Aqtoģai audanynyń bilim beru bòliml

Aqtoģai audanynyń bilim beru bòliml

Share

Ақтоғай ауданының білім беру бөлімінің парақшасы

21/04/2026

Облыстық І.Жансүгіров оқуларында М.Қайырбаев атындағы ЖОББМ 9”б” сынып оқушысы Маратова Аяжан 3-орын алды. Жетекшісі Р.Дулатқызы.

Photos from Aqtoģai audanynyń bilim beru bòliml's post 14/04/2026

Облыстық "Мағжан оқулары" байқауында Қараоба ОМ оқушысы Серікбай Мансур 2-орын (мұғалімі М.А.Кисина), Естай атындағы ОМ оқушысы Қайыржан Мөлдір 3-орын алды (мұғалімі А.Т.Қожахметова).

Photos from Aqtoģai audanynyń bilim beru bòliml's post 10/04/2026

Бүгін мектепалды сыныптарының балалары «Жауқазын» олимпиадасының облыстық кезеңіне қатысты. 3-орынды Ыдырысов атындағы ЖОББМ тәрбиеленушісі - Жетписова Данеля және Қараоба ЖОББМ тәрбиеленушісі - Рыспек Айсұлтан иеленді. Құттықтаймыз!

09/04/2026

ОБЛЫСТЫҚ ӘДІСТЕМЕЛІК ШЕБЕРХАНА ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ
Білім беруді дамытудың инновациялық орталығының жұмыс жоспарына сәйкес Ақтоғай ауданының білім беру бөлімі Павлодар қаласындағы Абай атындағы дарынды балаларға арналған гимназиямен серіктестік жағдайында облыстық әдістемелік шеберхана өткізді. Тақырыбы: «Құқықтық білім берудің тиімді тәжірибелері - білім сапасын жақсарту ресурсы». Мақсаты құқықтық білім берудің тиімді тәжірибелерін тарату арқылы білім алушылардың құқықтық сауаттылығын арттыру, азаматтық жауапкершілігін қалыптастыру және оқу-тәрбие үдерісінде құқықтық білім беру сапасын жақсартудың әдістемелік ресурстарын айқындау болды.
Шеберхана 2026 жылғы 9 сәуірде М.Қайырбаев атындағы ОМ базасында ұйымдастырылып, аталған тақырып аясында мектеп директорлары мен орынбасарлары, тарих-құқық пәндерінің мұғалімдері заманауи талаптарға сәйкес оқу сабақтарында және мектептегі құқықтық тәрбие үдерісінде қолданып жүрген тәжірибелерін ұсынды. Абай атындағы гимназия мұғалімдері мен М.Қайырбаев атындағы ОМ мұғалімдері ашық сабақтар өткізіп, құқықтық білім берудің заманауи тәсілдері мен тиімді тәжірибелерін таратты, оқушылардың құқықтық мәдениетін қалыптастыруда интерактивті әдістер мен кейс-технологияларды қолдану жолдарын көрсетті. Күтілетін нәтижеге сәйкес қатысушылар жұмысқа белсенді араласып, жасанды интеллект мүмкіндіктерін тиімді қолдану дағдыларын арттырды, мектептегі құқық бұзушылықтың алдын алу бағытындағы тәрбие жұмыстарының тиімді формаларымен танысты, педагогтер арасындағы кәсіби ынтымақтастықты нығайтты. Іс-шара М.Қайырбаев атындағы мектептің үздік ұстаздарының рефлексивтік идеяларымен түйінделді.
Іс-шара озық педагогикалық тәжірибе бөліскен мектеп басшылары мен мұғалімдерге және қатысушыларға алғыс білдіреміз.
Бірлесе отырып, білім берудің жаңа белестерін бағындыруды жалғастырамыз!

03/04/2026

🏆Ақтоғайлық оқушылардың кезекті жарқын жеңісі!
Республикалық «Алтын түлек» олимпиадасында Ақтоғай ауданынан қатысқан 10, 11-сынып оқушылары жоғары нәтиже көрсетті. Атап айтқанда:
🥈 ІІ орын: Газизов Айдын – М.Қайырбаев атындағы ЖОББМ.
🥉 ІІІ орын иегерлері:
• Марат Томирис – Қараоба ЖОББМ;
• Молдабай Алуа – Қараоба ЖОББМ;
• Мақсұтхан Мәдина – Қараоба ЖОББМ;
• Ағынқызы Сымбат – Қараоба ЖОББМ;
• Макашев Тамерлан – Қараоба ЖОББМ;
• Слямбек Алихан – Абай ат. ЖОББМ;
• Мукитова Айнара – Абай ат. ЖОББМ;
• ⁠Рыспек Айдана – Мүткенов ат. ЖОББМ.
Грамота иегерлері:
• Булатбаев Расул – Абай ат. ЖОББМ;
• Камельбай Нұртілек – Абай ат. ЖОББМ;
• Төлеу Манура -М.Қайырбаев ат. ЖОББМ
Сертификат иегерлері:
• Айболат Мөлдір – Мүткенов ат. ЖОББМ;
• Дюсембай Мадияр – Абай ат. ЖОББМ;
• Төлеген Камила-М.Қайырбаев ЖОББМ
• ⁠Сатылған Инабат - Нығыманов ЖОББМ.
🏆Жеңімпаз оқушыларды және оларды дайындаған ұстаздарын шын жүректен құттықтаймыз!
Білім бәйгесінде алар асуларыңыз биік болсын!👏👏👏

27/03/2026

“Жас ұстаз: табысқа апарар жол” атты жас педагогтердің облыстық форумы аясында өткен “Менің педагогикалық инновациям” атты жас педагогтердің кәсіби шеберлік конкурсында гуманитарлық бағыт бойынша Ақтоғай ауданы Шідерті негізгі мектебінің қазақ тілі және әдебиет пәнінің мұғалімі Әсембек Рамазан Нұржігітұлы жүлделі 2-орынға ие болды.
Жас ұстазымызды құттықтай отырып, алда асар асуың биік болсын демекпіз

18/03/2026

Бүгін облыстық "Әбіш оқулары" байқауында Ақтоғай ауданынан қатысқан оқушылар топ жарды. Абай атындағы орта мектептің оқушысы Жүкен Абдуррахман 1-орын алып, республикаға жолдама алды. Мұғалімі А.Д.Рахметова. Нығыманов атындағы орта мектептің оқушысы Сатылған Инабат 3-орын алды. Мұғалімі А.Т.Адуова

Photos from Aqtoģai audanynyń bilim beru bòliml's post 12/03/2026

2026 жылғы 12 наурызда педагогтерге арналған «Педагогтерді аттестаттаудан өткізудің шарттары мен қағидалары» негізінде «Ұстаз» платформасымен жұмыс жүргізу бойынша түсіндіру жұмыстары онлайн форматта өткізілді.
Іс-шараның мақсаты – педагогтерді аттестаттау процесін тиімді ұйымдастыру, «Ұстаз» платформасында жұмыс істеу тәртібін түсіндіру және педагогтердің жеке кабинеттеріндегі деректердің толық әрі дұрыс енгізілуін қамтамасыз ету.
Іс-шараға білім беру ұйымдарының директордың орынбасарлары, сондай-ақ педагог-модератор және педагог-сарапшы санаттарына аттестаттаудан өтетін педагогтер қатысты.
Түсіндіру барысында педагогтердің өз профилінде деректердің толық әрі дұрыс енгізілуіне ерекше назар аударылды. Сонымен қатар қатысушылар тарапынан қойылған түрлі сұрақтарға жауаптар берілді.
Қорытындысында, педагогтерге «Ұстаз» платформасында жұмыс істеудің негізгі талаптары түсіндіріліп, аттестаттау үдерісін сапалы ұйымдастыру бойынша қажетті әдістемелік қолдау көрсетілді.

10/03/2026

Бүгін "Жарқын болашақ" қазақ тілі олимпиадасының облыстық кезеңінде "Бейнелеушілер" және "Білгірлер бәйгесі" бағыттарында Тіленшін атындағы орта мектептің оқушылары Ермуратова Альфинұр мен Қайырбаева Аружан 2-орындарды иеленді. Дайындаған мұғалімдері Хумарбай Балапан мен Курманалинова Сәуле Ибрагимқызы. Жүлделеріңіз құтты болсын!

Photos from Aqtoģai audanynyń bilim beru bòliml's post 04/03/2026

2026 жылғы 4 наурызда республикалық «Мағжан оқулары» ғылыми-шығармашылық сайысының аудандық кезеңі 4 бағыт бойынша өткізілді. Нәтижесінде 1-орындар алған оқушылар Серікбай Мансур (Қараоба ОМ), Қайыржан Мөлдір (Естай атындағы ОМ), Малатай Шұғыла (Х.Шаяхметов ат.НМ) облыстық кезеңге қатысатын болды. Мұғалімдері: М.А.Кисина, А.Т.Кожахметова, Г.К.Садуова.
2-орын: Казыкенова Сабина (Х.Шаяхметов ат.НМ мұғалімі Г.К.Садуова),
3-орын: Мешітбаева Қарақат (Балтасап НМ мұғалімі Н.А.Сабыр), Мустахимова Нұрсұлу (Шолақсор ОМ мұғалімі К.К.Негманова), Мейрам Айзере (Нығыманов ат.ОМ мұғалімі А.Т.Адуова).

Want your school to be the top-listed School/college in Pavlodar?

Click here to claim your Sponsored Listing.

Location

Category

Website

Address

Pavlodar