Мемлекеттік басқару академиясының Шымкент қаласы бойынша филиалы

Мемлекеттік басқару академиясының Шымкент қаласы бойынша филиалы

Share

Филиал Академии государственного управления при През?

15/06/2023

✅️ Аналитикалық эссе жазу кезеңдерін білгіңіз келе ме?
❗️ Аналитикалық эссені бағалау критерийлері қандай?
🗓 Осы және өзге де сұрақтар бойынша 16 маусым күні сағат 12:30 Басқару институтының Э.ғ.к, профессоры Динара Кенесбаева тікелей эфирге шығады.
💬 Сұрақтарыңызды эфир барысында қоя аласыздар.

Photos from Мемлекеттік басқару академиясының Шымкент қаласы бойынша филиалы's post 29/03/2023

Қайырлы күн, достар!
🗓 Академия филиалында 27-31 наурыз аралығында 📌 «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы менеджмент комплаенс» атты біліктілігін арттыру семинары өтіп жатыр. Семинардың мақсаты: сыбайлас жемқорлыққа қатысты құқық бұзушылықтардың алдын алу бойынша қызмет тиімділігін арттыру үшін комплаенс-қызмет қызметкерлерінің кәсіби құзіреттіліктері мен практикалық дағдыларын дамыту.

💥 Сабақтарды Рысбаева Сауле Жаксыбаевна - Филиалдың Білім беру бағдарламаларын іске асыру және ілгерілету кабинетінің доценті, саяси ғылымдарының кандидаты; Сариева Жамиля Алиакпарқызы - Филиалдың Білім беру бағдарламаларын іске асыру және ілгерілету кабинетінің аға оқытушысы; Альжанова Жазира Салхановна - Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Шымкент қаласы бойынша департаментінің бас маманы; Кожахметова Гулжан Бектаевна - «Педагогика және психология» магистрі, тренер – коуч, практикалық психолог, кәсіби медиатор жүргізуде. 📚 Тыңдаушылар практикалық кейстерді талдап, топтық тапсырмаларды орындауда.

Photos from Мемлекеттік басқару академиясының Шымкент қаласы бойынша филиалы's post 15/03/2023

2023 жылғы 19 наурызда Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі мен мәслихатттары депутаттарының кезектен тыс сайлауын әзірлеу мен өткізу жөніндегі аумақтық, округтік, учаскелік сайлау комиссиялары мүшелерінің кәсіби құзыреттілік деңгейін арттыру мақсатында 13-15 наурыз күндері аралығында Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Шымкент қаласы бойынша филиалының ұйымдастыруымен «Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі мен мәслихаттар депутаттарын кезектен тыс сайлаудың ерекшеліктері: теория мен тәжірибе» тақырыбында семинар өтті.
Семинарды Шымкент қалалық аумақтық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары А.К.Мамытбеков пен Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Шымкент қаласы бойынша филиал директоры Ә.Ә.Нысанбаевтар ашып, қатысушыларға сәттілік тілей отырып, алдағы кезектен тыс сайлауды ұйымдастыру мен өткізу ерекшеліктеріне, Қазақстан Республикасының сайлау құқығы: даму үрдістері мен перспективаларына, алдағы кезектен тыс сайлауын ұйымдастыру мен өткізу ерекшеліктеріне тоқталды.
Семинарды Шымкент қалалық аумақтық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары А.К.Мамытбеков, Шымкент қалалық аумақтық сайлау комиссиясының мүшесі О.В. Сагумбекова, Шымкент қаласының Әл-Фараби аудандық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы М.М.Адилбаев және кәсіби медиатор Г.Б.Қожахметовалар жүргізді.
Кезектен тыс сайлауды ұйымдастыру және өткізу жөніндегі аумақтық, округтік, учаскелік сайлау комиссияларының 179 мүшесі қатысқан семинар барысында сайлау рәсімдерін ұйымдастыру кезінде қазақстандық сайлау заңнамасының қағидаттары мен нормаларын қолдануға, сайлау процесін және сайлау комиссияларының жұмысын ұйымдастыруда практикалық дағдыларды меңгеруге, сайлауды әзiрлеуге және өткiзуге байланысты құжаттардың құрамы мен мақсатын түсiнуге басымдық берілді.

Photos from Мемлекеттік басқару академиясының Шымкент қаласы бойынша филиалы's post 03/10/2022

2022 жылғы 3 қазан күні Академияның Шымкент қаласы бойынша филиалында «Шиеленістерді реттеу және этномедиация» тақырыбында 40 сағаттық біліктілігін арттыру семинары басталды.
Семинар барысында:
Шиеленістерді шешудің жолдары. Тұлға және конфликт;
Жасырын және туындаған қақтығыстар. Жанжалдың даму кезеңдері
Жанжалдарды басқарудың дағдылары мен әдістері. Шиеленістерді шешу технологиясы;
Шиеленістерді басқару процесі;
Этномедиация технологиялары. Этномедиация мәселелері этносаралық қатынастарды реттеуші функциясы ретінде;
Этно-саяси және діни-саяси айырмашылықтар.Келіссөз жүргізу дағдылары;
Этномедиацияның мәні. Этномедиация – қақтығыстарды шешу тәсілі;
Даулар мен жанжалдарды шешу технологиясы. Жергілікті этникалық қақтығыстардың себептері;
Топ мүшелерінің мінез-құлқының жеке стилін талдау және жанжал жағдайында туындайтын проблемаларды шешуге арналған ұсыныстар.
Семинарды жүргізушілер:
Жакупов Жандильда Ажигалиевич – «Келіссөз, медиация және құқық орталығы» ЖШС-ң бизнес-тренері;
Кожахметова Гулжан Бектаевна – Педагогика және психология магистрі, лектор, тренер - коуч, практикалық психолог, кәсіби медиатор;
Елибаева Айгуль Сыдиковна - "Даму" жастар қоғамдық бірлестігінің төрайымы, заңгер, құқық магистрі, медиатор;
Рысбаева Сауле Жаксыбаевна - Филиалдың Білім беру бағдарламаларын іске асыру және ілгерілету кабинетінің доценті, саяси ғылымдарының кандидаты;

Photos from Мемлекеттік басқару академиясының Шымкент қаласы бойынша филиалы's post 03/10/2022

Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Шымкент қаласы бойынша филиалында 2022 жылдың 03-21 қазан аралығында «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметіне алғаш кірген мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлау курсы басталды.
Мемлекеттік қызметке алғаш кірген жас мемлекеттік қызметкерлер үш апта бойы келесідей модульдік бағдарламалар бойынша оқытылады:
▶ стратегиялық ойлау;
▶ болашақ құзыреттіліктер;
▶ тиімді коммуникациялар.
Оқу жоспары:
 Курстың ашылуы;
 Тиімді коммуникация дағдылары;
 Жобалық менеджмент;
 Жобалық жұмыс бойынша co-teaching;
 Эмоцияналды интеллект;
 Практикалық талдау;
 Мемлекеттік басқарудағы цифрлық технологиялар;
 Мотивациялық кездесу;
 Креативтілік және инновациялар;
 Стратегиялық менеджмент;
 Коучинг;
 Ресми мәтін және жазылым дағдылары;
 Этика және парасаттылық;
 Тестілеу;
 Жобалық жұмысты қорғау.
Курс аяқталғаннан кейін, мемлекеттік қызметшілер өз жобаларын қорғайды.
Оларға оқуда, қызметте табыс және мемлекеттік қызметшінің жұмыс тиімділігін арттыру бойынша құзыреттіліктерін одан әрі дамытуды тілейміз!

Photos from Мемлекеттік басқару академиясының Шымкент қаласы бойынша филиалы's post 28/09/2022

2022 жылдың 28 қыркүйегінде Шымкент қаласы әкімдігінің мәжіліс залында Шымкент қаласы мәслихатының депутаттарына сертификаттар табысталды. «Мәслихаттардың рөлі мен әлеуетін күшейтудің заманауи тәсілдері» тақырыбында өткен семинар академияның Шымкент қаласы бойынша филиалында ағымдағы жылдың 15-19 тамыз және 19-23 қыркүйек аралығында ұйымдастырылған болатын.
Сертификаттарды Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істер агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаментінің басшысы Әли Амантайұлы Көмекбаев және Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы мемлекеттік басқару академиясының Шымкент қаласы бойынша филиалының директоры Әділет Әділбекұлы Нысанбаев табыстады.

Photos from Мемлекеттік басқару академиясының Шымкент қаласы бойынша филиалы's post 23/09/2022

Құрметті достар!!!
Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Шымкент қаласы бойынша филиалында 2022 жылдың 5 қыркүйегі мен 23 қыркүйегі аралығында «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметіне алғаш кірген мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлау курсы аяқталуда.
Курсты жүргізген тренерлер:

РЫСБАЕВА САУЛЕ ЖАҚСЫБАЕВНА- Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы мемлекеттік басқару академиясының Шымкент қаласы бойынша филиалының доценті;
САРИЕВА ЖАМИЛЯ АЛИАКПАРОВНА- Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы мемлекеттік басқару академиясының Шымкент қаласы бойынша филиалының аға оқытушысы;
АЛЬЖАНОВА ЖАЗИРА САЛХАНОВНА – ҚР сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Шымкент қаласы бойынша департаментінің бас маманы, құқық магистрі;
КАИПНАЗАРОВА КУРАЛАЙ ТУРЕГАЗЫЕВНА - Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаментінің бас маманы;
МАЖИНБЕКОВ САКЕН АРАЛБАЕВИЧ - М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің саясаттану кафедрасының доценті;
РАЕВА АЯНАЙ МҰХИТҚЫЗЫ - Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаменті басшысының орынбасары.
ЕСЕНОВ МАҚСАТ КЕНЖЕТАЙҰЛЫ - А.Куатбеков атындағы Халықтар достығы университетінің Компьютерлік технологиялар орталығының басшысы.

Photos from Мемлекеттік басқару академиясының Шымкент қаласы бойынша филиалы's post 23/09/2022

МӘСЛИХАТ ДЕПУТАТТАРЫНА АРНАЛҒАН СЕМИНАР ӨТУДЕ

Академияның Шымкент қаласы бойынша филиалында 2022 жылғы 19-23 қыркүйек аралығында жоспарланған «Мәслихаттардың рөлі мен әлеуетін күшейтудің заманауи тәсілдері» тақырыбындағы семинары өтуде.
Семинардың мақсаты:

Жаңа сын-қатерлер мен уақыт шындығы жағдайында тиімді қызмет ету үшін барлық деңгейдегі депутаттардың кәсіби құзыреттері мен практикалық дағдыларын арттыру.
Семинар барысында талқыланатын тақырыптар:
- Заң шығару қызметі;
- Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің жаңа архитектурасы;
- Тиімді депутаттық қызметті ұйымдастыру;
- Бюджеттік процеске қолданылатын заманауи тәсілдер;
- Ресми іскерлік, публицистикалық жазылым дағдылары;
- Көпшілік алдында сөз сөйлеу дағдылары. Тиімді коммуникациялар;
- Мәслихат депутаттарының сайлаушылармен өзара іс-қимылы;
- Әлеуметтік медиадағы коммуникациялық менеджмент.

Семинарды жүргізетіндер:
РЫСБАЕВА САУЛЕ ЖАҚСЫБАЕВНА- Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы мемлекеттік басқару академиясының Шымкент қаласы бойынша филиалының доценті
АДИЛБАЕВ МЕЛДЕБЕК МЫРЗАЕВИЧ – Шымкент қаласының Әл-Фараби аудандық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы
КЕМЕЛОВ МҰХИТ АБУТАЛИПОВИЧ - Шымкент қаласының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы басшысының орынбасары;
АБИЛЬДАЕВА ЭЛЬМИРА АЛИМБАЕВНА - Шымкент қаласының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы басқармасының кірістер және бюджеттік жоспарлау мониторгілеу бөлімінің басшысы;
КОЖАХМЕТОВА ГУЛЖАН БЕКТАЕВНА ­­­­– «Педагогика және психология» магистрі, тренер – коуч, практикалық психолог, кәсіби медиатор.
АЛЬЖАНОВА ЖАЗИРА САЛХАНОВНА – ҚР сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Шымкент қаласы бойынша департаментінің бас маманы, құқық магистрі;

Photos from Мемлекеттік басқару академиясының Шымкент қаласы бойынша филиалы's post 22/09/2022

Бүгін Шымкент қаласының Өңірлік коммуникациялық қызметінде Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Шымкент қаласы бойынша филиалының директоры Нысанбаев Әділет Әділбекұлының қатысуымен брифинг өтті. Онда Филиалдың биылғы жылдағы 8 айында атқарылған жұмыстары жайлы ақпарат берілді.

Аталған мерзімде 5 қайта даярлау курстары мен 19 семинар жоспарланған. Жоспардан тыс тапсырыстардың негізінде жыл басынан қыркүйек айына дейін 5 қайта даярлау курстары мен 31 біліктілікті арттыру семинарлары өтіп, нәтижесінде 660 мемлекеттік қызметші оқытудан өтті.

Сондай-ақ, Президенттің жобалық менеджментті оңтайлы және жедел түрде мемлекеттік қызметке ендіру тапсырмасына сәйкес, Жобалық менеджмент: ҚР СТ ISO 21500-2014 сертификаттауына дайындық бойынша Шымкент қаласындағы жергілікті атқарушы органдардан 56 мемлекеттік қызметші оқытудан өтті, оның 26-ы сертификатталды.

Сонымен қатар, қайта даярлау курсына қатысушылар оқыту барысында өз салаларына байланысты Жоба қорғайды. Ағымдағы жылдың 8 айында Филиал тыңдаушылары 30 жоба әзірледі. Жобаларды өз тарапымыздан Шымкент қаласы әкімдігінің «Жобалық Кеңсесіне» іске асыруға ұсынып отырылады.

Мемлекет басшысының «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» Жолдауын іске асыру мақсатында Академия филиалы мемлекеттік қызметшілердің әлеуеті мен кәсіби деңгейін арттыру бағытындағы жұмыстарын жалғастыруда.

Photos from Мемлекеттік басқару академиясының Шымкент қаласы бойынша филиалы's post 13/09/2022

Бүгін, 2022 жылдың 12 қыркүйек күні Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Шымкент қаласы бойынша филиалында «Кешенді міндеттерді орындауға бейімделген көшбасшылық» тақырыбында 40 сағаттық біліктілігін арттыру семинары басталды.
Мемлекеттік басқарудағы адаптивті көшбасшылық және оның жаһандық сын-қатерлерге қарсы рөлі;
Трансформациялық көшбасшылық, заманауи көшбасшының негізгі құзыреттіліктері. Бейімделуші көшбасшының ерекшеліктері қандай?
Ресми жазылым;
Коучинг пен тәлімгерлік мемлекеттік қызметшілердің мәдениетін қалыптастыру құралы;
Белгісіздік жағдайындағы сабырлылық және болжамды нұсқаулар бойынша шешім қабылдаудағы эмоционалды интеллект;
Күрделі бейімделгіш көшбасшылық дағдыларды дамытудың жеке жоспарларын құру;
• Бейімделуші көшбасшының ерекшеліктері қандай?;
• Белгісіздік жағдайында өзгерістер мен тұрақсыздықты басқару;
• Жүйелі ойлау;
• Практикалық жағдайларды талдау.
Тыңдаушыларымызға сәттілік тілейміз!!!

02/09/2022
Want your school to be the top-listed School/college in Shymkent?

Click here to claim your Sponsored Listing.

Location

Telephone

Address

Shymkent
160000