Gimnazia93

Gimnazia93

Share

КГУ "Гимназия им. Шакарима", г.Караганды

Photos from Gimnazia93's post 12/05/2026

9 мая прошёл Открытый чемпионат Республики Казахстан по таеквандо ITF, в котором приняли участие спортсмены из Россия, Кыргызстан, Таджикистан и Узбекистан.

Ученик 7 “В” класса Бошков Георгий достойно выступил на соревнованиях и занял 🥇 1 место!
Поздравляем Георгия с блестящей победой!
Желаем не останавливаться на достигнутом, новых спортивных успехов, уверенности в своих силах и ещё больше ярких побед!

Photos from Gimnazia93's post 12/05/2026

10 мая в городе Темиртау прошёл «Чемпионат Карагандинской области по плаванию на открытой воде».
Ученица 7 «В» класса Сайфуллина Алуа стала абсолютной чемпионкой на дистанции 5 км! 🌊🥇
Желаем новых побед, высоких результатов и покорения ещё больших вершин!

Photos from Gimnazia93's post 12/05/2026

Гимназиямызда «Адалдық сағаты» аясында оқушылар арасында суреттер көрмесі ұйымдастырылды.
Көрме барысында оқушылар адалдық, әділдік, шыншылдық тақырыптарын шығармашылық жұмыстарында бейнеледі.


Photos from Gimnazia93's post 12/05/2026

В нашей гимназии в рамках мероприятия «Час добропорядочности» была организована выставка рисунков среди учащихся.
В своих творческих работах дети отразили темы честности, справедливости и искренности.
Каждый рисунок стал символом чистых помыслов, добрых поступков и стремления к светлому будущему.



Photos from Gimnazia93's post 12/05/2026

В нашей гимназии среди учащихся был проведён классный час на тему «Час добропорядочности». Главной целью мероприятия стало формирование у подрастающего поколения таких нравственных качеств, как честность, справедливость, ответственность и порядочность, а также воспитание антикоррупционной культуры.
В ходе классного часа учащиеся рассуждали о значении честности в жизни человека, обсуждали различные жизненные ситуации и делились своим мнением. Особое внимание было уделено таким ценностям, как искренность, уважение к окружающим, справедливость и ответственность за свои поступки.
Ребята активно участвовали в беседе, отвечали на вопросы, приводили примеры из жизни, смотрели тематические видеоролики и высказывали своё отношение к теме добропорядочности. Мероприятие прошло в атмосфере открытого диалога и позволило каждому задуматься о важности честного труда и достойного поведения в обществе.
✨ Честность и добропорядочность — основа сильного общества и светлого будущего. Воспитание честного поколения является одной из важных задач современной школы.

Photos from Gimnazia93's post 12/05/2026

Гимназиямызда оқушылар арасында «Адалдық сағаты» тақырыбында сынып сағаты өткізілді. Іс-шараның негізгі мақсаты – жас ұрпақтың бойына адалдық, әділдік, жауапкершілік, шыншылдық сияқты адамгершілік қасиеттерді қалыптастыру және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті насихаттау.
Сынып сағаты барысында оқушылар адалдықтың адам өміріндегі маңызы туралы ой бөлісіп, түрлі жағдаяттарды талқылады. Сонымен қатар, шынайылық пен әділдіктің қоғамдағы орны, адам бойындағы жақсы қасиеттердің болашаққа әсері жөнінде пікір алмасты.
Оқушылар тақырыпқа байланысты бейнероликтер көріп, мақал-мәтелдер айтып, өз ойларын еркін жеткізді. Іс-шара барысында адал еңбектің маңыздылығы мен әр адамның қоғам алдындағы жауапкершілігі ерекше атап өтілді.
✨ Адалдық – адам бойындағы ең асыл қасиеттердің бірі. Адал ұрпақ тәрбиелеу – жарқын болашақтың кепілі.

Photos from Gimnazia93's post 09/05/2026

«ЖІГІТ СҰЛТАНЫ - 2026»: ВОЛЯ. ЧЕСТЬ. ДУХ!

В честь 7 мая - Дня защитника Отечества в гимназии имени Шакарима согласно плану воспитательной работы в рамках программы «Адал азамат» в соответствии с содержанием организованного патриотического фестиваля «Ерлер – ел қорғаны», проведен конкурс «Жігіт сұлтаны - 2026».
Это был не просто конкурс - это была пламенная площадка, где каждый юноша должен был доказать, кто настоящий защитник Родины в будущем.
Мероприятие, призванное осмысливать значимость и ответственность тематики, открыл хор учащихся 3 «Б» кдасса с композицией «РУХ», что примечательно, исполнение было в современном духе, которое придало дух конкурсантам (подготовили креативное хоровое исполнение учитель «Музыки» Макан Разия и классный руководитель Сатинбекова Раушан Мирхадировна).
Каждому конкурсанту и зрителям в зале непременно запомнится и хореографическая постановка в исполнении юношей 10 «Б» и 10 «В» классов. Их творческий посыл, креативное стилевое решение на сцене укрепили уверенность и придали дух нашим джигитам. Мотивацию на честную конкуренцию и придать дух победителя через хореографию сумели настоящие парни нашей гимназии – Розвора Назарий, Бычков Артем, Айтжан Нурали, Горелов Вадим, Хамитжанов Нурали. В подготовке этой хореографической постановки огромную роль сыграли режиссер, руководитель фракции парламента гимназии Акимбаева Дильназ, художник-постановщик Айтжанова Камила, хореограф Алиева Томирис, активисты парламента гимназии, тоже учащиеся 10 «В» класса. В ходе конкурса с целью напомнить заветы предков о сохранении мира без войн и защите Родины содержательную песню вдохновляюще и профессионально исполнила ученица 10 «Б» класса Клочкова Анастасия.
Да, это был не просто конкурс, а настоящая площадка, где настоящая воля и дух доказывали истинные качества настоящих защитников Родины.
«АЛАШТЫҢ АРЛАНЫМЫН,
ТӘУЕЛСІЗ ТАРЛАНЫ МЕН!»: таков был внутренний мотив настоящих джигитов из 7 «А» класса (классный руководитель Асаинова Жанел Сабырқызы), 8 «А» класса (классный руководитель Әйгерім Бақытжанқызы) 6 самых смелых и решительных ребят, которые сразились в 5 этапах.
КАК ЭТО ПРОХОДИЛО?
Конкурс «Если ты спросишь мое имя...», здесь каждый парень восхищал зрителей, наизусть декламируя стихами свою родословную, Родину, девиз. «Я - Арғын, Қуандық, Руым -Темеш!» слышалось звонко и уверенно.
«Интеллектуальный конкурс» проводился по темам «История Караганды», «Казахская литература», «Интеллигенция казахского народа». Почти все продемонстрировали хорошие знания, что очень обрадовало педагогов в зале.
«Спортивное состязание» состоял из двух видов – отжимания и армрестлинга. Вместе с усердием ребята показали настоящую волю к победе.
Конкурс «Творческая личность» показал многогранность наших джигитов-конкурсантов: один из юношей замечательно исполнил на домбре народную песню «Бипыл-бипыл», другой очень завораживающе исполнил «Лезгинку», песня «Балқия» также оставила неизгладимый след в сердцах присутствующих, зал аплодировал и юноше, который перенес всех в мир поэзии.
В конкурсе «Красота слова» ребята состязались в знании пословиц поговорок, доказывая многогранность настоящего джигита.
ПОБЕДИТЕЛИ:
Звание «Жігіт сұлтаны - 2026» завоевал ученик 8 «А» класса Ахмет Осман.
1 место завоевал настоящий палуан, ученик 7 «А» класса Сапар Байсұлтан.
2 место у ученика 7 «А» класса Түймебай Иманғали, настоящий батыр.
3 место занял ученик 7 «А» класса Серік Диас, покоривший сердца зрителей.
Номинация «Джигит-поэт» у ученика 8 «А» класса Косман Нурали.
Номинация «Мастер на все руки» у ученика 8 «А» класса Амангелді Шыңғыса.
САМОЕ ГЛАВНОЕ:
В этом конкурсе никто не проиграл. Каждый джигит, вышедший на сцену (некоторые из них впервые вышли), дали клятву: "Я казахский джигит. Я готов защищать свою страну, свою землю!" Свидетелями этого обещания стали сидящие в зале отцы совета «Қорған», учителя и матери, одноклассники и гимназисты.
Хочу поблагодарить ученика 11 «А» класса Қазбекұлы Ануара за руководство коллегией жюри конкурса и членов жюри, руководителя фракции парламента гимназии, ученика 10 «А» класса Смагулова Сабыржана, активиста парламента гимназии, ученика 10 «А» класса Косманова Айдара.
Особая благодарность ведущим этого проекта, настоящим творческим личностям учащимся 10 «А» класса Серикову Әлишеру мен Усербай Айымжан!
Выражаю огромную благодарность учителю «Музыки» Макан Разие за музыкальное сопровождение конкурса и руководителю фракции парламента гимназии, ученику 10 «А» класса Сапар Байсұлтану за видеосопровождение.
Заслуживает благодарность и родительское сообщество, продемонстрировавшее всяческую поддержку нашим джигитам-султанам!
Сегодняшний подросток, юноша – завтрашний защитник Родины, поэтому уверена, что у них у всех внутренне присутствует священный посыл – «ОПОРА. ЗАЩИТА. ЧЕСТЬ».
Алға, жігіттер! Поздравляю всех с Днем защитника Родины!
Пусть всегда будет мир на земле!

#ЕрлерЕлҚорғаны
#АдалАзамат
#ЖігітСұлтаны2026
#Қорған
#7мамырОтанҚорғаушыларКүні
#ТірекҚорғанНамыс

Photos from Gimnazia93's post 09/05/2026

«ЖІГІТ СҰЛТАНЫ - 2026»: ЖІГЕР. НАМЫС. РУХ!
7 мамыр – Отан қорғаушылар күніне орай, Шәкәрім атындағы гимназияда тәрбие жұмысының жоспарына сәйкес «Адал азамат» бағдарламасы шеңберінде жоспарланған «Ерлер – ел қорғаны» патриоттық, ұрпақтар сабақтастығын дәріптейтін фестиваль мазмұны бойынша «Жігіт сұлтаны - 2026» байқауы ұйымдастырылып өткізілді.
Бұндай намысты бәйгенің шымылдығын 3 «Б» сынып оқушыларынан құралған хор «РУХ» әнін заманауи нақышта орындап, болашақ сұлтандарды қайрап, жігерлендірді (дайындаған педагогтер – «Музыка» пәнінің мұғалімі Мақан Разия мен сынып жетекшісі Сатинбекова Раушан Мирхадирқызы).
Сайысқа түсетін сайыпқырандарға рух беретін 10 «Б» мен 10 «В» жігіттер тобының әскери нақышта орындаған хореографиялық қойылымы бүкіл залды дүрліктіріп, ешкімді бейжай қалдырмады, олар, арландай атылып тұрған жігіттер – Розвора Назарий, Бычков Артем, Айтжан Нұрәли, Горелов Вадим, Хамитжанов Нұрәли (гимназия парламентінің белсенділері). Ал оларды дайындап, бағыт-бағдар берген гимназия парламентінің фракция жетекшісі әрі хореографиядық қойылымның режиссері 10 «В» сынып оқушысы Акимбаева Дильназ, парламент белсенділері - қоюшы-режиссері Айтжанова Камила, хореограф Алиева Томирис, олар да 10 «В» сынып оқушылары. Әр жас қыранның бойына бабалардан қалған батырлықты киелі аманат, ұрпаққа ұлағат деп түсіндіру үшін 10 «Б» сынып оқушысы Клочкова Анастасияның орындаған әнінің мазмұны дәл келді.
Бұл жай ғана сайыс емес еді – нағыз жігіттің кім екенін дәлелдейтін жалындаған алаң болды.
«АЛАШТЫҢ АРЛАНЫМЫН,
ТӘУЕЛСІЗ ТАРЛАНЫ МЕН!»: деген 7 «А» сыныбының (сынып жетекшісі Асаинова Жанел Сабырқызы), 8 «А» сыныбының (сынып жетекшісі Әйгерім Бақытжанқызы) ең таңдаулы 6 жігіті 5 кезең бойынша бақ сынасты.
ҚАЛАЙ ӨТТІ?
«Тегімді менің сұрасаң...» – әр жігіт 7 атасын, туған жерін, ұранын жатқа айтып, көрерменді тәнті етті. «Мен – Арғынмын, Қуандықпын, руым – Темеш!» деген дауыс залды жаңғыртты.
«Зияткерлік бәйге» – «Қарағанды тарихы», «Қазақ әдебиеті», «Қазақ ұлтының зиялы тұлғалары» деген сұрақтарға мүдірмей жауап берді.
«Күш атасын танымас» – кеудесін жерден көтеру сайысы, армрестлинг бойынша білектесу. Намысқа тырысқан жігіттер тер төкті!
«Өнерлі өрен» – бірі қасиетті домбырамен «Бипыл-бипыл» халық әнін шырқады, енді бірі «Лезгинканы» нақышына келтіріп биледі, «Балқия» әні де көрермендерді тәнті етті, жүректен шыққан поэзиялық туындыларға да көрермендер қол соғып, қошеметтеді.
«Сұлу сөйлеген сөзге...» – мақал-мәтелден жарысып, «Жігіт сегіз қырлы, бір сырлы» дегенді өмірден алған мысалмен дәлелдеді.
Сайыпқырандар сайысында сыныптастарына қолдау көрсету мақсатында 7 «А» сыныбының қыздар тобының ұлттық нақыштағы нәзік биі жігіттердің жігерін қайрап, намыстарын оятып жіберді.

ЖЕҢІМПАЗДАР:
«Жігіт сұлтаны-2026» атағын 8 «А» сыныбының оқушысы Ахмет Осман жеңіп алды.
1-орынды 7А сыныбының оқушысы, палуан жігіт, Сапар Айсұлтан иеленді.
2-орынды 7А сыныбының оқушысы, өнерлі жігіт Түймебай Иманғали иеленді.
3-орынды 7А сыныбының оқушысы, әнші жігіт Серік Диас иеленді.
«Ақын жігіт» атағын 8 «А» сыныбының оқушысы Қосман Нұрали иеленді,
«Шебер жігіт» атағына 8 «А» сыныбының оқушысы Амангелді Шыңғыс лайық болды.
ЕҢ БАСТЫСЫ:
Бұл байқауда жеңілген ешкім болған жоқ. Әр жігіт сахнаға шығып, «Мен қазақтың баласымын. Елімді, жерімді қорғауға дайынмын!» деп ант берді. Сол анттың куәсі – залда отырған «Қорған» әкелер кеңесі, ұстаздар мен аналар, құрбы-құрдастар.
Әділқазылар алқасын басқарған 11 «А» сынып оқушысы Қазбекұлы Ануарға және алқа мүшелері 10 «А» сынып оқушылары Смағұлов Сабыржанға (гимназия парламентінің фракция жетекшісі), Қосманов Айдарға (гимназия парламентінің белсендісі) алғысымыз шексіз.
Ерекше алғысымды мерекелік іс-шараны ойдағыдай шебер жүргізген 10 «А» сынып оқушылары Серіков Әлишер мен Усербай Айымжанға білдіремін!
Сондай-ақ, мерекелік шараның басынан аяғына дейін музыкамен көркемдеп, бейнелермен әрлеген «Музыка» пәнінің мұғалімі Мақан Разия мен 10 «А» сынып оқушысы, гимназия парламентінің фракция жетекшісі, Сапар Байсұлтанға да дән ризамын, алғысым шексіз!
Сұлтан жігіттерге жан-жақты тірек бола білген ата-аналар қауымына да ризашылық білдіремін!
Бүгінгі бозбала, жас өрен – ертеңгі ел қорғайтын ер-азамат. Сондықтан әрқайсының қаперінде міндетті түрде «ТІРЕК. ҚОРҒАН. НАМЫС» деген ұран мәңгі тұратынына сенімдімін.
Алға, қазақ жігіттері! Отан қорғаушылар күні құтты болсын!
Отанымыз аман, жұртымыз тыныш болсын!

#ЕрлерЕлҚорғаны
#АдалАзамат
#ЖігітСұлтаны2026
#Қорған
#7мамырОтанҚорғаушыларКүні
#ТірекҚорғанНамыс

Photos from Gimnazia93's post 09/05/2026

Мереке қарсаңында 6- сыныптар арасында “ Болашақ сарбаз” атты суреттер көрмесі ұйымдастырылды. 1-орынды 6”Е” сынып оқушысы Думрауф Алексей, 2- орынды 6”Б” сынып оқушысы Аманова Самира, 3- орынды 6”Д” сынып оқушылары Савина Виктория, Филипова Виктория ұтып алды. Сонымен қатар 8 - сыныптар арасында “Әкені видеоқұттықтау” байқауы ұйымдастырылды. Сүйікті әкелерін құттықтау топтамасының қорытындысы бойынша 8“Д” сынып оқушысы Айтпай Сания әкесін шынайы және әдемі құттықтап, бас жүлдені ұтып алды. Ал 8”А” сынып оқушысы Амангелді Шыңғыс әкесін әсерлі құттықтап, 1- орын иеленді.
Сондай-ақ 5-ші және 11-ші сыныптар арасында “Менің Отаным-Қазақстан” атты тақырыппен эссе байқауы өткізілді. “ Үздік танымдық эссе”, “Ең шығармашылық эссе”, “Ең үздік жеке көзқарас” номинациялары 5” А” сынып оқушылары: Сұлтанғазы Ақнұрға, Төкенова Айаруға, Ахмет Рамазанға, 11” А” сынып оқушылары: Сергазинова Әнелге, Маканова Ділназға бұйырды.
азамат
қорғаушылар_ күні

09/05/2026

🕊️ 9 Мамыр — Жеңіс күні!
Батырлардың ерлігі — ұрпаққа үлгі.
Ешкім де, ешнәрсе де ұмытылмайды!
Ардагерлерге мың алғыс! 🇰🇿

🇰🇿 С Днём Победы!
9 Мая — день памяти, мужества и героизма.
Мы гордимся подвигом ветеранов и благодарим за мирное небо над головой.
Пусть в каждом доме будут мир, добро и спокойствие.

Want your school to be the top-listed School/college in Karaganda?

Click here to claim your Sponsored Listing.

Location

Category

Telephone

Address

Алиханова 24
Karaganda
100000

Opening Hours

Monday 08:00 - 19:30
Tuesday 08:00 - 19:30
Wednesday 08:00 - 19:30
Thursday 08:00 - 17:00
Friday 08:00 - 17:00
Saturday 08:00 - 17:00