Жаңақорған ауданының Арнайы Мамандары

Жаңақорған ауданының Арнайы Мамандары

Share

Contact information, map and directions, contact form, opening hours, services, ratings, photos, videos and announcements from Жаңақорған ауданының Арнайы Мамандары, Child Development, Жаңақорған ауданы, Kyzylorda.

01/03/2025

10.02-14.02.2025ж аралығында №195 мектеп-гимназиясында арнайы педагог Әлімбекова Ажар мен мектеп психологтары Ізбанова Гаухар, Берікқызы Аяулымның ұйымдастыруымен "Санаға сәуле шашқан мамандар" атты апталығы болып өтті. Апталықтың ашылуына орай мектеп мұғалімдеріне "Бір сұрақ-бір бауырсақ" айдары, мектеп білім алушыларына "Амандасып тәтті ал" айдары өтті. 11.02.2025 күні арнайы педагог Әлімбекова Ажар ерекше білім беруді қажет ететін білім алушылармен "Бір таңбалы сандарды қосу және азайту" тақырыбында ашық сабақ өтті. Ашық сабақта "Алма", "Кубик", "Санамақ" әдістері пайдаланылды. 12.02.2025 күні "Көңілді үзіліс" ұйымдастырып, оқушыларға көтеріңкі көңіл-күй сыйлады. 13.02.2025 күні арнайы педагог мектеп мұғалімдеріне "Жалпы білім беру бағдарламасын бейімдеу алгоритмі" тақырыбында семинар өткізді. Жалпы білім беру бағдарламасын қалай бейімдеу керектігін түсіндірді, кеңес берді. 14.02.2025 күні ата-аналарға "Көбейту кестесін жаттаудың тиімді тәсілдері" тақырыбында кеңес берді. Көбейту кестесін жаттаудың оңтайлы жолдарымен бөлісті. Апталықтың жабылуына орай мектеп психологтары мен арнайы педагогы "Жүректен жүрекке" іс-шарасын ұйымдастырып, ерекше білім беруді қажет ететін білім алушыларға алғыс хат және сыйлықтар беру арқылы жүректеріне жылу ұялатты.

09/02/2025

110 мектеп-лицей педагог-логопед маманы И.Аметованың "Ептілікті байқау" тақырыбында , түзете-дамыту сабақтарын алушы балалардың ұсақ- қол моторикасын дамыту, тыныс алу жаттығулары,кеңістікті бағдарлай алуға,нейрожаттығу,ептілікке, жылдамдыққа үйрету мақсатында өткізілген дидактикалық түзете-дамытушы ойыны.

06/02/2025

163 орта мектебінің педагог-логопеді Т.Абдрахманованың жоспар бойынша “Кішірейткіш -еркелету мәніндегі сөздер” тақырыбында өтілген сабағынан үзінді.
Сабақтың мақсаты:
- Кішірейткіш-еркелету мәніндегі сөздерді пайдалануды үйрету (үй-үйшік, көл-көлшік); - Енжар және белсенді сөздік қорын дамыту; - Естіп қабылдауын дамыту;

20/01/2025

29.11.2024ж
"САНАҒА СӘУЛЕ ШАШҚАН - МАМАНДАР" дефектолог, логопед мамандарының мейрамы құрметіне орай ұйымдастырылған, аудандық мерекелік іс-шара . #Арнайымамандар #дефектолог #логопед

Photos from Жаңақорған ауданының Арнайы Мамандары's post 20/01/2025

"САНАҒА СӘУЛЕ ШАШҚАН - МАМАНДАР" Жаңақорған аудандық білім бөлімінің ұйымдастыруымен 2024 жылдың 29 қараша күні Жаңақорған ауданы Абдуллаев Аманкелді зияткерлік мектеп интернат базасында мектепке дейінгі және мектеп ұйымдарының барлық Арнайы _(Дефектолог және Логопед)_ мамандардың қатысуымен мерекелік іс-шара өткізілді. Аталған шараға Аудан әкімінің орынбасары, Аудандық білім бөлім басшысы, Аудандық білім қызметкерлері салалық кәсіподақ комитетеінің төрағасы, Аудандық Аманат партиясының басшысы, Педагогика-Психологиялық түзету кобинетінің меңгерушісі, Аудандық мектепке дейінгі ұйымның әдіскері, Аудандық редакция бөлімінен шақырылды.

Photos from Жаңақорған ауданының Арнайы Мамандары's post 20/01/2025

Күні: 30.04.2024ж
«Заманауи әдіс-тәсілдерді тиімді пайдалану арқылы сапалы инклюзивті білім беруді ұйымдастыру» облыстық семинарынан естелік суреттер

Want your school to be the top-listed School/college in Kyzylorda?

Click here to claim your Sponsored Listing.

Location

Website

Address

Жаңақорған ауданы
Kyzylorda