Ұлттық кітап күніне орай ұйымдастырылған «Балалар әдебиеті – рухани тәрбие бастауы» онкүндігі аясында №93 мектеп-лицей кітапханасында 7 «Ғ» сыныбына «Кітаппен жеке кездесу» атты квест өткізілді.
Шара барысында оқушылар қызықты тапсырмалар орындап, кітап әлеміне саяхат жасап, өз білімдері мен шығармашылық қабілеттерін көрсетті. Бұл квест балалардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, рухани құндылықтарды тереңірек түсінуге мүмкіндік берді.
93school-lyceum
Contact information, map and directions, contact form, opening hours, services, ratings, photos, videos and announcements from 93school-lyceum, School, Астана қ. , Ж. Нәжімеденов к. , 24 ү, Nur-Sultan.
16/04/2026
🏆 ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!
Астана қаласы әкімдігінің «Әдістемелік орталық» МКҚК және «Зерделі» ақыл-ой дамыту мектебінің ұйымдастыруымен өткен «Oi-Sandyq» зияткерлік байқауының аудандық іріктеу кезеңінде жоғары нәтиже көрсетіп, қалалық кезеңге жолдама алған ұстазымыз
Ережепова Гульбира Батыровна бүгінгі қалалық кезең қорытындысы бойынша жүлделі III орынмен марапатталды 🎉
Бұл жетістік – Сіздің терең біліміңіз бен жоғары кәсіби шеберлігіңіздің айқын дәлелі 👏
Сізге шығармашылық шабыт, толағай табыстар тілейміз! 🌟
Бүгін мектебімізде оқушылардың тамақтану сапасын арттыру және санитарлық талаптардың сақталуын қамтамасыз ету мақсатында, мектеп асханасының тамақтану сапасына мониторинг жүргізу комиссиясы тексеру жұмыстарын өткізді.
Тексеру барысында оқушылардың дұрыс әрі теңгерімді тамақтануын ұйымдастыру деңгейіне ерекше назар аударылды.
🔍 Тексеру барысында комиссия мүшелері:
– дайындалатын тағамдардың сапасын,
– жаңа ас мәзірінің талаптарға сәйкестігін,
– тағам өнімдерінің сақтау мерзімінің сақталуын,
– асхананың санитарлық-гигиеналық жағдайын
жан-жақты қарап, бағалады.
🍽 Оқушылардың қауіпсіз, сапалы және уақтылы тамақтануы – біздің басты міндетіміз. Асхана жұмысы тұрақты түрде бақылауда болып, балалардың денсаулығына ерекше көңіл бөлінеді.
#МектепАсханасы #БрокеражКомиссиясы #СапалыТағам #Бақылау #БалаларДенсаулығы
Бүгін мектебімізде «Оқуға құштар отбасы – 2026» байқауының финалдық кезеңінің алғашқы сынағы — эссе жазу кезеңі өткізілді.
Бұл кезеңнің ерекшелігі — қатысушы отбасылар финалға дейінгі 6 ай бойы түрлі кітаптарды оқып, сол шығармалар бойынша тест тапсырды. Яғни, бұл тек шығармашылық емес, жүйелі еңбектің нәтижесі болды.
Финалда әр отбасы жеребе арқылы өздері оқыған кітаптардың бірін таңдап, сол шығарма негізінде эссе жазды.
1.Жумадиллаева Фариза — Нұрғали Гүлсара 4з / 13 ұпай
2.Алибекова Айгерім — Жумабек Бейбарыс 3и / 15 ұпай
3.Хожанова Рита — Қаршыбек Жания 5д / 17 ұпай
4.Мусабаева Тамаша — Серікжан Ерсұлтан 3а/ 18 ұпай
5.Телегенова Гүлжан — Батырбек Әнуар 3ә / 11 ұпай
6.Сатбаева Енлік — Кармысов Рауан 4 е / 11 ұпай
7.Қалданова Лаура — Рыскиев Аян
3г / 12 ұпай
Алда бізді тартысты әрі мазмұнды келесі кезең күтіп тұр!
📅 2026 жылдың 29 сәуірі күні,
сағ: 10:00-дебайқаудың финалдық ІІ кезеңі TEDx форматында өтетін болады.
Бұл кезеңде қатысушы отбасылар өз ойларын еркін жеткізіп, көпшілік алдында сөйлеу шеберлігін, идеяларын ұсыну мәдениетін және кітаптан алған тағылымын жаңа қырынан танытады.
Баршаңызға сәттілік!
14/04/2026
📢 ХАБАРЛАНДЫРУ
Құрметті оқушылар мен ата-аналар!
«Таза Қазақстан» жобасы аясында өтетін
«Әке – үлгі, әке – өнеге» акциясына шақырамыз!
📅 Күні: 18 сәуір
🕙 Уақыты: 10:00
👥 Қатысушылар: 6–11 сынып ұлдары және әкелері
Бұл шараның басты мақсаты– білім беру аумақтарын абаттандыру, экологиялық мәдениетті нығайту және әкелер мен балалардың бірлескен еңбегі арқылы отбасылық құндылықтарды дәріптеу.
Аталған күн – әрбір әкенің өз баласына тазалықтың, еңбекқорлықтың және табиғатты аялаудың жарқын үлгісін көрсететін маңызды сәт.
Баршаңызды белсенді қатысуға шақырамыз!
Бүгін мектебімізде “Таза Қазақстан” жалпыұлттық бастамасы аясында «Ұлттық ойындар – отбасы мақтанышы» атты мазмұнды әрі тәрбиелік мәні зор іс-шара өтті 🇰🇿
Аталған шараға 2, 3 және 5 сынып оқушылары қатысып, халқымыздың бай мұрасын насихаттайтын ұлттық ойындарды жоғары деңгейде ойнады.
Атап айтқанда, оқушылар асық ату, арқан тартыс, бес асық, шертпек, қол күрес, сақина салу және басқа да ұлттық ойындарда өз шеберліктерін көрсетіп, белсенділік танытты.
Бұл ойындар арқылы балалар тек жарысып қана қоймай, ептілікке, шапшаңдыққа, батылдыққа және ұйымшылдыққа тәрбиеленді. Сонымен қатар, ұлттық құндылықтарға деген құрметтері артып, салт-дәстүрімізді дәріптеудің маңызын терең түсінді.
Барша қатысушыларға алғыс білдіреміз! 👏
14/04/2026
«Ұлттық кітап күні» мерекесіне орай ұйымдастырылған «Балалар әдебиеті – рухани тәрбие бастауы» атты онкүндік аясында, 2026 жылдың 14 сәуірінде №93 мектеп-лицей кітапханасында 1-сынып оқушыларымен «Менің сүйікті журналым» тақырыбында танымдық сағат өткізілді.📚
Іс-шара барысында оқушылар өздері оқыған қызықты журналдарымен бөлісіп, ой-өрістерін кеңейтті. Балалар түрлі жұмбақтарды шешіп, қойылған сұрақтарға белсене жауап беріп, ерекше қызығушылық танытты.🤩
Танымдық сағат кішкентай оқырмандардың кітап пен басылымдарға деген сүйіспеншілігін арттырып, олардың рухани дамуына оң әсерін тигізді.
#ҚРОқуАғартуМинистрлігі; #БалаларКітапханасы;
#РеспубликалықҒылымиПедагогикалықКітапхана;
#ҰлттықКітапКүні #онкүндік
sengazyyev_official
14/04/2026
Оқушылардың өзін-өзі басқару көшбасшыларының Республикалық форумы аясында өткен «Балалар мен жасөспірімдер қозғалысы принципіндегі интерактивті алаңына» қатысып,үздік 10 оқушының қатарына енгені үшін Исақ Заңғар марапатталады!🤩
Жетекшісі:Еркебай Сая Темірханқызы🔥
13/04/2026
«Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасын жүзеге асыру аясында елордалық жас таланттардың мәдени және шығармашылық әлеуетін дамыту мен насихаттау мақсатында өткен ХХI «Шаттық-2026» қалалық байқауының
1) «Хореография» жанры бойынша
«Стилизацияланған халық биі»
номинациясы (7–9 жас) бойынша
№93 «Асылым» би ансамблі
🥉 қола жүлде иегері атанды!💃✨👍👏
Құттықтаймыз!👍👏
Жетекшісі: Абуова Индира
2)«Хореография» жанры
«ҚАЗІРГІ ЗАМАН БИІ» номинациясы (7–9 жас) бойынша
№ 93 мектеп-лицейінің «Шабыт» би ансамблі
🎓 *Дипломант* атағына ие болды!
Құттықтаймыз!👍🏻
Жетекшісі:Аймаханова Гулдана Абиласановна
3. «Аспаптық жанры»
«Қазақ халық аспаптар»
номинациясы бойынша
жеке орындау 13-15 жас аралығы
🎓 Дипломант атағына ие болғаны үшін «№93 мектеп-лицей» оқушысы
Уменов Мейіржанды (домбыра) шын жүректен құттықтаймыз! 🎉
Жетекшісі Ермұхан Бекзат Жанатұлы
4. «Фотосурет» жанры бойынша 12-14 жас аралығында
№93 мектеп-лицей оқушысы Мұратбек Аружанды🎓 Дипломант атағына ие болғаны үшін құттықтаймыз👏👍!
Жетекшісі: Рахымжанқызы Айгерім
5. «Бейнелеу өнері» жанры бойынша 15 тен жоғары жас аралығында
№93 мектеп-лицей оқушысы Сейдахмет Жанель🎓 Дипломант атағына ие болғаны үшін құттықтаймыз👏👍!
Жетекшісі: Қизатбек Жаркынгул
Бұл жетістік – табандылық пен еңбектің, өнерге деген сүйіспеншіліктің айқын көрінісі. Сіздерге шығармашылық табыс, шабыт және жаңа белестер тілейміз!
13/04/2026
«Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасын жүзеге асыру аясында елордалық жас таланттардың мәдени және шығармашылық әлеуетін дамыту мен насихаттау мақсатында өткен ХХI «Шаттық-2026» қалалық байқауының
1) «Хореография» жанры бойынша
«Стилизацияланған халық биі»
номинациясы (7–9 жас) бойынша
93 МЛ «Асылым» би ансамблі
🥉 қола жүлде иегері атанды💃✨👍👏!
Құттықтаймыз!👍👏
Жетекшісі: Абуова Индира Наурызбайқызы
2)«Хореография» жанры
«ҚАЗІРГІ ЗАМАН БИІ» номинациясы (7–9 жас) бойынша
№ 93 МЛ «Шабыт» би ансамблі
🎓 Дипломант атағына ие болды!
Құттықтаймыз👍👏!
Жетекшісі: Аймаханова Гулдана Абиласановна
3. «Аспаптық жанры»
«Қазақ халық аспаптар»
номинациясы бойынша
жеке орындау 13-15 жас аралығы
🎓 Дипломант атағына ие болғаны үшін “№93 мектеп-лицей” оқушысы
Уменов Мейіржанды (домбыра) шын жүректен құттықтаймыз! 🎉
Жетекшісі: Ермұхан Бекзат Жанатұлы
4.«Фотосурет» жанры бойынша 12-14 жас аралығында
№93 мектеп-лицей оқушысы Мұратбек Аружанды 🎓 Дипломант атағына ие болғаны үшін құттықтаймыз👏👍!
Жетекшісі: Рахымжанқызы Айгерім
5. «Бейнелеу өнері» жанры бойынша 15 тен жоғары жас аралығында
№93 мектеп-лицей оқушысы Сейдахмет Жанель🎓 Дипломант атағына ие болғаны үшін құттықтаймыз👏👍!
Жетекшісі: Қизатбек Жаркынгул
Бұл жетістік – табандылық пен еңбектің, өнерге деген сүйіспеншіліктің айқын көрінісі. Сіздерге шығармашылық табыс, шабыт және жаңа белестер тілейміз!
Click here to claim your Sponsored Listing.
Location
Category
Contact the school
Website
Address
Nur-Sultan
010000
Opening Hours
| Monday | 08:00 - 18:00 |
| Tuesday | 08:00 - 18:00 |
| Wednesday | 08:00 - 18:00 |
| Thursday | 08:00 - 18:00 |
| Friday | 08:00 - 18:00 |