1-ші сынып оқушыларының мектеп өміріне бейімделуіне арналған
«Біздің сынып – бұл біз» тренингі өтті.
Тренингке оқушылар белсенді қатысты. Балалар ортақ ережелерді құрып, өз сыныптарының біртұтас ұжым екенін сезінді.
#бастауыш
#мектеппсихолог
Өскенбай Жұмаділла атындағы Дбм
Қазіргі заманда білімді және кәсіби маман болу өте маңызды. —Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев
16/02/2026
📚 «Шын жүректен кітап сыйла» челленджі
Кітап-білімнің кілті, рухани байлықтың бастауы. Мектебімізде «Шын жүректен кітап сыйла» челленджі ұйымдастырылды.
Шараның мақсаты-оқушылардың арттыру, кітапқа деген сүйіспеншілігін қалыптастыру және бір-біріне ізгі ниетпен рухани сый жасауға шақыру.
Челлендж барысында оқушылар өздерінің сүйікті кітаптарын достарына және мектеп кітапханасына туралы ой бөлісті.
Әсіресе Абай Құнанбайұлы мен Мұхтар Әуезов сынды қазақ әдебиетінің алыптарының еңбектері кеңінен насихатталды.
Кітап сыйлау-жүректен жүрекке жол табатын ең құнды сый.
Оқуға шақырамыз! 📚💛
#ШынЖүректенКітапСыйла
#КітапОқу
#РуханиБайлық
30/01/2026
🔰«Даналық мектебі» жобасы аясында «Ағасы бардың жағасы бар» тақырыбында тәрбиелік жұмыс өткізілді. Іс-шараның мақсаты – оқушыларға аға мен іні, үлкен мен кіші арасындағы сыйластықты, бауырмалдықты, жауапкершілікті түсіндіру, отбасылық құндылықтарды дәріптеу.
Тәрбиелік жұмыс барысында оқушылар ағалық қамқорлық, бауыр арасындағы татулық туралы ой бөлісіп, нақыл сөздер мен өмірлік мысалдар келтірді. Тақырыпқа сай әңгіме-дүкен, сұрақ-жауап ұйымдастырылып, оқушылардың өз ойларын еркін жеткізуіне мүмкіндік берілді.
Іс-шара оқушылардың адамгершілік қасиеттерін қалыптастыруға, үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсетуге тәрбиелеуге бағытталды.
Бастауыш сынып мұғалімі: Жауғашбаева. М
Жамбыл Жабаевтың 180 жылдығына арналған мектепішілік жұмыс
Атамыздың нақыл сөздері
#жамбылатамыз
#бастауышсыныпмұғалімдері
30/01/2026
🔰 Жамбыл Жабаевтың туғанына 180 жыл толуына орай 4-сынып «Жас қыран» ұйымы оқушылары арасында танымдық-тәрбиелік жұмыс өткізілді.
Іс-шараның мақсаты – қазақ халқының ұлы ақыны, жыр алыбы Жамбыл Жабаевтың өмірі мен шығармашылығын оқушыларға таныту, олардың әдебиетке деген қызығушылығын арттыру, ұлттық рух пен патриоттық сезімін қалыптастыру.
Шара барысында оқушылар ақынның өмір жолымен танысып, өлеңдерін мәнерлеп оқыды, Жамбыл шығармашылығы туралы мағлұматтар алды. Сонымен қатар тақырыпқа сай сұрақ-жауап, шығармашылық тапсырмалар орындалды.
Өткізілген жұмыс оқушылардың білім көкжиегін кеңейтіп, рухани-адамгершілік тәрбие беруге ықпал етті.
Мектеп аға тәлімгері: Алмашова. Г
📗«Дос болайық бәріміз» акциясы психологпен бірлесе отырып оқушылармен өткізілді. Іс-шара барысында балаларға бірлік пен достыққа бағытталған ойындар ойнатылып, достықтың маңызы түсіндірілді.
Мектеп психологы: Әбділат Әсел
Тақырыбы:«Ертегілер әлемінде»
Форматы:Кітап көрмесі
Мақсаты:
– Оқушыларды ертегі әлемімен таныстыру;
– Қиялын, тіл байлығын, оқуға қызығушылығын арттыру;
– Халық ауыз әдебиеті мен авторлық ертегілердің мән-мағынасын түсіндіру.
Өткізілу барысы:
Көрмеде қазақ және әлем ертегілері, танымал жазушылардың балаларға арналған шығармалары қойылды. Оқушыларға ертегілердің мазмұны мен кейіпкерлері жайлы сұрақтар қойылып, қызықты пікір алмасу өтті. Белсенді оқушылар ертегі кейіпкерлерін сомдап, шағын көріністер көрсетті.
Қорытынды:
Көрме балаларды ертегі оқуға баулып, кітапқа деген қызығушылығын оятты. Оқушылар ертегі арқылы жақсылық пен жамандықты ажыратып, тәрбиелік мәнін ұғынды.
14/01/2026
Тақырыбы:«Ертегілер әлемінде»
Форматы:Кітап көрмесі
Мақсаты:
– Оқушыларды ертегі әлемімен таныстыру;
– Қиялын, тіл байлығын, оқуға қызығушылығын арттыру;
– Халық ауыз әдебиеті мен авторлық ертегілердің мән-мағынасын түсіндіру.
Өткізілу барысы:
Көрмеде қазақ және әлем ертегілері, танымал жазушылардың балаларға арналған шығармалары қойылды. Оқушыларға ертегілердің мазмұны мен кейіпкерлері жайлы сұрақтар қойылып, қызықты пікір алмасу өтті. Белсенді оқушылар ертегі кейіпкерлерін сомдап, шағын көріністер көрсетті.
Қорытынды:
Көрме балаларды ертегі оқуға баулып, кітапқа деген қызығушылығын оятты. Оқушылар ертегі арқылы жақсылық пен жамандықты ажыратып, тәрбиелік мәнін ұғынды.
#бастауышмұғалім
#кітапхана
#көрмежұмысы
Өскенбай Жұмаділла атындағы дарынды балалар мектебінің
4Б,4В,4Ә сыныптарының,жаңа жылдық іс-шарасынан үзінді🎄😍
Click here to claim your Sponsored Listing.
Location
Category
Website
Address
Kyzylorda
Opening Hours
| Monday | 08:00 - 18:00 |
| Tuesday | 08:00 - 18:00 |
| Wednesday | 08:00 - 18:00 |
| Thursday | 08:00 - 18:00 |
| Friday | 08:00 - 18:00 |