Қызылорда облысының білім басқармасы

Қызылорда облысының білім басқармасы

Share

Contact information, map and directions, contact form, opening hours, services, ratings, photos, videos and announcements from Қызылорда облысының білім басқармасы, Education Website, Kyzylorda.

Photos from Қызылорда облысының білім басқармасы 's post 22/07/2026

БІЛІМ САПАСЫ – ЖҮЙЕЛІ ЖҰМЫСТЫҢ ЖАРҚЫН КӨРІНІСІ

Биылғы оқу жылындағы білім сапасын бағалау нәтижелері өңіріміздің білім беру саласында жүргізіліп жатқан жүйелі жұмыстардың, педагогтеріміздің кәсіби еңбегінің және оқушылардың үздіксіз ізденісінің нақты нәтижесін көрсетті.

2026 жылғы 30 сәуір - 20 мамыр аралығында өткен білім алушылардың білім жетістіктерінің мониторингісі (МОДО) зерттеуіне аймақ бойынша 88 жалпы орта білім беру ұйымынан 5 546 оқушы қатысты.

Қорытындысы бойынша:
4-сынып оқушылары – республика бойынша ІІІ орын;
9-сынып оқушылары – республика бойынша ІІ орынды иеленді.
2026 жылғы Ұлттық бірыңғай тестілеудің орташа балы 74,90-ды құрап, республика бойынша өңіріміз үшінші жыл қатарынан І орыннан көрінді.

Бұл жетістіктер соңғы жылдары аймақтың білім саласына деген Мемлекет басшысының, Үкіметтің және қазіргі ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Нұрлыбек Машбекұлының облыс әкімі кезіндегі ерекше қолдауының нәтижесі және мектептерде білім сапасын арттыруға бағытталған жүйелі жұмыстың, педагогтердің кәсіби шеберлігінің, оқушылардың қажырлы еңбегі мен ата-аналардың қолдауының ортақ жемісі.

Алдағы уақытта да әрбір баланың сапалы білім алып, өз қабілетін толық ашуына жағдай жасау – облыстық білім басқармасының басты міндеті болып қала береді.

Осындай жоғары нәтижеге үлес қосқан барлық педагогтерге, білім беру ұйымдарының басшыларына, оқушыларға, ата-аналарға шынайы алғысымызды білдіреміз.

@Қызылорда облысы білім басқармасының баспасөз қызметі

10/07/2026

ОБЛЫС АУМАҒЫНДА БАЛА ҚАУІПСІЗДІГІНЕ БАҒЫТТАЛҒАН РЕЙД ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ

Photos from Қызылорда облысының білім басқармасы 's post 10/07/2026

ОБЛЫС АУМАҒЫНДА БАЛА ҚАУІПСІЗДІГІНЕ БАҒЫТТАЛҒАН РЕЙД ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ

«Заң мен тәртіп» қағидаты және «Саналы ұрпақ» жобасы аясында облыс аумағында кәмелетке толмағандар арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу және балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында кешенді профилактикалық рейд ұйымдастырылды.

Іс-шараға облыстық білім, балалар құқықтарын қорғау басқармалары, облыстық прокуратура және полиция департаментінің қызметкерлері қатысып, тұрғындармен кең көлемде ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Рейд барысында бала қауіпсіздігіне қатысты өзекті мәселелерге ерекше назар аударылып, ата-аналарға балалардың терезеден құлауының алдын алу, судағы қауіпсіздік талаптарын сақтау, жазғы демалыс кезеңінде балаларды қараусыз қалдырмау және олардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретін жағдайлардың алдын алу жөнінде түсіндірме берілді.

Сонымен қатар, бірлескен топтар ойын-сауық орындары мен компьютерлік клубтарды аралап, кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта заңды өкілдерінсіз жүру фактілерін анықтау және құқық бұзушылықтардың алдын алу бағытында бақылау жұмыстарын жүргізді.

Құрметті ата-аналар!

Баланың қауіпсіздігі – ең алдымен отбасының жауапкершілігі. Балаларыңыздың бос уақытын тиімді ұйымдастырып, олардың қайда жүргеніне тұрақты бақылау жасап, қауіпсіздік талаптарын сақтауға ерекше мән берулеріңізді сұраймыз.

@Қызылорда облысы білім басқармасының баспасөз қызметі

09/07/2026

АЗАМАТТАРДЫ ЖЕКЕ ҚАБЫЛДАУ

Photos from Қызылорда облысының білім басқармасы 's post 09/07/2026

АЗАМАТТАРДЫ ЖЕКЕ ҚАБЫЛДАУ

Қызылорда облысы білім басқармасының басшысы Асқарбек Есжанов азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдады.

Қабылдау барысында тұрғындар білім беру ұйымдарына жұмысқа орналасу, сондай-ақ білім беру саласына қатысты өзге де өтініштері мен ұсыныстарын жеткізді. Азаматтардың көтерген әрбір мәселесі мұқият тыңдалып, жан-жақты қарастырылды. Қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкес тиісті түсіндірмелер беріліп, жекелеген мәселелер бойынша шешу жолдары ұсынылды.

Қабылдау қорытындысы бойынша көтерілген мәселелерді зерделеу және заңнама аясында тиісті шаралар қабылдау мақсатында жауапты құрылымдық бөлімше басшыларына нақты тапсырмалар жүктелді. Сонымен қатар, азаматтардың өтініштерін сапалы әрі уақтылы қарау қамтамасыз етіліп, тапсырмалардың орындалуы басқарма басшысының бақылауына алынды.

@Қызылорда облысы білім басқармасының баспасөз қызметі

02/07/2026

АУЫЛ МЕКТЕБІ ТҮЛЕГІНІҢ ЖЕТІСТІГІ

Кеше Қызылорда қаласындағы аймақтық тестілеу орталығында өткен Ұлттық бірыңғай тестілеуде Альфия Балхан ең жоғары көрсеткішке қол жеткізіп, 140 балл жинады.
Талапкер негізгі білім сынағында «Қазақ тілі – қазақ әдебиеті» пәндері комбинациясы бойынша 138 балл иеленген. ҚАЗТЕСТ нәтижесіндегі «Қазақ тілі» пәні бойынша балын конвертациялап, жалпы көрсеткішін 140-қа жеткізді.

Жалағаш ауданы Еңбек ауылындағы №232 М.Байділдаев атындағы орта мектептің түлегі ҰБТ-ға дайындықты 11-сыныпқа өткеннен бастап жүйелі жүргізген. Таңдаған мамандығы – қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі. Талапкердің сөзінше, қазақ әдебиетіне қызығушылығы мен ана тіліне құрметі болашақ мамандығын таңдауға негіз болған.

Сондай-ақ ол ҰБТ-ға дайындық барысында қолдау білдірген ата-анасы мен ұстаздарына алғысын жеткізді.

Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі

25/06/2026

Қызылорда қаласы

1. https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda-bilim/press/events/details/47036?directionId=3192&lang=kk
2. https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda-bilim/press/events/details/47037?directionId=3192&lang=kk
3. https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda-bilim/press/events/details/47038?directionId=3192&lang=kk


Арал ауданы

1. https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda-bilim/press/events/details/47039?directionId=10772&lang=kk
2. https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda-bilim/press/events/details/47040?directionId=3192&lang=kk
3. https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda-bilim/press/events/details/47041?directionId=3192&lang=kk
4. https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda-bilim/press/events/details/47078?directionId=10772&lang=kk
5. https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda-bilim/press/events/details/47079?directionId=10772&lang=kk
6. https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda-bilim/press/events/details/47080?directionId=10772&lang=kk


Қазалы ауданы

1. https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda-bilim/press/events/details/47048?directionId=3192&lang=kk
2. https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda-bilim/press/events/details/47049?directionId=3192&lang=kk


Қармақшы ауданы

1. https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda-bilim/press/events/details/47054?directionId=3192&lang=kk
2. https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda-bilim/press/events/details/47056?directionId=3192&lang=kk
3. https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda-bilim/press/events/details/47057?directionId=3192&lang=kk
4. https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda-bilim/press/events/details/47058?directionId=3192&lang=kk
5. https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda-bilim/press/events/details/47059?directionId=3192&lang=kk
6. https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda-bilim/press/events/details/47060?directionId=3192&lang=kk
7. https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda-bilim/press/events/details/47061?directionId=3192&lang=kk
8. https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda-bilim/press/events/details/47062?directionId=3192&lang=kk
9. https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda-bilim/press/events/details/47064?directionId=3192&lang=kk
10. https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda-bilim/press/events/details/47077?directionId=3192&lang=kk


Сырдария ауданы

1. https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda-bilim/press/events/details/47076?directionId=3192&lang=kk


Жаңақорған ауданы

1. https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda-bilim/press/events/details/47084?directionId=10772&lang=kk
2. https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda-bilim/press/events/details/47085?directionId=3192&lang=kk
3. https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda-bilim/press/events/details/47086?directionId=3192&lang=kk
4. https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda-bilim/press/events/details/47087?directionId=3192&lang=kk
5. https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda-bilim/press/events/details/47088?directionId=3192&lang=kk
6. https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda-bilim/press/events/details/47089?directionId=3192&lang=kk
7. https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda-bilim/press/events/details/47090?directionId=3191&lang=kk


Шиелі ауданы

1. https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda-bilim/press/events/details/47069?directionId=10772&lang=kk
2. https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda-bilim/press/events/details/47070?directionId=10772&lang=kk
3. https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda-bilim/press/events/details/47071?directionId=3192&lang=kk
4. https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda-bilim/press/events/details/47072?directionId=3192&lang=kk
5. https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda-bilim/press/events/details/47073?directionId=3192&lang=kk
6. https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda-bilim/press/events/details/47074?directionId=3192&lang=kk
7. https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda-bilim/press/events/details/47081?directionId=10772&lang=kk
8. https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda-bilim/press/events/details/47082?directionId=10772&lang=kk
9. https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda-bilim/press/events/details/47083?directionId=3192&lang=kk

Облыстық мекемелер

1. https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda-bilim/press/events/details/47098?directionId=4612&lang=kk
2. https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda-bilim/press/events/details/47099?directionId=4612&lang=kk
3. https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda-bilim/press/events/details/47101?directionId=4612&lang=kk
4. https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda-bilim/press/events/details/47102?directionId=3193&lang=kk

КОНКУРС ЖАРИЯЛАЙДЫ Қызылорда облысы әкімдігінің «Қызылорда облысының білім басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Қызылорда облысы, Шиелі ауданы, Шиелі кенті, Әбутәліп Бижан...

24/06/2026

2026 ЖЫЛҒЫ 25 МАУСЫМНАН БАСТАП КОЛЛЕДЖДЕРГЕ ҚҰЖАТТАРДЫ ҚАБЫЛДАУ БАСТАЛАДЫ

24/06/2026

БАСҚАРМА БАСШЫСЫ САЛА МАМАНДАРЫН МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕР КҮНІМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ

23 маусым – Мемлекеттік қызметшілер күніне орай Қызылорда облысының білім басқармасында сала мамандарына құрмет көрсетілді.

Басқарма басшысы Асқарбек Есжанов әріптестерін кәсіби мерекемен құттықтап, мемлекеттік қызметтің қоғам мен мемлекет дамуындағы маңызды рөлін атап өтті. Сондай-ақ білім саласындағы мемлекеттік қызметшілердің өңірдің дамуы мен өскелең ұрпақтың сапалы білім алуына қосып жүрген үлесіне тоқталып, олардың жауапты еңбегіне алғысын білдірді.

Іс-шара барысында қызметтік міндеттерін жоғары деңгейде атқарып жүрген бірқатар мемлекеттік қызметшілер Қызылорда облысы әкімінің және басқарма басшысының Алғыс хаттарымен марапатталды.

Сонымен қатар, Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес жаңадан құрылған Балалардың құқықтарын қорғау басқармасына ауысқан қызметкерлерге құрмет көрсетілді. Басқарма басшысы олардың бала құқықтарын қорғау саласындағы жемісті еңбегіне ризашылығын білдіріп, ұжым атынан алғысын айтты.

@Қызылорда облысы білім басқармасының баспасөз қызметі

Want your school to be the top-listed School/college in Kyzylorda?

Click here to claim your Sponsored Listing.

Location

Website

Address

Kyzylorda