Электр жүйелерін цифрлық модельдеу» оқу зертханасы
Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің мерейлі 30 жылдығына арналған кешенді 30 жобаның он екіншісі – «Электр жүйелерін цифрлық модельдеу» оқу зертханасы. Заманауи оқу зертханасын құрудағы негізгі мақсат – болашақ инженерлердің кәсіби құзыреттілігін қалыптастыру және энергия жүйелерін цифрлық модельдеудің бағдарламалық кешендерін іске асырудың теориялық және практикалық дағдыларын меңгерту. Кентау кампусында ашылған зертхана кәсіби даярланатын инженерлік іс бағыты бойынша білім беру бағдарламаларын жүзеге асыруға бағытталған. Ғылыми-техникалық семинарлар ұйымдастыру арқылы кәсіби маман даярлау сапасын арттыруды көздейді. Білім алушылар түрлі апатты режимдер кезінде релелік қорғаныстардың қалай жұмыс істейтіндігін, қосалқы стансадағы жабдықтардың қорғалуын басқару, апаттық дабыл қағу құрылғыларының іске қосылуын бақылап, көрсеткіштерін зерттеуді үйренуде. Оқу зертханасындағы сабақ үдерісінде «Өндірісті электрмен жабдықтау», «Релелік қорғаныс және автоматика», «Станса және қосалқы станса» мен «Электр жабдықтары» және «Өлшеуіш техникалары» пәндері оқытылады.
#30жылдық30жоба
Yasawi_university
Contact information, map and directions, contact form, opening hours, services, ratings, photos, videos and announcements from Yasawi_university, Campus Building, Kentau.
07/06/2022
ІХ Республикалық «Ясауи» пәндік олимпиадасы қорытындыланды!🥳🎊
Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті 11 және 12 сынып мектеп бітірушілер арасында ІХ Республикалық «Ясауи» пәндік олимпиадасын өткізді.
Оқушылардың интеллектуалды және шығармашылық қабілеттерін айқындау, білімге деген қызығушылығын арттыра отырып дарынды оқушыларды қолдау мақсатында ұйымдастырылатын дәстүрлі олимпиада мәреге жетті.
Үш кезеңнен тұратын «Ясауи» пәндік олимпиадасының нәтижесінде 125 талапкер университет грантына ие болды!
ІХ Республикалық «Ясауи» пәндік олимпиадасының жеңімпаздарын шын жүректен құттықтаймыз!❤️
Білім бәйгесінің жеңімпаздарының тізімін парақша сипаттамасына өтіңіз ⬆️
Бүгін сүйікті университетіміздің туған күні!🥳🎊
Тәуелсіздікпен төл құрдас Халықаралық университетіміздің негізі 1991 жылдың маусым айында қаланды. Тарихи 1991 жылдың 6 маусымы күні Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев «Ахмет Ясауи атындағы Түркістан мемлекеттік университетін ашу туралы» №329 Жарлыққа қол қойды. Түркі әлемінің қасиетті бойтұмары – Түркістан төрінде шаңырақ көтерген оқу орнымыз 1992 жылы Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті ретінде керегесі кеңейіп, жаңа мәртебе иеленді.
Біздің университет – еліміздегі Халықаралық мәртебедегі тұңғыш оқу орны!
Біздің университет – алғаш үш жүзден астам шәкірт қабылдап, бүгінгі таңда сексен мыңнан астам түлек түлеткен іргелі білім ордасы!
Біздің университет – Түркі әлемінің ортақ білім-ғылым шаңырағы!
Біздің университет – ерекше мәртебеге ие бірегей ғылым ұясы!
Біздің университет – отыз жылда орасан жетістіктерге қол жеткізген озық оқу орны!
«Біздің университет» айдарымен университетіміздің қабырғасындағы жарқын сәттеріңіз бен ыстық лебіздеріңізді бөліссеңіздер, қымбатты әріптестер, құрметті түлектер мен сүйікті студенттер!
Туған күніңмен, сүйікті университетім!
06/06/2022
Баршаңызға қайырлы күн🥳! Жаңа апта сәттілік пен табысқа толы болсын!
Ал өткен аптада Yasawi University-де қандай жаңалықтар болды? Назарларыңызға апта қорытындысын ұсынамыз:
📌Кеше тек біздің оқу орнымыз үшін емес, еліміз үшін маңызды күн болды. Республика аумағында жалпыхалықтық референдум өтті. Университет базасында орналасқан №133 учаскеде дауыс берушілер қатары көп болды.
📌Оқу орнымызға ҚР Парламенті Сенатының Төрағасы Мәулен Әшімбаевпен кездесу өтті. Сенат Спикері жүздесуде жастарға арнайы сөз арнап, Абай Құнанбаевтың «Толық адам» тұжырымдамасының мәнін түсіндіре отырып, интеллектуалды қабілетін дамытуға, үнемі ізденіс үстінде болуға, жан-дүниесін мейірім мен жанашырлыққа толтырып, бойындағы қажыр-қайратын дұрыс пайдалануға кеңес берді.
📌Университетімізге қонақтары қатарында «Түркі мемлекеттері ұйымының» өкілдері де болды. Олар Түркістан қаласында ашылатын «TURAN» арнайы экономикалық аймағының жоспарымен, ұйымдастыру барысымен, мүмкіндіктерімен танысу үшін арнайы келді.
📌Конституциялық реформаларды түсіндіру мәселелеріне арналған «Жаңа Қазақстанның Конституциялық өзгерістері» тақырыбымен семинар өтті.
📌Спорттық жетістіктеріміз де жоқ емес. Әмбебап жекпе-жектен Ташкент қаласында өткен жастар мен ересектер арасындағы әлем чемпионатында Дидар Бақытжан мен Муслим Асадиллаұлы намысты қолдан бермей, алтын жүлде иеленді.
Бүгін сүйікті университетіміздің туған күні!🥳🎊
Тәуелсіздікпен төл құрдас Халықаралық университетіміздің негізі 1991 жылдың маусым айында қаланды. Тарихи 1991 жылдың 6 маусымы күні Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев «Ахмет Ясауи атындағы Түркістан мемлекеттік университетін ашу туралы» №329 Жарлыққа қол қойды. Түркі әлемінің қасиетті бойтұмары – Түркістан төрінде шаңырақ көтерген оқу орнымыз 1992 жылы Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті ретінде керегесі кеңейіп, жаңа мәртебе иеленді.
Біздің университет – еліміздегі Халықаралық мәртебедегі тұңғыш оқу орны!
Біздің университет – алғаш үш жүзден астам шәкірт қабылдап, бүгінгі таңда сексен мыңнан астам түлек түлеткен іргелі білім ордасы!
Біздің университет – Түркі әлемінің ортақ білім-ғылым шаңырағы!
Біздің университет – ерекше мәртебеге ие бірегей ғылым ұясы!
Біздің университет – отыз жылда орасан жетістіктерге қол жеткізген озық оқу орны!
«Біздің университет» айдарымен университетіміздің қабырғасындағы жарқын сәттеріңіз бен ыстық лебіздеріңізді бөліссеңіздер, қымбатты әріптестер, құрметті түлектер мен сүйікті студенттер!
Туған күніңмен, сүйікті университетім!
Қымбатты отандастар!
Құрметті әріптестер!
Сүйікті студенттер!
Баршаңызды 4 маусым – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз!
Бүгін тұғырлы Тәуелсіздігіміздің тірегі, мемлекеттігіміздің нышаны – рәміздерімізге 30 жыл толып отыр. Мемлекеттік рәміздеріміз отыз жыл бедерінде бейбітшілік пен тұрақтылықтың, даму мен өркендеудің кепіліне айналды. Еңселі еліміздің рәміздері жаңғыру жолындағы Жаңа Қазақстанды биік белестерге бастайтын басты бағдар болады.
Елтаңбамыз елдігіміздің нышаны ретінде айбынымызды асырып, Әнұранымыз асқақтай берсін! Көк Туымыз мәңгі желбіресін!
Қымбатты отандастар!
Құрметті әріптестер!
Сүйікті студенттер!
Баршаңызды 4 маусым – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз!
Бүгін тұғырлы Тәуелсіздігіміздің тірегі, мемлекеттігіміздің нышаны – рәміздерімізге 30 жыл толып отыр. Мемлекеттік рәміздеріміз отыз жыл бедерінде бейбітшілік пен тұрақтылықтың, даму мен өркендеудің кепіліне айналды. Еңселі еліміздің рәміздері жаңғыру жолындағы Жаңа Қазақстанды биік белестерге бастайтын басты бағдар болады.
Елтаңбамыз елдігіміздің нышаны ретінде айбынымызды асырып, Әнұранымыз асқақтай берсін! Көк Туымыз мәңгі желбіресін! 🇰🇿
Huawey IT Академиясы 🖥
Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің 30 жылдығына арналған ауқымды 30 жобаның он біріншісі – «Huawey IT Академиясы» жобасы. Университетіміздің Кентау кампусында ашылған академия студенттерді ІТ, цифрлық технология және телекоммуникация саласында жоғары білікті маман ретінде даярлауға мүмкіндік береді. Академия аясында студенттер ақпараттық жүйелер саласындағы жетекші компаниядан кешенді білім алып, біліктілік арттырады. Сондай-ақ, оқытушылар соңғы трендтер мен дағдыларды меңгеріп, студенттерді жаңа бағытта оқытып жатыр. Huawey IT Академиясының зертханасы барлық қажетті заманауи IT құралдарымен жабдықталған. Университет базасындағы Huawey IT Академиясы – технология дәуіріндегі жетістіктерді жетік меңгеруге мүмкіндік береді.
#30жылдық30жоба
01/06/2022
Бүгін – «1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күні». Балаларымыздың мерейлі мерекесі құтты болсын! ☀️🥳
Балаларымыз – болашағымыз. Олардың шат күлкісі – мерекеміз. Балаларымыздың балалық шағының бақытты болуы, мейірім мен қамқорлыққа бөленіп өсуі – баршамызға ортақ жауапкершілік.
Еліміз жаңғыру мен жаңарудың қарсаңында тұр. Жаңа Қазақстанның жаңа келбетін қалыптастырып, келешегін кемел ететін әлеует – бүгінгі балаларымыз болатыны даусыз.
Балапандарымыздың бақытты балалығы бұлжымасын! Мереке құтты болсын!🌸
01/06/2022
Бүгін – «1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күні». Балаларымыздың мерейлі мерекесі құтты болсын!🥳
Балаларымыз – болашағымыз. Олардың шат күлкісі – мерекеміз. Балаларымыздың балалық шағының бақытты болуы, мейірім мен қамқорлыққа бөленіп өсуі – баршамызға ортақ жауапкершілік.
Еліміз жаңғыру мен жаңарудың қарсаңында тұр. Жаңа Қазақстанның жаңа келбетін қалыптастырып, келешегін кемел ететін әлеует – бүгінгі балаларымыз болатыны даусыз.
Балапандарымыздың бақытты балалығы бұлжымасын! Мереке құтты болсын!🌸
30/05/2022
*Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті*
*«ТҮРКИЯ ЖАЗҒЫ ОҚУЫ»*
Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің 30 жылдығына орай үлгерімі өте жақсы студенттер 2022 жылдың жаз айларында Түркия Республикасына жазғы оқуға жіберіледі.
*Өтініш беру шарттары:*
Үміткерлер төменде көрсетілген барлық шарттарға сай болуы керек. Егер осы шарттардың біреуіне сәйкес келмесе, үміткер ретінде қарастырылмайды:
1. Қазақстан Республикасының азаматы болуы;
2. 18 жастан жоғары болуы;
3. Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің *2 және 3 курс ( Жалпы медицина, Стоматология, Дизайн мамандықтары бойынша 2-4 курс)* бакалавр студенті болуы.
4. 2021-2022 оқу жылының қысқы сессиясының қорытындысымен жалпы алынған орташа баллдың (GPA) көрсеткіші 3,50 және одан жоғары болуы.
*Бағалау:*
1. AYUDİLMER тарапынан түрік тілі деңгейін анықтау емтиханы жүргізіледі.
2. Ректорат тарапынан сұхбаттасу емтиханы өткізіледі.
3. Жалпы алынған орташа балл (GPA) есепке алынады.
*Өтініш беру құжаттары:*
1. Студенттік кітапша (расталған)
2. Транскрипт (расталған)
3. Куәлік/паспорт көшірмесі
*Өтініш беру күні:*
Өтініштер *2022 жылдың 3 маусым сағат 18.00 дейін* қабылданады.
*Өтініштерді қабылдау орны:*
Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Тілдерді оқыту орталығы, кітапхана 2-қабат
*Емтихан кестесі:*
2022 жылдың *6 маусым күні сағат 10:00-де* Түрік тілінен емтихан өтеді.
Емтихан өтетін бөлмелері кейінірек хабарланады.
*Нәтижелер туралы хабарландыру:*
Емтихан нәтижелері университетіміздің және Тілдерді оқыту орталығының веб-парақшаларында жарияланады.
30/05/2022
Бәріңізге, қайырлы кеш тілейміз🎇! Демалыс күндері қалай өтті?
Біз әдетімізден жаңылмай, апта қорытындысын ұсынамыз:
📌 Аптаның ең айшықты оқиғасы - университетіміздің Өкілетті Кеңес төрағасы Мухиттин Шимшек пен ректор Жанар Темірбекованың Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетовпен кездесуі болды. Жүздесуде біршама маңызды мәселелер талқыланды. Соның ішінде, ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Түркияға ресми сапары кезінде қол қойылған білім беру саласындағы ынтымақтастық туралы келісім аясында университетіміздің атқаратын міндеттері нақтыланды. Министр өзге де мәселелер бойынша тапсырма берді.
📌Сонымен қатар, ел астанасында университетіміздің Өкілетті Кеңесінің 72-ші мәжілісі өтті.
📌Оқу орнымыздың қабырғасында да маңызды әрі мәнді кездесулер өтті.
🔹 Университетімізге халықаралық ТҮРКСОЙ ұйымының бас хатшысы Сұлтан Раев бастаған қонақтар арнайы ат басын бұрды. Кездесуде екі тарап арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылып, игі істердің негізі қаланды.
🔹Пәкістан Ислам Республикасының OIC-COMSTECH Халықаралық ұйымының басшылары және ғалымдары да келді. Кездесу аясында екіжақты ынтымақтастық меморандумына қол қойылды.
📌 Сондай-ақ, оқу орнымызда ректор Жанар Темірбекова, вице-ректорлар, декандар, департамент директорлары және бөлім басшыларының қатысуымен 5 маусым күні өтетін Республикалық Референдумды ұйымдастыру және насихаттау жұмыстары талқыланды.
📌Көңілді жадыратып, рухани демалыс сыйлаған шаралар да болды.
🔹Америка Жазушылар қауымдастығының «Алтын қалам» сыйлығының иегері Гёке (Джейк) Маринай мен өзбектің ақыны Хосият Рустамовамен кездесу ұйымдастырылды.
🔹 «Бейнелеу өнері» кафедрасының профессор-оқытушылар құрамының ұйымдастыруымен «Yassy art GALLERY» көрмесінің ашылу рәсімі болды.
🔹 Университетімізде бауырлас Әзірбайжанның Республика күні мерекесі мен университеттің 30 жылдығына арналған көрме өтті. Жас қылқалам шебері, әзірбайжандық студентіміз Шахла Джафарова ұйымдастырған сурет көрмесіне студенттеріміздің туындылары қойылды.
Click here to claim your Sponsored Listing.