Bilim Arnasy KZ

Bilim Arnasy KZ

Share

🅱ilim 🅰rnasy KZ Эксперт-Медиа-Платформа

🅱️ БАРШАНЫҢ НАЗАРЫНА!
🟦 BILIM ARNASY заманауи форматта жұмыс атқаратын КЕҢ АУҚЫМДЫ МЕДИА АЛАҢ болып табылады.
Медиаалаңның бас редакторы және модераторы білім беру саласында елімізге танымал тұлға Дүйсебек Әділхан Төлегенұлы.
🎙️BILIM ARNASY медиаалаңының жұмысын тәжірибелі ғалымдар мен білікті мамандардан және креативті жастардан құралған шығармашылық топ ұйымдастырады. BILIM ARNASY СІЗ

24/04/2026

ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Асхат Аймағамбетов : Кітап - баланы тәрбиелеудің ең күшті құралдарының бірі. Баланы қалай қызықтыруға болады- осы видеода ойыммен бөлістім. Ең сүйікті жанрым туралы да айттым.

Ұлттық кітап күні құтты болсын!

Кітап оқыған бала- қиялы ұшқыр, ойы жүйрік болып өседі. Оқитын ұлт- озық ұлт.

Сіз үшін бала кезіңіздегі ең әсерлі кітап қайсы?

Бүгін қандай кітапты ұсынар едіңіз?

24/04/2026

Жасанды интеллект және креативті индустрия: жаңа мүмкіндіктер мен кадр даярлау

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев технологиялық байқаулар жеңімпаздарын марапаттау барысында креативті индустрия мен жасанды интеллекттің қарқынды дамуына ерекше назар аударды. Оның айтуынша, биыл күзде өтетін Astana AI Film Festival – шығармашылық саланың жаңа кезеңге өткенін айқындайтын халықаралық деңгейдегі маңызды алаң болмақ.

Президент жасанды интеллект шығармашылықтың табиғатын түбегейлі өзгертіп, жаңа мүмкіндіктер ашып отырғанын атап өтті. Сонымен қатар, дәстүрлі өнер салалары үшін туындайтын тәуекелдерді ескеріп, жаңа технологияларға бейімделудің маңыздылығын жеткізді. Осы бағытта кадр даярлау мәселесіне басымдық берілуде. Қазіргі таңда 650 мыңнан астам студент Al Sana бағдарламасы аясында білім алуда, ал алдағы уақытта жасанды интеллект және deeptech саласында қосымша 100 мың маман даярлау жоспарланып отыр. Бұл ретте Жасанды интеллект университетін ашу маңызды қадамдардың бірі ретінде қарастырылуда.

28/02/2026

Адамның ар-намысы мен қадір-қасиеті – кез келген құқықтық мемлекеттің іргетасы. Бұл ұғымдар тек моральдық категория ғана емес, сонымен бірге заңмен қорғалатын құндылықтар.

Қазақстан Республикасының Конституциясы адамның қадір-қасиетіне қол сұғылмайтынын нақты бекітеді. Ешкім азаптауға, қатыгез немесе адамдық ар-намысты қорлайтын әрекеттерге ұшыратылмауы тиіс. Бұл – мемлекеттің азамат алдындағы тікелей міндеті.

Ар-намыс – адамның ішкі абыройы, өзін-өзі бағалауы, қоғам алдындағы беделі.
Қадір-қасиет – әр адамның туылған сәтінен бастап ажырамас құқығы. Ол лауазымға, жасқа, жынысқа немесе әлеуметтік мәртебеге байланысты өзгермейді.

Бүгінгі күні ар-намысқа қол сұғу тек физикалық емес, ақпараттық кеңістікте де орын алуда: жалған мәлімет тарату, қорлау, беделге нұқсан келтіру. Мұндай әрекеттер үшін азаматтық-құқықтық және өзге де жауапкершілік қарастырылған. Әр адам өз абыройын сот арқылы қорғауға құқылы.

Қоғамдағы құрмет мәдениеті – заңнан бұрын басталатын құндылық.
Құрмет – тек сыпайы сөйлеу емес, ол өзгенің құқығын мойындау.

Ар-намысты қорғау – бұл тек жеке адамның емес, бүкіл қоғамның мәдени деңгейін көрсететін өлшем.
Адамды қорлау – оның құқығын бұзу ғана емес, адамгершілік шегінен шығу.

Қадір-қасиетті сақтау – өркениетті қоғамның белгісі.

30/07/2025

Ұлттық құндылықтар Академиясының Ақмола облысы филиалының жетекшісі , Облыстық Мерейлі отбасы байқауының жеңімпазы Баян Бекетай Tatulyq.kz Отбасы институтын нығайту жобасы аясында 1 сағаттық онлайн мектеп өткізуде.

28/07/2025

📢 ХАБАРЛАНДЫРУ
❗ АШЫҚ ВАКАНСИЯЛАР ❗

Төмендегі салалар бойынша мамандар іздейміз:

– Дизайнер
– Видеооператор
– Программист
– Маркетолог
– Журналист
– Юрист
– Экономист

📍 Формат: офлайн
🎓 Талап: мамандығы бойынша білім алған, дипломы бар
🕐 График: 5/2, 10:00–19:00
💰 Айлық: 117 960 ₸ бастап
📌 Мекенжай: Астана қаласы, Нұра ауданы
📞 Байланыс: +7 707 350 55 05
📩 Резюме / портфолио: WhatsApp арқылы жіберіңіз

👉 Жастар тәжірибесі арқылы мамандық жолыңды бүгін баста!

#жұмыс #ашықвакансия #жастартәжірибесі #Астана

Bilim Arnasy KZ 🅱ilim 🅰rnasy KZ Эксперт-Медиа-Платформа

15/06/2025

Әкелер мерекесі құтты болсын!

Әке – әркімнің сүйенер тіреуі. Әке әркімге қымбат.Әке бойынан күш - жігерді, батырлықты, батылдықты, қайсарлықты, білімділікті, барлық қасиеттерді көруге болады. Бір отбасының темірқазығы, асыраушысы, оны басқарушы-әке. Қазақта: «Әкенің берген тәрбиесін алпыс мектеп бере алмайды» деген сөз бар. Бірі ақылды, білімді болса, бірі жігерлі, қайратты, енді бірі батыр да батыл, қайсар болып келеді. Ал енді бірінің бойынан осы айтылғандардың бәрін көруге болады. Барлық адамдар әкені құрметтеуі, қастерлеуі, аялауы, оны өзінен жоғары ұстауы керек. Отбасының рухани, материалдық жағынан құлдырамай, мықты болуы әкеге байланысты. Әке өсиеті мен тәлім тәрбиесінің маңызы ерекше. Әке көргенді мықты болса одан тартқан бала да жігерлі,жалынды, мәрт жүректі болары хақ.

11/06/2025

🟦 АЗАМАТТЫҚ ПАРЫЗҒА АДАЛДЫҚ – АДАМ ӨМІРІНІҢ КӨРКІ

Қоғамдық тәртіптің сенімді сақшысы болған Базарбаев Қасымхан туралы

Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету – кез келген аам тәуекел ете бермейтін, әр адамның қолынан келе бермейтін айрықша қызмет. Бұл – ерік-жігері мықты, қайсарлығы мен табандылығы жоғары, ел мен халық алдындағы парызын өзінің жеке қауіпсіздігінен биік қоятын азаматтардың кәсібі. Қоғамдық тыныштықты сақтау қызметі әрбір оқиғаға заң, қатаң тәртіп немесе, жиі кездесіп жататындай, қарадүрсін күш тұрғысынан қарамай, адам тағдырын, ел тыныштығын жүрекпен де сезінуді талап етеді.

Адам өмірі, заң мен тәртіп – мемлекетіміздің басты құндылықтары. Сондықтан да құқық қорғау, қоғамдық тәтіпті сақтау сала қызметкерлеріне халықтың назары да, талабы да жоғары, Халық оларды ел тыныштығының қалқаны деп сенеді. Қоғамда полиция қызметіне осы сенімнің мығым, құрметтің шынайы болғаны өте маңызды. Ал мұның өзі басым жағдайда сол қызметкердің жеке мәдениетіне, өз ісін кәсіби тұрғыда жетік білуіне, заңдылықты сақтауда жеке үлгі көрсетіп, қызметін адал атқаруына байланысты.

Қаншама азаматтардың осы салада адал қызмет етіп жүргені анық. Бірақ олардың күндіз-түнгі қауіп-қатерге, сынақ пен тәуекелге толы шытырман қызметі көбіне көзге көрінбейді, бағаланбай да жатады. Жұрт тыныш жатқанымен, олар әр сәтте қауіптің алдын алуға, адам өмірін сақтауға, тәртіп бұзушыны тоқтатуға, қажет болса – өз өмірін қатерге тігуге дайын болуды қажет етеді.

Мұндай жағдайларда антына адал, қызметіне берік нағыз тәртіп сақшылары ғана табандылық таныта алады. Сондықтан осындай қызметті белін бекем буып атқарып жүрген азаматтарды елге таныту, құрмет көрсету – әрқайсымыздың азаматтық борышымыз.

Жауапкершілік пен адалдықты өмірінің басты мұраты еткен,еңбек жолы елге үлгі боларлықтай тәртіп сақшыларының бірі Базарбаев Қасымхан туралы айтпақпын.

🔹 Қасымхан аға 1944 жылы 22 шілдеде Алматы облысы, Сарқан ауданы, Қарабөгет ауылында дүниеге келген. Қарағанды кооператив институтында жоғары білім алған. 1963-1966 жылдары Кеңес Армиясы қатарында үш жыл әскери борышын өтеп, Отан алдындағы міндетін жауапкершілікпен атқарды. Әскерден оралған соң, 1967-1969 жылдары туған ауылы Сарқан ауданы Қарабөгетте ауылдық кеңестің төрағасы ретінде ауыл игілігіне қызмет етті.

1969 жылдан бастап Қоғамдық тәртіпті қорғау саласына қабылданып, 27 жыл бойы қалтқысыз қызмет етіп, қарапайым милиционерден учаскелік полк командирі деңгейіне дейін көтеріледі. Осы жылдары халық тыныштығы үшін күн демей, түн демей, аптап ыстық пен аязда, мереке мен демалыста да тыным таппай қызмет етті. Көптеген күрделі оқиғаларды, қауіпті сәттерді бастан кешірді. Бірақ, Қасымхан аға оларды өзінің қызметтік міндеті, азаматтық борышы деп санағандықтан, жария етіп, айта бермейді.

1982 жылдың қытымыр бір кешінде ел ішін дүрліктірген ауыр қылмыс — ірі ұрлық пен тұрмыстық зорлық-зомбылық дерегі бойынша арнайы операция басталды. Жергілікті тәртіп сақшысы Қасымхан Базарбайұлы күдіктіні құрықтау тапсырмасын мойнына алды.

Күдікті — аса қауіпті, бұрын бірнеше мәрте жауапқа тартылған адам еді. Оны ұстау оңайға түспейтіні белгілі болды. Қасымхан түнгі сағаттарда күдіктінің жасырынған жеріне ойланбастан бет алды. Қосымша күшті күтіп отырса, күдікті қашып үлгіретіні белгілі болғандықтан, онымен жекпе жек кездеуге тура келді. Қамшының сабындай қысқа сәтте бетпе-бет келген екеудің арасында қақтығыс орын алды. Қару қолданудан тайынбаған қылмыскер пышақпен тап беріп, Қасымханның денесіне бірнеше жарақат салды.

Алайда Қасымхан алған жарақаттарына қарамастан, қылмыскерді қаруынан айырып, жерге жықты. Тәжірибе мен табандылықтың үлгісін көрсеткен ол қылмыскерді залалсыздандырып, қоғамға төнген үлкен қауіпті тоқтатты.
Бұл ерлік сол бір кезеңде өз ісіне берліген тәртіп пен тұрақтылықты қамтамасыз етуші азаматтардың жанқиярлық ісін көрсеткен елеулі оқиға, ел алдындағы адал қызметтің шынайы көрінісі болып қалды. Ал Қасымхан аға ІІІ дәрежелі мүгедек атанды. Өмір бойы ұзақ емделумен жүретін болды.
Ержүректігі мен қызметтік адалдығы үшін ол «Кеңес милициясының үздігі» атанып, Ұлы Отан соғысы ардагерлерімен теңдестірілген мәртебеге ие болды. Ал 1965 жылы 7 мамырда КСРО Жоғары Кеңесі Президиумының Жарлығымен «Ұлы Отан соғысындағы Жеңіске 20 жыл» медалімен марапатталды.

Мүгедектігіне қарамастан, елге еңбек ету жолын жалғастырып, 1978-2000 жылдары шаруашылық жұмыстарда абыройлы қызмет атқарды. Одан кейін, 2000-2017 жылдары қайтадан күштік құрылым саласына- Шығыс шекара аймағында жемісті еңбек етіп, зейнетке шықты. Осы салалардағы еңбегі «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталды.

Бүгінгі күні 80-нің сеңгіріне шыққан Қасымхан аға бала-шағасы, немерелерінің ортасында берекелі отбасының қазынасы болып отыр. Жақында Базарбаев Қасымхан ағамыз «Ұлы Отан соғысындағы Жеңіске 80 жыл» медалімен марапатталды. Бұл оның отбасы үшін де, жерлестері үшін де айтулы оқиға болды! Өзінің өмір жолымен, қажырлы еңбегімен осындай ел құрметіне бөленген Қасымхан ағамызды асқаралы белесімен шын жүректен құттықтаймыз және мықты денсаулық, ұзақ ғұмыр тілейміз!

«Ерім дейтін ел болмаса, елім дейтін ер қайдан шықсын?!» деген ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының аталы сөзіне жүгінер болсақ, осындай тұлғаларды құрметтеп, адами ұстанымдарын, ағалық ақыл кеңесін жас ұрпаққа өнеге ету әрқайсымыздың да парызымыз!

Адалдық пен табандылықтың, отансүйгіштік пен ел алдындағы өз қызметіне берілгендіктің, қарапайымдық пен парасаттылықтың айқын үлгісін көрсете білген Қасымхан аға сияқты азаматтардың мәртебесін көтеріп, еңбек жолын, қызмет етудегі тәжірибесін насихаттау Мемлекет басшысы Қ.К.Тоқаев ұсынған «Әділетті Қазақстан-Адал азамат» тұжырымдамасына үйлесімді болары анық. Туған жері Жетісу облысы Сарқан ауданының атқа мінер азаматтары да бұл уәжімізді назарға алар деп ойлаймыз.

11/06/2025

🅱 Екі жыл бұрын Абай телеарнасындағы "Сарасөз " хабарына қатысқан едім. Өткен уақыт аралығында 150-ге тарта зиялы қауымның басын қосқан Ұлттық құндылықтар академиясы біраз шаруа бітірді.

🔶 Ең бастысы біз ұсынған Адамнан басталатын құндылықтар жүйесі Орта білім берудің мемлекеттік стандартына енгізілді. Бұл -осы құндылықтар үлгілік оқу бағдарламаларына, оқулықтарға енеді деген сөз.

🔶 Ішкі мазмұны ұлттық құндылықтарымыз бен ұстанымдарға, рухани көсемдеріміздің дана өсиеттеріне негізделген, құнды білімммен,құтты білікпен үйлескен бұл құндылықтар білім мен тәрбиенің синергетикалық біртұтастығы тұрғысынан Қазақстанның ұлттық білім беру моделіне көшуге жол ашады деп семенімз,

🔶 Осы парасатты іске атсалысқан ҰҚА мүшелеріне алғысымыз шексіз ‼️

Photos from Bilim Arnasy KZ's post 03/06/2025
Want your school to be the top-listed School/college?

Telephone