10/06/2026
10 маусым күні Алматы қаласында Ислам азық-түлік қауіпсіздігі ұйымы (ИАТҚҰ) Атқарушы кеңесінің 17-отырысы аясында Қазақстан Республикасының ИАТҚҰ-ның 7-Бас Ассамблеясына төрағалығы кезеңінде ұсынған бастамаларын ілгерілетуге арналған дөңгелек үстел өтті.
М. Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университеті Агроқұзыреттер орталығын өсімдік шаруашылығы бойынша ғылыми үйлестіруші, биология ғылымдарының кандидаты Сәуле Мусурова таныстырды.
Талқылау барысында ИЫҰ-ға мүше мемлекеттердің ұзақ мерзімді азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етудің негізгі құралдарының бірі болып саналатын ИАТҚҰ Халықаралық генбанкін құру бастамасы қарастырылды. Осы орайда Агроқұзыреттер орталығы келесі ұсыныстарын ұсынды: СҚУ жанындағы функционалдық геномика және биоинформатика халықаралық мектебі базасында геномдық білім беруді дамыту және секвенирлеуді қолдау, генбанктер саласындағы үздік тәжірибелермен алмасу үшін жетекші халықаралық институттармен әріптестік орнату, сондай-ақ Қазақстанның бірегей түрлерінің геномикасына бағытталған «Ұлттық қазыналар» жобасының тәжірибесін ИЫҰ аясындағы жануарлардың генетикалық ресурстарын сақтау жөніндегі кең ауқымды күн тәртібіне енгізу. Бұл бастамаға Катар тарапынан қолдау көрсетілуде.
Агроқұзыреттер орталығының ұсыныстары жол картасы түрінде рәсімделіп, Халықаралық генбанк бойынша қорытынды ұсыныстар пакетіне енгізу мүмкіндігін қарастыру үшін ИАТҚҰ-ға жолданатын болады.
Азық-түлік қауіпсіздігі қалпына келтіру мүмкін емес құндылықтарды – біздің дақылдарымыз бен түрлеріміздің генетикалық алуан түрлілігін сақтаудан басталады. Генбанк – өткеннің жай ғана мұрағаты емес. Ол бүкіл ислам әлемінің болашақ ауыл шаруашылығының берік іргетасы.
——————
10 июня в Алматы, в рамках 17-го заседания Исполнительного совета Исламской организации по продовольственной безопасности (ИОПБ), состоялся Круглый стол по продвижению инициатив, выдвинутых Республикой Казахстан в период председательства на 7-й Генеральной Ассамблее ИОПБ.
Центр агрокомпетенций СКУ им. М. Козыбаева был представлен научным координатором по растениеводству, к.б.н. Сауле Мусуровой.
В ходе обсуждения инициативы по созданию Международного генбанка ИОПБ - одного из ключевых инструментов обеспечения долгосрочной продовольственной безопасности государств-членов ОИС - были представлены предложения от Центра агрокомпетенций: развитие геномного обучения и поддержки секвенирования на базе Международной школы функциональной геномики и биоинформатики СКУ, выстраивание партнёрства с ведущими международными институтами для обмена лучшими практиками в области работы генбанков, а также включение опыта проекта «Национальные достояния» - с акцентом на геномику уникальных видов Казахстана - в более широкую повестку сохранения генетических ресурсов животных в рамках ОИС. Инициатива пользуется поддержкой со стороны Катара.
Предложения Центра агрокомпетенций будут оформлены в виде дорожной карты и поданы на рассмотрение ИОПБ для возможного включения в итоговый пакет предложений по Международному генбанку.
Продовольственная безопасность начинается с сохранения того, что нельзя восстановить - генетического разнообразия наших культур и видов. Генбанк - это не просто архив прошлого. Это фундамент сельского хозяйства будущего для всего исламского мира
29/05/2026
16/05/2026
11/04/2026
03/04/2026