gtakokshe

gtakokshe

Share

Гуманитарно-техническая академия (бывший КИЭМ)

22/03/2026

21 наурыз - Ынтымақ күні

Оның басты мақсаты - жалпы халық
арасында бір-біріне деген сый-құрметті арттырып, татулық пен бірлікті насихаттау.
Ынтымақ күні — ел үшін маңызды
тарихи оқиғалар мен ұлттың
жетістіктерін еске алу уақыты, сонымен қатар елдегі әртүрлі топтар мен коғамдық топтарды біріктірудің
маңыздылығын білдіреді.

22/03/2026

20 наурыз-ұлттық спорт күні

Ұлттық спорт күні - еліміздің тарихы мен мәдениетінің маңызды бөлігі
саналатын қазақтың ұлттық спорт
түрлерін дәріптеу, оларды кеңінен насихаттау мақсатында атап өтілетін
мереке.

22/03/2026

19 наурыз — Жаңару күні.
Бұл мереке еліміздің дамуындағы жаңа белестер мен әр азаматтың жеке бастамаларына жол ашады. Мақсаттар айқындалып, жарқын болашаққа қадам басатын шақ.

18/03/2026

Ұлттық киім күні 🇰🇿

Ұлттық киім – халқымыздың тарихы мен мәдениетінің айнасы. Әр ою, әр өрнек – ата-бабадан қалған асыл мұра. Бүгінгі күн – ұлттық құндылықтарды дәріптеп, өз болмысымызды мақтан тұтатын ерекше мереке.

Ұлттық киім кию – дәстүрге құрмет!

17/03/2026

Шаңырақ күні құтты болсын!

Шаңырақ — отбасының бірлігі мен берекесінің, татулық пен жылулықтың символы. Бұл күн әрбір шаңырақтың берік болуын, жақындар арасындағы махаббат пен құрметті күшейтеді.
Әр үйде шаттық, әр жүректе мейірім болсын!
Отбасыларыңыз аман, шаңырақтарыңыз биік, керегелеріңіз кең болсын!

17/03/2026

16 Наурыз-Мәдениет және ұлттық салт-дәстүр күні

Келін түсіру — қазақ халқының ең әдемі әрі маңызды дәстүрлерінің бірі.
Бұл — келінді алғаш рет күйеуінің шаңырағына әкеліп, жаңа отбасыға қабылдайтын салтанатты сәт. Осы күні үлкенге құрмет, бата беру және жаңа өмірдің басталуын білдіретін түрлі дәстүрлер орындалады. Ерекше мәнге ие сәттердің бірі — келінге орамал тағу. Бұл — оның инабаттылығының, даналығының және жаңа отбасындағы рөлін қабылдауының белгісі.
Келін түсіру — жай ғана дәстүр емес, ол отбасы, сыйластық және ұрпақ сабақтастығы сияқты құндылықтардың көрінісі.

16/03/2026

14 наурыз — Көрісу күні.
Бұл күнді "Амал мерекесі" деп те атайды.
Адамдар осы күні бұрынғы өкпе-ренішін кешіріп, бір-біріне амандық-саулық тілейді. Көрісу күнінде жасы кіші адам үлкен кісінің үйіне барып көрісіп шығады. Міндетті түрде кем дегенде үш үйдің есігін ашу керек деген ырым бар. Әсіресе құдайы көршіге алдыңғы ретте кіріп шыққан жөн.
Жыл басында бірін-бірі көріп
үлгермеген алыстағы туыс-туған жыл
ортасына дейін кездесіп, көрісе береді. Бұл - ұрпақты татулық пен
бауырмалдыққа тәрбиелеу, ізеттілік пен мейірімге баулу үрдісі.

15/03/2026

14 наурыз - Көрісу күні құтты болсын!

Бұл күн - халкымыздың ежелден
келе жатқан әдемі дәстүрлерінің бірі.
Көрісу күні адамдар бір-бірімен
қауышып, қол алысып, амандық-
саулық сұрасып, «Бір жасыңмен!» деп ақ тілектерін арнайды. Бұл - тек көрісу ғана емес, бұл -
сыйластықтың, татулықтың, мейірім мен бірліктің белгісі.
Осы Көрісу күні баршаңызга зор
денсаулық, ұзақ гұмыр,
отбасыларыңызга береке мен бақыт
тілейміз. Әр шаңыраққа шаттық,
молшылық және қуаныш орнасын!
Ұлыстың ұлы күні карсаңындағы бұл
мереке баршамызға жақсылық пен
жылулық сыйласын.

15/03/2026
15/03/2026

«Менің құқығым — менің қорғанысым»

13 наурызда Гуманитарлық-техникалық академиясында Жалпы білім беретін және техникалық пәндер кафедрасының оқытушысы М.А. Байкеновтің ұйымдастыруымен «Менің құқығым — менің қорғанысым» атты танымдық викторина өтті.
Іс-шараның мақсаты — білім алушылардың адам құқықтары, оларды қорғау тәсілдері туралы білімдерін тексеру әрі кеңейту, сондай-ақ құқықтық мәдениетті қалыптастырып, заңдарды сақтауға жауапкершілікпен қарауға тәрбиелеу.
Викторина барысында студенттер сұрақтарға жауап беріп, тақырыптық тапсырмаларды орындады және азаматтардың құқықтары мен міндеттерінің маңызды тұстарын талқылады. Іс-шара белсенді әрі танымдық жағдайда өтіп, жастар арасында құқықтық сауаттылық пен азаматтық жауапкершіліктің дамуына ықпал етті.

Тәрбие жұмыс бөлімі

Photos from gtakokshe's post 15/03/2026

«Таза Қазақстан және қоғамның экологиялық жауапкершілігі»
11 наурыз күні Гуманитарлық-техникалық академиясында «Таза Қазақстан және қоғамның экологиялық жауапкершілігі» тақырыбында кураторлық сағат өтті. Іс-шараны оқытушы Сейтікова Г.Б. ұйымдастырып, өткізді.
Іс-шара барысында жастардың экологиялық ойлауын қалыптастыру, табиғатты жауапкершілікпен пайдалану және тұрақты даму қағидаттары туралы маңызды мәселелер талқыланды. Студенттерге жеке экологиялық жауапкершіліктің маңызы, экологиялық жобалар мен бастамаларға қатысу мүмкіндіктері, сондай-ақ қоршаған ортаны қорғау саласында жоғары оқу орындары, мемлекет және қоғам арасындағы өзара ынтымақтастықтың маңызы түсіндірілді.
Кездесу мазмұнды әрі танымдық форматта өтіп, студенттерді табиғатты қорғауға және қоршаған ортаға жауапкершілікпен қарауға шақырды.

🌿 «Чистый Казахстан и экологическая ответственность общества»
11 марта в стенах Гуманитарно-технической академии прошёл кураторский час на тему «Чистый Казахстан и экологическая ответственность общества», организованный преподавателем Сейтиковой Г.Б.
В ходе мероприятия были обсуждены важные вопросы формирования экологического мышления у молодежи, бережного отношения к природе и принципов устойчивого развития. Студенты узнали о значении личной экологической ответственности, возможностях участия в экологических проектах и инициативах, а также о роли вузов, государства и общества в сохранении окружающей среды.
Встреча прошла в познавательной и вдохновляющей атмосфере, побуждая студентов задуматься о важности экологической культуры и личного вклада каждого в сохранение природы.

Отдел по воспитательной работе

Want your school to be the top-listed School/college in Kokshetau?

Click here to claim your Sponsored Listing.

Location

Telephone

Website

Address

Djambula 35
Kokshetau
020000

Opening Hours

Monday 09:00 - 17:00
Tuesday 09:00 - 17:00
Wednesday 09:00 - 17:00
Thursday 09:00 - 17:00
Friday 09:00 - 17:00
Saturday 10:00 - 17:00