16/12/2022
Ұлттық қасиетіміз бен Ұлттық құндылықтарымызды ұлықтап, Ұлттық намысымызды оятқан, әлемге қазақты азаттық сүйгіш, рухы биік, намысы берік халық ретінде жариялаған Тәуелсіздік күні құтты болсын!
Тәуелсіздігіміз мәңгі болсын!
06/12/2022
АҒАСЫ БАРДЫҢ ЖАҒАСЫ БАР
🔸
Желтоқсан айының 6 күні, 22 жыл бұрын ұшқан ұямыз Дарынды балалар мектеп-интернатына келіп, оқушылармен кездесу болды.
🔸
Қазіргі таңда бұл білім ордасы N1 Дарынды балалар лицейі болып аталады.
🔸
Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Еділ ағайдың ұйымдастыруымен өткен бұл кеште аға буын болып, ақыл- кеңесімізбен, көрген-түйгенімізбен бөлістік.
🔸
Атап айтар болсақ қаламыздың айтулы кәсіпкері, аталмыш лицейдің қамқоршылар кеңесінің құрамындағы Қорғанбаев Оңласбек мырза Бизнес саласы бойынша, Түркістан облысы Қазпочта мекемесінің директорының орынбасары Молдиев Омархан мырза Қаржылық сауаттылық туралы және тәжірибелі кәсіпкер Орынбасаров Арман мырза достық, сыйластық жөнінде әңгіме қозғады.
🔸
Ал өзіміз кешті IT бойынша жалғастырып .academy жасап жатқан дүниелерін көрсете отырып қорытындыладық.
🔸
Осылай өскелең ұрпаққа сәттілік тілеп кешімізді атқарып қайттық.
_______________________________
.academy #дарындыжастар .education
02/12/2022
Елімізде цифрлық серпіліс бағытында көптеген көз қуантарлық жобалар іске асуда.
🔸
🔸
Солардың бірі, өзіміздің, Шымқаламызда алғашқылардың қатарында, өз үлесін қосып жатқан ұйым - .academy -сы.
🔸
🔸
Аталмыш орталық 18-45 жас аралығындағы білім алушыларға 2D-3D анимациялау және GameDev (видео ойындарды құрастыру) бағытында курс жүргізуде.
🔸
🔸
Бүгін Sifro academy орталығымыздың қонағы болып Шымқаламыздың алдыңғы қатарлы мектептерінің бірі it лицей ұжымы қонақта болды. Лицей Республикалық және Халықаралық IT байқауларда алдыңғы орындарды иемденіп келеді.
🔸
🔸
Қонақтарға Sifro академиясының негізін қалаушылар мырза мен мырза Академия жайлы, курс жайлы және Қазақстанды IT әлеміндегі жетістікке қалай жетуі туралы озық ойларымен бөлісті.
🔸
🔸
Кездесу жоғары деңгейде өтті. Екі жақ алдағы уақытта бірлесіп жұмыс жасауға келісім білдіріп, Білімді жастардың көбейуіне септігін тигізетін жобалардың алғышарттарын бастады жасады.
БӘРІМІЗГЕ СӘТТІЛІК❗
______________________________
.academy #шымкенткурсы #2д3данимация
31/10/2022
Болашақ мұғалімдерге мектепте, оқу орындарында "Жоба жасау арқылы сабақ беру" курсын өтуге дайынбыз