zhaszanger

zhaszanger

Share

Contact information, map and directions, contact form, opening hours, services, ratings, photos, videos and announcements from zhaszanger, Education, Kyzylorda.

Қорқыт Ата Қызылорда университеті Экономика және құқық институты . Құқықтану кафедрасы жанынан Жас Заңгер ғылыми-зерттеу үйірмесі.
🔶Кафедрамыздың ізденіске құштар заңгер студенттерімізді үйірме мүшелігіне шақырамыз!!!

Photos from zhaszanger's post 19/04/2026

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университеті, Экономика және құқықтану бөлімінің Ю 24-1 оқу тобының студенті Жарасұлы Арсен халықаралық деңгейдегі ғылыми конференцияға қатысып, сертификат иеленді.

Арсен «Криптовалюталарды қылмыстық-құқықтық реттеудің ерекшеліктері: ішкі және халықаралық тәжірибе» тақырыбында ғылыми жұмыс ұсынып, ХХVIII Бүкілресейлік «Жас ғалымдар» ғылыми-практикалық конференциясында өз білімін жоғары деңгейде көрсетті.
Ғылыми жетекшісі: Жумагулова Шолпан Рүстемқызы

🎓 Жас ғалымымызға алдағы уақытта жаңа жетістіктер мен толағай табыстар тілейміз! @010.ars

Photos from zhaszanger's post 19/04/2026

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің Экономика және құқықтану бөлімінің Ю-24-5 оқу тобының студенті Қабылбек Дінмұхамед халықаралық деңгейде үлкен жетістікке жетті 🎉

Ол «Ғылыми зерттеулер 2026» атты ХХІ халықаралық ғылыми-практикалық конференциясында «Заң ғылымдары» секциясы бойынша 🥇 І орын иеленді.

📚 Ғылыми жұмысының тақырыбы:
«Көлік қылмыстары: жол-көлік қауіпсіздігін қамтамасыз етудің өзекті мәселелері және мас күйінде көлік құралын басқаруды құқықтық реттеу»

👨‍🏫 Ғылыми жетекшісі: Жумагулова Шолпан Рүстемқызы

Бұл жетістік – білім мен еңбектің, табандылықтың нәтижесі.
Құттықтаймыз! Алдағы уақытта бұдан да биік белестерді бағындыруға тілектеспіз

Photos from zhaszanger's post 17/04/2026

Жас заңгер үйірмесі университетімізде 17.04.2026ж өткізілген
«СТУДЕНТТІК ҒЫЛЫМ - 2026»
XXVIII дәстүрлі студенттік ғылыми конференциясына қатысты. Үйірме дипломмен марапатталды.

Үйірме мүшелері өздерінің ғылыми ізденістері мен жетістіктерін таныстырып, тәжірибе алмасып, жаңа идеялармен бөлісті. Бұл конференция студенттердің ғылыми әлеуетін арттыруға үлкен мүмкіндік болды.

Жас заңгерлер алдағы уақытта да белсенділік танытып, жаңа белестерді бағындыруды мақсат етеді!

Photos from zhaszanger's post 16/04/2026

«Жас-заңгер» ғылыми-зерттеу үйірмесінің 2025-2026 жылдардағы жетістіктері.

27/03/2026
Photos from zhaszanger's post 27/03/2026

2026 жылғы 27 наурыз күні Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университетінде Экономика және құқық институтының жанындағы «Жас заңгер» ғылыми-зерттеу үйірмесінің ұйымдастыруымен
«Қазіргі жаһандану және цифрландыру жағдайында Қазақстанның құқықтық жүйесін жаңғырту мәселелері» тақырыбында ғылыми мақала жобасы сайысы өткізілді.

Сайыс барысында қатысушылар кибербуллинг, цифрлық технологиялар, еңбек құқығы, қылмыстық құқық және өзге де өзекті тақырыптар бойынша ғылыми жобаларын қорғады.

Іс-шараға қазылар алқасы ретінде:
• Берікбол Ұзақұлы Байхожаев – ҚР Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Қызылорда облысы бойынша өкілі
• Жаппасбаев Әлібек Бақытжанұлы – Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс офицері
• Каржаубаева Ляззат Майлибаевна – заң ғылымдарының кандидаты, аға оқытушы

қатысып, қатысушылардың жұмыстарына әділ бағаларын берді.

Алғы сөзді «Жас заңгер» ғылыми-зерттеу үйірмесінің жетекшісі, заң ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор Жумагулова Шолпан Рүстемқызы сөйледі.

🏆 Сайыс қорытындысы бойынша жеңімпаздар:

🥇 І орын
– Ұлықбекұлы Сейтмұрат (Ю-25-7)
Ғылыми жетекшісі – Тойлыбекова Эльмира

🥈 ІІ орын
– Серік Мадина (Ю-23-5)
Ғылыми жетекшісі – Муйденова Алия

– Кушербаева Жанэль (ГМУ-25-1)
Ғылыми жетекшісі – Абубакирова Гүлнұр

🥉 ІІІ орын
– Әділхан Ақжан (Ю-23-3)
Ғылыми жетекшісі – Саниязова Еркемай

– Қабылбек Дінмұхаммед (Ю-24-5)
Ғылыми жетекшісі – Жумагулова Шолпан

– Өмірбек Арайлым (Ю-24-1)
Ғылыми жетекшісі – Жусупбекова Мадина

Сайысқа қатысқан өзге студенттер белсенділігі үшін алғыс хаттармен марапатталды.

Іс-шара жоғары деңгейде ұйымдастырылып, ғылыми пікір алмасу алаңына айналды.

04/02/2026

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университеті Экономика және құқық институты жанындағы «Жас Заңгер» ғылыми-зерттеу үйірмесінің ұйымдастыруымен
«Ұлттық құрылтай және конституциялық реформалар: қоғамдық келісімнің жаңа үлгісі» тақырыбында дөңгелек үстел жоғары деңгейде өтті.

Іс-шараға сырттан арнайы шақырылған спикерлер қатысып, мазмұнды баяндамалар жасады. Атап айтқанда, Қызылорда облысының аумақтық сайлау комиссиясының мүшесі Тағыберген Абай Тағыбергенұлы, «Қоғамдық келісім» КММ директорының орынбасары Омаров Дәулет Кәрібайұлы, сондай-ақ сала мамандары конституциялық реформалар, адам құқықтары және қоғамдық келісім мәселелері бойынша өз ой-пікірлерін ортаға салды.

Сонымен қатар ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Қызылорда облысы бойынша филиалының директоры, заң ғылымдарының кандидаты Мадалиева Ақзада Алайдарқызы және университет оқытушылары да баяндама жасап, тақырыпты жан-жақты ашып көрсетті.

Дөңгелек үстел барысында қатысушылар арасында белсенді пікірталас өтіп, нақты ұсыныстар айтылды.

Дөңгелек үстелдің жоғары деңгейде өтуіне үлес қосқан барша қатысушыларға шынайы алғысымызды білдіреміз!

Want your school to be the top-listed School/college in Kyzylorda?

Click here to claim your Sponsored Listing.

Location

Category

Website

Address

Kyzylorda