Елімізде ағылшын тілі бастауыш сыныптардан бастап, университетке дейін оқытылады. Мыңдаған онлайн/офлайн курстар бар. Көптеген адамдар университет бітіріп, жұмыс жасап жүріп те ағылшын тілін үйренуді жалғастырады.
Бірақ та ағылшынды еркін меңгеріп, өз саласында қолданатын кәсіби биотехнологтар, дәрігерлер, өнер саласының мамандары, химия физика саласының ғалымдары өте аз.
Бұл мамандарға ағылшын тілі не керегі бар десеңіз, әлемде 95% әдебиет (бүкіл кітап, мақала..) осы тілде шығады, яғни оригинальный ақпараттың көзі ағылшын тілінде.
Егер де қазақстандық биотехнолог маман өз саласындағы әлемдік ғылыми жаңалықтар/ ашылударды аудармадан емес, оригинал әдебиеттен оқып білмесе, шетелдік әріптестермен тілдесіп, тәжірибе алмаспаса, өзінің ғылыми жаңалықтарын шетелмен бөліспесе, шетелдік баспаларға мақала жарияламаса, ол маман заманауи, білікті, бәсекеге қабілетті маман бола ала ма?
Яғни елімізде ағылшын тілі соншалықты ұзақ, масштабно оқытылса да оны еркін меңгеріп, кейін кәсіби саласында қолданатын адамдар аз, жоқтың қасы.
Мен білікті маман ретінде жоғарыда атап өткен мәселені шешу үшін өзімнің онлайн English Insights курсымды ұсынамын. Бұл жобаға мен 8 айдан астам уақыт жұмсадым. 0-ден бастап ең жоғарғы деңгейге дейін жеткізетін ауқымды курс. Үйренушіні ағылшын тілін сапалы, жүйелі түрде меңгеріп шығуын қамтамасыз етуге бағытталған.
Егер өз салаңызда профессионалды дамығыңыз келсе, мен сізді курсыма шақырамын!
Ағылшын тілі/IELTS курсы
Ағылшын тілін оқыту және IELTSқа дайындайтын онлайн курс
ТЕГІН 3 КҮНДІК МАРАФОН
Бағдарламасы:
1-күн Ағылшынша сөз жаттаудың супер тиімді ҚҰПИЯ ӘДІСТЕРІ (30мың сөз үйренеміз) + практика🔥🔥🔥
2-күн Ең жиі қолданылатын ЕТІСТІКТІҢ 5 ШАҒЫ + практика👍👍👍
3-күн 100 Сленг және Идиомалар (Тұрақты тіркестер) + практика👏👏👏
Өтетін күні: 14- қазан
Уақыты: 20:30
Өтетін жері: Жабық инстаграм парақшада
Бағасы: 0тг🤩
Бонустар: құны 12000 тұратын 6 гайд тегін беріледі🤗🤭
Ең бастысы менің негізгі курсыма тегін жолдамалар ойнатылады😮😲🙀
Мұндай керемет мүмкіндікті жіберіп алма! Қатыс!
25/08/2021
Ағылшын тілін қалай үйренген дұрыс❓
Өз бетіңше оқып, бірақ нәтижеге жете алмай жүрсің бе❓
Не болмаса, әр түрлі курстарға қатысып, дегенмен сол баяғы әдіс-тәсілдерді қайталап жүрген боларсың.
Ойыңдағы нәтижеге жету қиын емес. Ең бастысы, өз ісінің маманына жолығу☝🏻.
Сонда ғана, тиімді әдістермен ағылшынды оңай әрі сапалы меңгересің.
Толығырақ видеоны қараңыз🤗.
Сондай-ақ, менің авторлық “INSIGHT” курсыма тіркелу ашылғанын ескертемін. Дәл қазір, 20% жеңілдік жүріп жатыр🤩.
Мүмкіндікті өткізіп алма!
12/08/2021
Ні, guys
Ағылшын тілінде жаңа сөздерді қалай жаттайсың🤔?
Кейбіреуі сөздік арқылы📚, кейбіреуі басқа әдісті таңдайды.
Әдеттегідей, мен саған тиімді жағын ескере келе, жаңа сөздердің есте қалып, әрі сөздік қорыңның мол болуы үшін Mind map әдісін ұсынамын☝🏻.
Бұл әдістің негізгі мақсаты - сөз бен оның мағынасы арасындағы көрнекі(визуалды) байланыс орнату арқылы ақпаратты есте сақтау. Әрі аз уақыт ішінде тез нәтиже💯 береді.
Кез келген адам сағатына 100 немесе одан да көп сөзді есте сақтау жылдамдығына қол жеткізе алады.
Тексеріп көру үшін, карусельде берілген көлік және спорт түрлерімен, танысып, жаттап ал. Есіңде сақтауға тырыс🙌🏻.
Сондай-ақ, “Do” етістігімен қандай сөз тіркестері жасалатыны туралы да көрсетілген.
Осындай мысалдар арқылы адам жаңа сөздерді #оңай, #тез әрі #ұзақ есте сақтайды.
Түсінікті болу үшін, ТЕГІН ГАЙДТЫ жүктеп ал! Өзге де мысалдармен таныса аласың.
#ағылшын #ағылшынтілі #ағылшынонлайн #ағылшынмұғалімі #ағылшынтіліоңай #ағылшынтілікурсы
12/08/2021
Hi, guys
Ағылшынша көп сөз білсең, сол тілде еркін сөйлеп, қарым-қатынас жасай алу, оқығаныңды түсіну оңай болмақ🙌🏻.
Кез келген шет тілін үйренетін адам үнемі сөздерді қайталап отырмаса ұмытып қалады😔. Оларды қалай есте сақтап қалудың тиімді жолдарын білмейді☝🏻.
Осы проблеманың шешімі ретінде мен саған полиглоттар қолданатын керемет құпия әдісті ұсынамын😇.
Бұл әдіспен 1 күнде 50 мың сөзді ұмытпайтындай есте сақтап, жаттап аласың🤗🤔.
Олай болса, профильде көрсетілген сілтемеге кіру арқылы ТЕГІН ГАЙДТЫ жүктеп ал!
#ағылшын #ағылшынтілі #ағылшынонлайн #ағылшынмұғалімі #ағылшынтіліоңай #ағылшынтілікурсы
11/08/2021
Сен үшін IELTS тапсыру қиын әрі қолжетімсіз деп ойлайсың ба?
Бірнеше рет IELTS тапсырып, бірақ ойыңдағы нәтижеге жете алмай жүрсің бе?
Олай болса, ШЕШІМ БАР👆🏻!
Тек оның бірнеше ережелерін жадыңда сақтап, соған сәйкес дайындалсаң жеткілікті.
Осы және өзге де ең басты ережелермен карусельді жылжыту арқылы таныса аласың.
IELTS тапсырғандар немесе ойлап жүргендер бар ма екен⤵️?
#ағылшын #ағылшынтілі #ағылшынонлайн #ағылшынмұғалімі #ағылшынтіліоңай #ағылшынтілікурсы
A1/beginner деңгейінің мүмкіндіктері
Vocabulary: сандар, түстер, өзі, отбасы, күнделікті істер, хоббиі туралы және ауа райын сипаттайтын сөздер
Grammar: to be, Present/Past/Future Simple, to be going to, Wh-сұрақтар, кейбір бұрыс етістіктер, жекеше/көпше, саналатын/саналмайтын зат есімдер, кейбір предлогтар
Writing: өзі туралы жазу, анкета толтыру, кішігірім имейл жазу
Speaking: Өзі, отбасы, хоббиі туралы айту, диалог кезінде сұрақтар қою
09/08/2021
Мен неге Durham университетін таңдадым?
Маған ең көп қойылатын сұрақтың бірі, неліктен “Durham” университетінде оқыдыңыз? Неге “Oxford” емес?
Ия, Англиядағы ең ең деген жоғары оқу орнының бірі “Oxford” университеті. Дегенмен, оның өзіндік минустары да бар. Мәселен, студенттерге дұрыс көңіл бөлінбеуі маған ұнамайды десем болады. Яғни, “Oxford” универі бір саған мұқтаж емес, онсызда беделі асқақтап тұр десек болады.
Ал, “Durham” университеті:
🔹Әлемнің 60 алдыңғы қатарлы университеттерінің құрамына кіреді;
🔹Англия бойынша алғашқы бестікте;
🔹Менің мамандығым яғни “TESOL” саласы бойынша 1-ші орында тұр.
🔹Сондай-ақ, “TESOL” саласы бойынша өте білікті, өздерін мойындата білген мықты ғалымдар осы оқу орнында жұмыс істейді.
Маған дәл осы университетте нағыз өз ісінің мамандарынан білім алу бұйырғанына қуаныштымын.
Себебі, шет тілін үйренудің құпия методикасын да осы универден, тәжірибелі мамандардан үйрендім. Алла қаласа, нәтижесіне алдағы уақытта куә боласыздар🙌🏻.
09/08/2021
Өзіңнің ағылшын меңгеруің қай деңгейде екенін білесің бе?
Карусельді жылжытып, берілген тапсырмаларды орындап өзіңді тексер!
Комментке пікір жазуды ұмытпа! Ал, ендеше, сәттілік🤗!
Click here to claim your Sponsored Listing.
Location
Website
Address
Nur-Sultan