20/07/2024
Karaganda Police Academy
ЮРИДИЧЕСКОЕ ОБРАЗОВАНИЕ
✔Бакалавриат
✔Магистратура
✔Докторантура
✔Переподготовка
⬇Официальный сайт↙
www.kpa.gov.kz
20/07/2024
18/07/2024
Бүгін 71 жасында ІІМ және Академия ардагері, отставкадағы полиция полковнигі, заң ғылымдарының кандидаты, доцент Лапшин Владимир Николаевич қайтыс болды...
Лапшин Владимир Николаевичтің мезгілсіз қайтыс болуына байланысты туған – туыстары мен отбасының қайғыларына ортақтасып көңіл айтамыз!
15/07/2024
Қарағанды облысы Приозёрск қаласында 10-12 шілде аралығында өткен жағажай самбодан ересектер арасындағы Қазақстан Республикасының чемпионатында 50 кг салмақ дәрежесінде 302-оқу тобының курсанты полиция кіші сержанты Нурмухамедқызы Ғазиза ІІІ орынға ие болды.
Ғазизаны жеңісімен құттықтаймыз!
15/07/2024
Бүгін ІІМ бұйрығымен Академия қызметкерлері полиция подполковнигі Сакенова Асемгуль Болатовнаға және
полиция майоры Ғаббасәлі Ботагөз Ғаббасәліқызына кезекті арнаулы атақтары берілді. Әріптестерімізді құттықтай отырып, қызметте табыс, биік белестерді бағындыруларын тілейміз!
13/07/2024
ІІМ Қарағанды академиясында жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру факультетінің бейінді магистратурасы магистранттарына дипломдар табысталды.
Бұл әр түлек үшін ерекше күн. Академияда білім алып өткізілетін уақыт белсенді кәсіби және тұлғалық өсу кезеңі болып табылады.
12/07/2024
Достар, Академиямыздың оқу-саптық бөлінісінің курс бастығы полиция подполковнигі Жаныбеков Нұркен Тасқынбекұлы 10-12 шілде аралығында өткен жағажай самбодан ересектер арасындағы Қазақстан Республикасының чемпионатында +88 салмақ дәрежесінде ІІІ орынға ие болды. Жеңісті сәттеріңіз көп болсын!
09/07/2024
ІІМ Б.Бейсенов атындағы Қарағанды академиясында Ардагерлер кеңесінің кезекті отырысы өтті. Бұл жолы күн тәртібіне бірқатар ұйымдастыру мәселелері қарастырылды.
Мұндай кездесулер өскелең ұрпаққа ішкі істер органдарының құндылықтары мен игі дәстүрлерін сақтап тұруға мүмкіндік беретініне сенімдіміз.
09/07/2024
Бүгін Академия бастығының жанындағы жедел кеңесте Қазақстан Республикасы ІІМ бұйрығымен аға басшы құрамның қызметкерлеріне кезекті арнаулы атақтарын беру рәсімі өтті.
29/06/2024
Төтенше жағдайлар министрлігі мен ішкі істер министрлігі арасындағы қол жеткізілген келісімге сәйкес Бәрімбек Бейсенов атындағы Қарағанды академиясында қосымша білім бері факультетінде ТЖМ Мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарының анықтаушылары үшін біліктілікті арттыру курстары өтуде.
В соответствии с достигнутым соглашением между Министерством по чрезвычайным ситуациям и Министерством внутренних дел в Карагандинской академии МВД РК им. Б. Бейсенова на факультете дополнительного образования проходят курсы повышения квалификации для дознавателей органов государственной противопожарной службы МЧС.
28/06/2024
Құрметті бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлері!
Баршаңызды бүгінгі мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймыз!
Сіздердің қызметтеріңіз - бұл шығармашылық жұмыс қана емес, бұл – қоғамға өзекті, шынайы ақпарат жеткізу бойынша жауапты миссия. Жоғары азаматтық жауапкершілік, объективтілік, қоғам мүддесін қорғау – кәсіби журналистиканың басты қағидаттары.
Баршаңызға зор денсаулық, бақыт, амандық, еңбектеріңізде табыс тілейміз!
Click here to claim your Sponsored Listing.
Location
Category
Contact the school
Website
Address
Karaganda
100009