Кафедра Журналистики Kozybayev University

Кафедра Журналистики Kozybayev University

Share

Рады приветствовать вас на странице кафедры «Журналис

Photos from Кафедра Журналистики Kozybayev University's post 10/02/2026

Новые перспективы новой Конституции!

Photos from Kozybayev University's post 10/02/2026
01/02/2026

Профессорско-преподавательский состав кафедры "Журналистика и социальные науки" отмечает, что обновленный текст Основного закона знаменует собой фундаментальную смену государственной парадигмы. Для нас, как для представителей академического сообщества и исследователей социальных процессов, принципиально важны следующие векторы развития:
1. Интеллектуальный суверенитет вместо ресурсного
Центральной идеей Конституции провозглашены образование, наука, культура и инновации. Этот тектонический сдвиг в государственном планировании подчеркивает: жизнеспособность и конкурентоспособность страны в XXI веке зависят не от объема экспорта природных ископаемых, а от человеческого капитала. Будущее государства теперь официально измеряется не тоннами добытых ресурсов, а созидательным потенциалом и достижениями его граждан.
2. Цифровой императив и защита личности
Как специалисты в области коммуникаций, мы особо выделяем линию цифровизации. Впервые в истории национального права на конституционном уровне закреплены гарантии защиты прав человека в цифровой среде. В эпоху информационной прозрачности и больших данных это создает необходимый правовой щит для личных границ и достоинства каждого гражданина в виртуальном пространстве.
3. Антропоцентризм как смысловой стержень
Ключевой чертой новой редакции стала безусловная ориентация на права человека. Гуманистические ценности теперь не просто задекларированы в Преамбуле, но интегрированы в качестве главного смыслового стержня всей структуры документа. Права и свободы личности признаны высшим приоритетом, определяющим логику всех остальных институтов власти.
Для кафедры «Журналистика и социальные науки» данные изменения являются мощным сигналом к модернизации образовательных программ. Мы видим свою задачу в подготовке специалистов, способных работать в этой новой системе координат, где интеллект, этика и правовая защищенность в цифровом мире становятся основой национального прогресса.

07/11/2025

#графдизайн

ChatGPT и Coursera развивают цифровое образование в Казахстане
Казахстан подписал соглашения с Coursera, OpenAI, Arizona State University и Colorado School of Mines на сумму $50 млн. Совместные проекты включают создание технического университета в Улытау, развитие программ двойных дипломов и внедрение платформы ChatGPT Education для цифровизации обучения.

Photos from Кафедра Журналистики Kozybayev University's post 15/08/2025

Lecture-Meeting (лекции-встречи) с ведущими отечественными и зарубежными учеными-археологами «Открытия прошлого, изменившие историю», посвященные Международному Дню археолога прошли в СКУ им. М. Козыбаева. Профессорско-преподавательский состав факультета Истории, экономики и права встретился с ведущими учёными известными в мировом научном сообществе. О становлении этой значимой для истории сферы исследований в международном пространстве говорили мэтры глобальной Археологии: Самашев Зайнолла Самашевич - Доктор исторических наук, заслуженный деятель Республики Казахстан, член-корреспондент Германского института археологии (Астана, Казахстан); Таиров Александр Дмитриевич - Директор Научно-образовательного центра евразийских исследований Южно-Уральского государственного университета, главный научный сотрудник Управления научной и инновационной деятельности, доктор исторических наук (Челябинск, Россия); Бендезу-Сармиенто Джулио - Археолог, биоантрополог, старший научный сотрудник французского Национального центра научных исследований и Национального музея естественной истории (Париж, Франция); Аксу Нури - PhD, специалист по культуре и наследию Тюркского мира (Стамбул, Турция); Алтынбеков Крым Алтынбекович - Художник-реставратор, Заслуженный деятель Казахстана, кавалер ордена «Құрмет», ведущий ученый-реставратор археологических артефактов Центральной Азии, основатель и руководитель научно-реставрационной лаборатории «Остров Крым» (Алматы, Казахстан); Сейдалиева Жанат Сейдалиевна - Эксперт по материальному и нематериальному культурному наследию, член Ассоциации историков-архитекторов и реставраторов Тюркского мира (Астана, Казахстан).
Модератором встречи выступила к.и.н., декан факультета истории, экономики и права Картова Зауре Кенесовна. Лекторий перешёл в жаркую дискуссию благодаря участникам: студентам ОП История СКУ им. М. Козыбаева и ППС факультета истории, экономики.
Дорогие коллеги и друзья! Поздравляем Вас с Днём археолога! Пусть каждый раскоп приносит новые открытия, а каждая находка открывает ещё одну страницу истории. Желаем вам вдохновения, научной удачи, крепкого здоровья и терпения в поисках. Пусть ваши открытия радуют не только вас, но и весь мир, а путь к ним будет полон интересных экспедиций, верных товарищей и солнечных дней!
Пусть земля хранит для вас тайны,
а каждый слой - историю века.
Желаем находок, что вдохновляют,
и дорог, что ведут к успехам!

Photos from Кафедра Журналистики Kozybayev University's post 31/03/2023

Теоретиктер мен кәсіби журналистер қауымынан құрылған «ҚазМедиаЖелі» қоғамдық бірлестігі жас әріптестерімен кездесіп, шеберлік сыныптарын, арнайы семинарлар мен тренигтер өткізуде. Бұл бірлестіктің құрамында біздің «Журналистика» кафедрасының доценті Айсұлу Шайкенова да бар. Айсұлу Жақсылыққызы өңірімізде, Ақмола облысына сапарлап медисауаттылық тақырыбында дәрістер оқуда. Ғалым осы жолы өзі басқарып отырған кафедра студенттері үшін тренинг өткізді.
Бұл жолғы тренингтің тақырыбы медиаэтикаға арналды. Шеберлік сағатына кафедраның қазақ және орыс топтарындағы студенттер шақырылып, шара екі тілде өтті. Айсұлу Жақсылыққызы алматылық әріптесі, «KazMediaNetwork» ұйымының негізін қалаушылардың бірі Бақтыгүл Бұрбаеваны арнайы шақыртқан. Сондай-ақ жергілікті “МТРК” арнасының редакторы Данаш Хамзинаның да болашақ журналистерге айтар кеңесі мен сілтер бағыты көп болды. Дәріскерлер теориялық және практикалық негізде медиаэтика тақырыбын жан-жақты талқылады.
Тренингте тақырыпты ойға сіңіру жеңіл болу үшін түрлі тәсілдер қолданылды. Арнайы дайындалған слайд, видеороликтерде кәсіби этиканы үйрену, дағдылану мысалдары айтылды. Тақырып бойынша құрастырылған кейстерді талдау арқылы көптеген мәліметтер білгілі болды. Бақтыгүл Бұрбаеваның слайдтары да тақырыпты аша түсті.
Тақырыпқа тұздық ретінде ойын-жаттығулар ұйымдастырылды. Жылдамдыққа баулитын куиз тестің де өзіндік пайдасы бар. Қатысушылар 4 топқа бөлініп, сын сағатына түсті. Жастар, Аманат, Жұлдыз, Қайрош деген атауды арқалағандардың ішінде білімі мен білігі басым түскен «жұлдыздықтар» болды. Қатысушылар шараны ұйымдастырушылардың «Презент сыйлығынан» да құралақан кетпеді. Ең бастысы - медиаэтика туралы білімдерін тереңдетіп шықты.

Общественное объединение «ҚазМедиаЖелі», созданное из числа теоретиков и профессиональных журналистов, встречается с молодыми коллегами, проводит мастер-классы, специальные семинары и тренинги. В состав этого объединения входит и наш доцент, заведующая кафедры «Журналистика» Айсулу Шайкенова. Айсулу Жаксылыковна читает лекции на тему медиаграмотности не только в нашем регионе, но и в Акмолинской области. На этот раз ученый провела тренинг для студентов своей кафедры.
Тема данного тренинга была посвящена медиаэтике. На мастер-класс были приглашены студенты казахской и русской групп кафедры, мероприятие прошло на двух языках. Айсулу Жаксылыковна специально пригласила Алматинскую коллегу, одного из основателей Организации «KazMediaNetwork» Бактыгуль Бурбаеву. Также редактора местного канала "МТРК" Данаш Хамзину, которая в свою очередь дала много советов будущим журналистам. Лекторы подробно обсудили тему медиаэтики на теоретической и практической основе.
В тренинге использовались различные подходы,чтобы легче было усвоить тему. На специально подготовленных слайдах, видеороликах были озвучены примеры изучения профессиональной этики. Благодаря анализу кейсов, составленных по теме, стало известно много данных. Слайды Бактыгуль Бурбаевой также раскрыли тему.
К теме были организованы игры-упражнения. Участники разделились на 4 группы и соревновались за приз. А самое главное они углубили свои знания о медиаэтике.

Photos from Кафедра Журналистики Kozybayev University's post 29/03/2023

БІЛІМГЕРЛЕРДІҢ ЖІГЕРІН ШЫҢДАҒАН ДОДА

Алматы қаласының етегінде орналасқан Қаскелең елді мекеніндегі Сулейман Демирель университетінде «6В032 – Журналистика жəне ақпарат» даярлау бағыты бойынша екі күндік ХV республикалық пəн олимпиадасы өтті. Оған журналистика мамандығы бойынша оқып жүрген 2-3 курс студенттері қатысты. Елімізде журналистер дайынайтын 17 жоғары оқу орнының әрқайсысы үш студенттен құрылған командасын додаға қосты. Біздің, М.Қозыбаев атындағы СҚУ-дан «Журналистика» кафедрасының білімгерлері Айнұр Досан, Аснурия Абдулла, Ұлан Ыдырыс білім мен білік сынына түсті. Команда атауы – «Теріскей TIME», «Айбатты да қайратты Мағжан сенген жастармыз» деп ұрандатты.
Олимпиаданың сыны үш тапсырмамен сыналды. Бірінші тапсырма «Кейстер шешу» деп аталып, оған Аснурия Абдулла қатысты. Оған қатысқан білімгерге берілген кейстерді дұрыс шешіп, нақты жəне толыққанды жауап жазуы талабы жүктелді. Қатысушы кейсті шешкенде сыни ойлау, медиа сауат, этика стандарттары жəне журналист құқықтарын білетінін жəне фактілерді тексеріп қолдана алатынын көрсетіп, әр кейске кем дегенде 4-5 сөйлеммен жауап беру тапсырылды. Əр қатысушыға бірдей бес кейс беріледі.
Екінші тапсырма «Ақпарат жазу» деп аталды. Топтың екі қатысушысына үш дереккөзден ақпарат ұсынылады. Ақпарат бір мəселеге қатысты болады. Студенттер Айнұр Досан мен Ұлан Ыдырыс осы үш түрлі ақпараттан бір журналистік мəтін дайындады. Журналистік стандарттарға сай толымды ақпараттың болуы, стилистикалық əрі грамматикалық қатенің болмауы, мəтін берілген аудиторияға бағытталу талаптары қойылды. Мында да журналистік кәсіптің алғы шарттары ескерілді. Мəтінге техникалық мазмұнындық талаптар қойылды.
Үшінші тапсырма, «Мультимедиалы өнім дайындауға» топ толық қатысты. Бұл кезеңде қатысушылар мобильді құрылғы көмегімен 4-5 минут көлемінде видео стори форматында контент əзірлеу тиіс болатын. Біздің студенттер жастар құқығы мәселесіне қатысты ортақ тақырыптан «Жастардың еңбек ету құқығы» бағытын бөліп алып, өз өнімдерін жасады. Біздің студенттерге олардың «Парасат» бағдарламасы арқылы үйреніп жүрген видио жасау дағдыларының көмегі тиді.
Жетекшілік етіп барған оқытушылар үшін шеберлік сыныптары ұйымдастырылды. Бұл жолғы олимпиаданың тағы бір ерекшелігі «Міржақып. Оян, қазақ!» деректі фильмнің көрсететілуі жəне оны болашақ журналистердің қызу талқыға салуы болды.
«Теріскей TIME» тобы «Ең үздік мультимедиа» аталымы бойынша марапатталды.

Photos from Кафедра Журналистики Kozybayev University's post 24/02/2023
Photos from Кафедра Журналистики Kozybayev University's post 24/02/2023

Радио күніңе арнайы ұйымдастырылған Х кезекті Халықаралық қысқы журналистика және коммуникация мектебіне келіп, өз біліміміз бен тәжірибемізді шыңдау үстіндеміз. Қысқы мектеп 2 жыл қатарынан онлайн форматта өткізілді. Осы жылы ғана студенттер, оқытушылар және дәріскерлер жүзбе-жүз кездесе алды. 3 күндік шарада бойға түйген тәжірибелеріміз өте мол. Осы аз уақыт ішінде жанымызға ыстық жандар мен саны шексіз өмірлік кеңестер жинай алатынымызды кім білген?! Әр сәтке жеке тоқтала кетейін…
Алыстағыларды табыстыра білген “Қысқы мектепке” алғысымыз шексіз. Алғашқы сәттен-ақ жүрегімізді қалай баурап алғаны белгісіз. Бәрі де жылы басталды. Ең алдымен ҚазҰУ төріңе аяқ бастық. Таңғы қараңғы уақытқа мән бермей, жатақхана коменданттары кереметтей қарсы алды. Жүзі жылы, жарқын кісілер бөлмемізге жайғастырды. Осы мүмкіндіктердің арқасында Алматыға шолу жасап қайттық. Бірінші күннен заңғар биік таулардан шабыт алдық.
Келесі күні бәріміз көңілді ұжыммен Белбұлақ шатқалындағы «Тау-Тұран» білім беру-сауықтыру кешеніне келдік. Ашылу кезеңі салтанатты түрде өтті. Фуршет дайындалып, торттан дәм ауыз тидік.
Абыройы асқақ тұлғалар өз кеңестерімен бөлісе кетті. Жаңа ақпараттар, журналисттік кеңестер айтылды. Шетелден келген жандармен емін-еркін тілдесіп те алдық. Онымен қоймай болашақта байланысты нығайту үшін номер де алмастық. Өзіміздегі бар біліммен бөлісіп, жоқ білімді меңгердік. Көңілді атмосфраға себепкер болған фотограф ағай ерекше есімізде қалды. Өз ісінің маманы ғой шіркін-ай! Фото-журналистикаға деген қызығушылығымызға да бір түйір шабыт тастап кетті. Ендігі кезекте Манаш Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университетіне подкаст ашу басты мақсатымыз.
Сонымен қатар, поэзия кешіне қатысып бір тербеліп алдық. Жерлесім ақын Әлібек Шегебайды көріп, көзіме жас алып жылаған кезім де болды. Алматы төрінде өз ауылың туралы өлең есту қандай бақыт десеңші. Сағыныш сезімі бойымды билегендіктен толқып тұрдым.
Келесі кезекте түнгі уақыт… Әр қаладан келген жандармен бірге түнгі шәй ішіп, сырласу, мұңдасу, таласып-тармаса ойын ойнау. Ах шіркін, қандай керемет.
Шабытымызға үн қосқан Ару қала Алматы! Күліп те, жылап та үлгерген “Тау-Тұраным”. Осындай мүмкіндіктер үшін Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Журналистика факультеті «Медиасфера» гуманитарлық ғылыми зерттеу орталығына үлкен алғысымызды білдіреміз.
Ізгі ниетпен Абдула Аснурия және Манаш Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университенің ұжымы!

Photos from Кафедра Журналистики Kozybayev University's post 14/06/2022

Бүгін «Журналистика» кафедрасының 4 курс студенттерінің төрт жылдық білімдерін қорытындылап, диплом жұмыстарын қорғады. Академик Зарқын Сыздықұлы Тайшыбай бастаған комиссия мүшелері, төраға Дана Кизатова МТРК бағдарламалар редакторы, «Журналистика» кафедрасының меңгерушісінің м.а. Татьяна Морозова, PhD доктор Ашекей Саурбаева, ф.ғ.к. доцент Мырзантай Жақып студенттердің қорғауын талқылап, өз бағаларын қойды. Бітіруші Гюзель Закария, Вячеслав Чинишлов жұмыстарын өте жоғары дәрежеде қорғады. Студенттердің жұмыстарын рецензенттер жоғары деген пікірмен бағалаған. Студенттерге алдағы уақытта сәттілік тілейміз.

Want your school to be the top-listed School/college in Petropavl?

Click here to claim your Sponsored Listing.

Location

Website

Address

Улица М. Жумабаева, 114 (корпус №6, 222 кабинет)
Petropavl
150000