицина академиясына Жамбыл облыстық денсаулық сақтау басқармасынан арнайы делегация келді. Қонақтар қатарында басқарма басшысы Назарбек Сержан Сәрсенбекұлы да болды.

Делегация мүшелері алдымен Оңтүстік Қазақстан медицина академиясының тыныс-тіршілігімен танысты. Қонақтар оқу орнының тарихынан сыр шертетін мұражайды аралап, академияның әр жылдардағы жетістіктері мен даму кезеңдеріне қанықты.

Сонымен қатар, делегация оқу корпустары мен зертханалық базаларды аралап көрді. Олар студенттерге жасалған жағдайлармен танысып, заманауи құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілген оқу кабинеттері мен зертханалардың мүмкіндіктеріне жоғары баға берді.

Кездесу барысында тараптар кәсіби білім мен тәжірибе алмасу, академиялық ұтқырлық бағдарламаларын дамыту және бірлескен ғылыми жобаларды жүзеге асыру бағытындағы өзара ынтымақтастықты нығайту мәселелерін талқылап, «Жамбыл облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі мен «ОҚМА» АҚ арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.

Бұл кездесу алдағы уақытта жүзеге асатын ірі жобалар мен ортақ жетістіктерге бастайтын маңызды қадам болмақ.

Want your school to be the top-listed School/college?

Telephone