akmi_mektep

akmi_mektep

Share

Contact information, map and directions, contact form, opening hours, services, ratings, photos, videos and announcements from akmi_mektep, Specialty School, Makhambet.

Photos from akmi_mektep's post 11/10/2022

√2 Арнайы мектеп-интернатының базасында "Ұстаздар күні" мерекесіне орай мұғалімдердің қатысуымен Үстел теннисінен ерлер және әйелдер арасында турнир өтті. Турнирге аудан мектептерінен және Арнайы мектеп-интернаттан ең таңдаулы теннисшілер қатысып, өзара бақ сынады. Турнирдің ашылуына қатысып, сөз алған аудан әкімінің орынбасары Светлана Ертілеуқызы әріптестерді кәсіби мерекемен құттықтап сәттілік тіледі. Сонымен қатар іскер әйелдерді қолдай келген Махамбет ауданының депутаты Джумагалиева Гулмира Сабырқызы шараға қатысып, өзінің ізгі тілегін арнады. Шараны өткізуге атсалысқан мектеп-интернаттың кәсіподақ ұйымы атынан және турнирдің жоғары деңгейде өтуіне ықпал еткен Облыстық Іскер Әйелдер Қауымдастығының төрайымы Фатима Набидуллаевнаның бастамасымен ЖК "Тусекенова", ЖК "Сулейменов", ЖК "Есенгалиев", ЖК "Елгондиев", ЖК "Кощанов" және ЖК "Туманова" атынан демеушілік жасалып, жарыс қорытындысы бойынша жүлделі орын алған жеңімпаздарға І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдар мен жарыста белсенділік танытқан үздік ойыншыларға "Алғыс хаттар" және бағалы сыйлықтар табысталды.
Жарыс соңында мектеп басшысы Ү.Үмбетқызы игі шараға мұрындық болған игі жақсыларға өз ризашылығын білдіріп, мектебімізге Үстел теннисін тарту еткен Облыстық Іскер Әйелдер Қауымдастығының белді мүшесі Байдуллиева Нұргул Нұржанқызына ерекше ықыласын "Алғыс хат" арқылы жеткізіп, естелік сыйлық табыс етті. Шараны ұйымдастырушы мектеп-интернаттың дене шынықтыру пәнінің мұғалімі, Іскер Әйелдер Қауымдастығының белді мүшесі, жеке кәсіпкер Н.Туманованың еңбегін ерекше атап өткен жөн. Кәсіпкерлік пен үстаздық еңбекті ұштастыра білген әріптесіміз Нұргүлге биік белестер мен шығармашылық табыстар тілейміз!

Photos from akmi_mektep's post 28/05/2022

"Мұражайға саясат"

02/05/2022

Еңбек пәнінің мұғалімі педагог-зерттеуші А.Сидеғалиева 7 сынып қыз балалар тобымен "Алма" жапсырма құрағы" тақырыбында ашық сабақ өткізді. Сабақ барысында оқушылардың құрақ құрау технологиясы туралы түсініктерін дамытып, жапсырма құрақтың жасалу әдісімен таныстырды. Мұғалімнің тапсырмасын тиянақты орындаған шебер қыздарымыз сабақ соңында тақырып бойынша жасалған жұмыстарын көрсетіп, қонақтарды шеберлігімен тәнті етті. Сабақ өз деңгейінде өтті.

02/05/2022

"БІЗДІҢ ШЕБЕР ДИАНА"
Апталық аясында 25 сәуір күні 7 сынып оқушысы Байсана Диананың "Өнердің көркем әлемі" тақырыбында шеберлік сыныбы өтті. Диана шеберлік сыныбында өз қолымен жасалған қолөнер бұйымдарымен таныстырып, кішкентай жастықша мен әдемі шашқа тағатын бұйымдар жасап, қатысушыларды талантымен таң қалдырды. Диананы еңбекке, ісмерлікке баулуда мұғалімі Айсұлу Зинорқызының еңбегі өте зор. Тігін машинасымен жұмыс істеудің қыр-сырын меңгеріп, әдемі әшекейлер жасауды үйренген Диананың құрбыларына үйретері мол. Біз Диана қызымызға сәттілік тілей отырып, болашағынан зор үміт күтеміз.

02/05/2022

Мектебімізде Еңбек пәндері апталығының кестесіне сай 25 сәуір күні Кәсіп пәні бойынша 9 сыныппен М.Альжанованың ашық сабағы өтті. Сабақтың тақырыбы: "Аю фотосуретіне арналған жиек" тұзды қамырмен жұмыс.

26/04/2022

Мектебімізде жылдық жоспарға сай 2022 жылдың 22-29 сәуір аралығында Еңбек пәндері бірлестігі мұғалімдерінің ұйымдастыруымен "Көп еңбек еткенге бақыт басын иеді" тақырыбында апталық өтуде. Апталықтың мақсаты- теория мен тәжірибені ұштастыра отырып, оқушыларды еңбекке баулу және әлеуметтік-тұрмыстық бағдар беру арқылы өз бетінше өмір сүруге бейімдеу болып табылады. Апталық аясында 5-9 сыныптар арасында ашық сабақтар, қолөнер көрмесі, практикалық сабақтар, шеберлік сыныптар және мамандықтар туралы тәрбиелік шаралар өткізілу жоспарлануда. Мектебіміздің оқушыларын апталыққа белсене қатысуға шақырамыз. Бірлестік жетекшісі: Сидеғалиева Айсұлу Зинорқызы.

Photos from akmi_mektep's post 10/03/2022

♦️"Бастауыш сыныптар және түзету технологиясы" бірлестігінің апталығы аясында 3 қазақ "а" сыныбында зерттеуші мұғалім Бисенғалиева Жаңагүл Қайырбергенқызының математика пәні бойынша "16 санын қосу және азайту" тақырыбында ашық сабақ берді. Сабақ барысында оқушылар қосу және азайту амалдарын бағандап орындауды меңгеріп, бірнеше тәсілдерді қолдана отырып, берілген тапсырмаларды орындап, есептер шығарды. Сергіту ойыны өте сәтті шықты. Мұғалім оқушылардың пәнге деген қызығушылығын оята білді. Сабақ тартымды өтті.

Photos from akmi_mektep's post 10/03/2022

♦️"Бастауыш сыныптар және түзету технологиясы" бірлестігінің апталығы аясында зерттеуші мұғалім Қойбақова Ұлболсын Қабсәлімқызы 3 "б" сыныппен Жазу, оқу және тіл дамыту пәнінен "Ө әрпі мен дыбысы" атты ашық сабақ өткізді. Сабақ барысында өтілген дыбыстарды қайталау арқылы оқушылардың есте сақтау, ойлау қабілеттерін арттырып қана қоймай, жаңа тақырыпты сурет бойынша ауызша сөйлеу тілін дамыта отырып, оқушылардың пәнге қызығушылығын арттыра түсті. Әр оқушымен жеке жұмыс жасап, тапсырмаларды бірге орындады. Сабақ соңында кері байланыс жасалып, оқушылар смайликтер арқылы көңіл-күйлерін жеткізді. Сабақ өз деңгейінде өтті.

Want your school to be the top-listed School/college in Makhambet?

Click here to claim your Sponsored Listing.

Location

Category

Website

Address

Makhambet