akmechit

akmechit

Share

Contact information, map and directions, contact form, opening hours, services, ratings, photos, videos and announcements from akmechit, Education, Qyzylorda.

Photos from akmechit's post 31/03/2023

📚 Кәсіби бағдар беру тобы Әли Мүсілімов атындағы № 101 мектеп-лицейі оқушыларымен кездесу өткізді.

05/03/2023

Шуақты да жарқын 8 наурыз мерекесімен! Көктемгі мереке барлық ауыртпалықтарды артта қалдырып, керемет көңіл-күй сыйласын💐

Мерекеге орай «Анашым, бір өзіңсің табынарым» атты салтанатты кешіміз 6 наурыз күні сағат 14:30-да бастау алмақ💐

Сіздерді гүлдей құлпырған нәзік жандыларымызға арналған мерекелік іс-шарамызда күтеміз💐

Photos from akmechit's post 13/02/2023

🪶9 ақпан Мұқағали Мақатаевтың туған күні.

🪶Қазақ поэзиясында үлкен қолтаңба қалдырған Мақатаевтың өлеңдерін білмейтін қазақ жоқ шығар, сірә?!

🪶Ақынның туған күні қарсаңында назарларыңызға
интеллектуалды сайысымыз.

📜Студенттеріміз ақиық ақынымыздың өмірбаяны жайлы толық зерттеп,сайысқа түсіп, жүлделі орындарға иеленді.

Photos 20/07/2020

"Ақмешіт" гуманитарлық-техникалық институтының онлайн қабылдау комиссиясы

Photos from akmechit's post 09/07/2020

«Ақмешіт» гуманитарлық-техникалық институтының түлектері виртуалды форматта дипломдарын алды

COVID-19 пандемиясына байланысты «Ақмешіт» гуманитарлық-техникалық институтының биылғы түлектері дипломды виртуалды форматта алды. Салтанатты рәсімнің виртуалды форматы студенттерге диплом алуға, туыстарымен және достарымен қуанышты оқиғамен бөлісуге, пандемияға қарамастан, өздерінің мансаптық жолын бастауға немесе оқуларын жалғастыруға мүмкіндік берді.
Интернет байланысы арқылы өткен салтанатты шараға институтты тәмамдаған 600-ге жуық студент қатысты. Жоғарғы оқу орын басшылығы мен профессорлық-оқытушылық құрамның құттықтауынан кейін түлектердің тізімі оқылып, экраннан сканерленген дипломдардың электронды нұсқасы көрсетілді.
Сонымен қатар, институтымыздың ғылыми, тәрбие және қоғамдық жұмыстарына белсенді араласып, оқу орнының абыройын асқақтатудағы қосқан үлесі үшін бірқатар білім алушылар және олардың ата-аналары институт ректорының алғыс хатымен марапатталып, бітіруші түлектер мен ата-аналар ұстаздар қауымына алғыстарын айтты. @ Kyzylorda

Photos 03/06/2020
03/06/2020

"Ақмешіт" институты - білімді жастар мекені!

Photos from akmechit's post 03/06/2020

2020 жылдың 3 маусымында сағат 15.00-де ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің жанындағы "Саналы ұрпақ" жобалық кеңсесінің басшысы Қ.Токушевтің қатысуымен, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мақсатында республика көлемінде ЖОО-ның ректорларының және басшы құрамының қатысуымен онлайн форматында семинар өткізілді.

Photos 08/05/2020

Құрметті отандастар!
Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 75 жылдығымен шын жүректен құттықтаймыз!
Жеңіс күні бәріміз үшін айрықша қымбат, қасиетті мереке. Біз ержүрек аға буынның алдында мәңгі қарыздармыз. Бүгінгі ұрпақ аға буын - ардагерлер танытқан қаһармандық пен қайсарлықтан үлгі алып, бой түзейді. Осынау ерлікке толы күн тарихымыздың мәңгілік ұмытылмас парағы болып қала бермек.
Қадірлі соғыс ардагерлері мен тыл еңбеккерлері, отандастар, сіздерді Ұлы Жеңіс мерекесімен құттықтай отырып, зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, бейбіт өмір, отбасыларыңызға бақ-береке тілейміз!

Want your school to be the top-listed School/college in Qyzylorda?

Click here to claim your Sponsored Listing.

Location

Category

Website

Address

Qyzylorda