Literary critic&teacher

Literary critic&teacher

Share

Contact information, map and directions, contact form, opening hours, services, ratings, photos, videos and announcements from Literary critic&teacher, Education, пр. Тауельсыздык, д. 52, Nur-Sultan.

Photos from Literary critic&teacher's post 21/08/2019

Бүгін өте маңызды нәрсе туралы сөз етейік. Ол-заң. Заңды қаншалықты білесің? Немесе өз құқықтарың туралы оқып, ізденіп көрдің бе? Өкініштісі көп адамдар өз құқығын біле қоймайтын сияқты ма, қалай? Әрине, бұл өз тәжірбиемнен түйген ойым. Сосын Tokbergen Abiyev, Ruslan Zhanpeisov сияқты заңды білетін адамдардың видеоларын көріп отырсаң, біздің, тіпті сол құқықты қорғау керек адамдардың(тергеуші, полиция) заңды орындаудағы мардымсыздығын көріп, не жыларыңды не күлеріңді білмей қаласың ғой. Қысқасы, бұл мәселеге байланысты екі себеп бар. Бірі: тікелей саған байланысты, екіншісі: сенің еркіңнен тыс дүние. Саған байланыстысы: тупой болмау. Өз құқыңды біл, бұл сені орынсыз әділетсіздіктен сақтайды біршама*. Заңды білмегеніңнен уақытың, ақшаң босқа кетсе, кешір. Заңды білмей қалғаныңа , тупой болғаныңа менің немесе басқаның еш қатысы жоқ. Тек өзің... Ал екіншісі: пәле аяқ асты. Орыстар айтқандай: тарихта қалудан гөрі, ұрынып қалу (вляпаться) өте оңай. Одан құдай өзі сақтамаса... Мүмкін ол кезде де, біріншісі керек шығар.
Мысалы: шынын айтыңызшы, жол полициясы тоқтатып, өз машинасына шақырып: -Қай жерде жұмыс істейсің? - деп әңгіме бастауы қай ақылға сияды. Ақыры 12000 штраф алып көлігіңе отырғанда, арттағы отырған ағаң: - ақымақсың 4000 беріп, кешірім сұрап кете бермеймісің дегені ше? Иә, осындай жағдайлардан соң, алдыңғыларға деген құрметің азайған үстіне азая беретіні де рас. Жемқорлықтың мемлекетті дамытпайтын ең үлкен кесел екенін онсызда тәжірбие, экономика өзі-ақ дәлелсіз көрсетіп тұр емес пе? Қысқасы, өзімізбен құқықтық жұмыс істесек. Мүмкін, құтыламыз.

@ Palace of Independence, Astana

Want your school to be the top-listed School/college in Nur-Sultan?

Click here to claim your Sponsored Listing.

Location

Category

Website

Address

пр. Тауельсыздык, д. 52
Nur-Sultan