22/12/2022
with .repost
・・・
Құрметті ата-аналар, әріптестер!
🎄Жаңа-жыл мерекелік іс-шарасы туралы түрлі сауалдар мен ұсыныстар келіп түсуде. 🌲🌲🌲🌲🌲Дегенмен, ортақ бекітілген стандарттың бар екенін естеріңізге саламын. Бұл өте маңызды!
❗️❗️❗️❗️❗️❗️
✅Мектепке дейінгі және орта білім беру мекемелерінде жаңа жылдық іс-шаралар қауіпсіздік ережелерін толығымен сақтай отыра, білім мекемесінің қабырғасында ұйымдастырылады.
✅Мереке қарсаңында
ата-аналардан түрлі мақсатта ақша жинауға;
✅Аниматорлар мен мерекелік агенттіктерді ақылы негізде жаңа жылдық кешке шақыруға;
✅Пиротехникалық құралдарды пайдалануға;
✅Өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзуға;
✅Кафе, мейрамханаларда, ойын-сауық орталықтарында мерекелік іс-шараларды өткізуге ТИЫМ САЛЫНАДЫ.
🎄Жаңа жылдық шыршаның негізгі мақсаты оқушылар арасында достық қарым-қатынасты нығайту, адамгершілік құндылықтарды қалыптастыру болып табылады.
Құрметті ата-ана! Егерде сіз, қандай да бір мекемеде жоғарыдағы заңдылықтардың бұзылғанынан хабардар болсаңыз міндетті түрде басқармаға хабар берулеріңізді сұраймын! Жеке номерім: 87023532248 2. КОЛЛ орталығы : 87252 394926 3. Пресс секретарь: 87072909598
27/10/2022
3-ші үміткеріміз🤩
Серік Айша Маратқызы😍
14-жаста.”Sun School” мектебінің 8 “А” сынып оқушысы😊
✅Мақсаты: Ең алдымен тәртіп. Тәртіп жоқ болмаса білімде, оқуда, ұйымшылдықта, тіпті жетістіктерде болмайды.
Оқушылардың білімге деген қызығушылықтарын арта отырып, күнделікті сабақтардың қызық өтуіне үлесімді қосамын.
26/10/2022
.school.shym мектебінің президенті кім болады?🤩
28 қазан біз үшін өте маңызды күн!
Себебі дәл осы күні мектебіміздегі алғашқы президентті анықтаймыз!😍
Үміткерлер дәл қазір бар өнерін салуда. Сайлауға 7-8 сынып оқушылары арасында 3 оқушы қатысады.
Сайлауға оқушылар мен мұғалімдердің әрқайсысы және де ата-аналар онлайн дауыс бере алады🥳
Сондықтан мектепте арнайы бұрыш әзірленіп, үміткерлер туралы ақпарат пен сайлау жәшігі қойылды.
28-қазан күні дауыстар саналып, үміткерлердің өз
позициясын қаншалықты қорғай алғанына анализ жасалады.
28-қазан күні МЕКТЕП ПРЕЗИДЕНТІ кім болғаны жарияланады! Асыға күтудеміз!😊
Сіз кімге дауыс берер едініз? 🤗👇
11/10/2022
🎓Білікті баланы білімді маман тәрбиелейді...
🔰Бүгінде қоғам алдында ұлттық сана-сезім қалыптасқан ұрпақ тәрбиелеу міндеті тұр. Баланы үнемі әдептілікке баулып, оларды дұрыс жолға бағыттау, білімге деген
құлшынысын арттыру - заман талабы. Заманға лайық
тәрбие, білім беру жаңа технологияларды, тың идеялар
мен шығармашылық, инновациялық жаңашылдықты
қажет етеді.
🔰Жаңа технологияларды пайдалану негізінде педагог төмендегідей натижелерге қол жеткізеді:
✅Балаға жүйелі тапсырма беруге ұмтылады.
✅Баланың жан-жақты қасиеттерін байқай алады.
✅Өзін бағыт сілтеуші ретінде сезінеді.
✅Баланың еңбегін бағалай алады.
✅Оқыту барысында барлық баланы қамтуға ұмтылады.
✅Баланы өз пікірін айта білуге уйретеді.
✅Шығармашылық, қабілеттерін ашуға жағдай жасайды.
Сіздердің ойларыңыз бойынша заман талабына сай мұғалім қандай болу керек❓Ойларыңызды жаза кетіңіздер⬇️