Caspian college

Caspian college

Share

Прикаспийский колледж

24/08/2022

ХАБАРЛАНДЫРУ📣📣

'' Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер жәрмеңкесі'' қызметтерді алу тәртібін, жеңілдіктерін және басқа да мүмкіндіктерін түсінуге таптырмас жоба.

А.ж. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Атырау облысы бойынша департаментінің әлеуметтік желідегі парақшасында (фейсбук https://www.facebook.com/Atyraumemkyzmet) онлайн форматта тікелей эфир арқылы өтеді.

Онлайн жәрмеңкеге қатысып, тақырып шеңберінде көптеген сауалдарыңызға жауап алуға болады.

04/06/2022

Құрметті Отандастар!
Сіздерді Қазақстан Республикасы Мемлекеттік рәміздер күнімен шын жүректен құттықтаймыз!
Арайлы азаттығымыздың кепілі – Мемлекеттік рәміздер 1992 жылы дәл осы күні бекітіліп, 2007 жылдан бастап, 4 маусым күні мемлекеттік маңызы бар айтулы даталар қатарына қосылды.

Елтаңбамыз, Туымыз, Гимніміз қазақ елінің барша болмысын, бүгіні мен ертеңін бойына сіңіріп, жүрегімізді мақтанышқа толтырады. Осының бәрі – Қазақстанның жаңа тарихының қастерлі беттері. Оның ерекшелігі сол – Отанның өзі нақ осы Тудан, Елтаңба және Гимннен бастау алады. Оларды жүрегіне басып, маңдайына тигізіп қадірлеу арқылы егемен елдің еңсесі биік азаматтары қалыптасады.
Мереке құтты болсын!

Photos from Caspian college's post 11/05/2022

7 мамыр "Отан қорғаушылар күні" және 9 мамыр "Жеңіс күні" мерекелеріне орай Экономика және құқықтану бөлімінің 7/20.22 тобы "Елін қорғау-ерге серт" атты мерекелік ашық тәрбие сағаты өткізді. Шараның мақсаты Қазақстан Республикасының Қарулы күштерінің құрылуы, оның Отанымыздың бейбітшілігін сақтаудағы маңызы, әскери өнердің өзіндік ерекшелігі туралы, егемендігімізді күзетуде олардың маңызы туралы терең мағұлмат беру болып табылады.

18/04/2022

🔰Жоғары колледжімізде
"Мен өмірді сүйемін" атты психологиялық семинар-тренинг өтті.

Photos from Caspian college's post 18/04/2022

✅ Атырау қаласы әкімдігінің ұйымдастырылуымен 16 сәуір күні қала аумағына санитарлық тазалық жұмыстарын жүргізу мақсатында жалпықалалық сенбілік өтті.

16/04/2022

15 сәуір-«Қозы Көрпеш - Баян Сұлу» күніне орай, Каспий өңірінің қазіргі заманғы жоғары колледжінің белсенді студенттері қызықты ойындар өткізді. “QuestLINE” атты квест ұйымдастырылып, қорытындыға атаулы күннің тарихын шығарды. “Мен кіммін?” атты жұптық ойындар ойнатылды. Сонымен қоса, колледж түлегі, қаламыздың “Үздік волонтер” иегері, қонағымыз Хайруллаева Айнельмен пікір алмасу жүргізіліп, студенттеріміздің бір-біріне жылы лебіз тілектер айтуымен шарамыз әдемі аяқталды.

15/04/2022

11 апреля в 12.00 состоится вводная лекция по основам РНР. Лекцию проводит учебный центрTOO "IT GROUP KAZAKHSTAN" г.Уральск для слушателей курсов Программирование на PHP. Лекция поводится посредством системы дискорд.

Photos from Caspian college's post 12/04/2022

«Автоматтандыру және басқару» мамандығының 17/20.21 топ студенттері таңдаған мамандығына қызуғушылықтарын және жұмысқа деген қабілетін арттыру мақсатында мекеме арасындағы ынтымақтастық негізінде «Сазанқұрақ» кен орнына бір күндік өндірістік саяхатта болып қайтты.
Студенттер мұнай мен газ өндіру кен орындарының іс-әрекет түрлерімен, объектілерімен таныса отырып, мұнай мен газды өндіру кезіндегі автоматтандыру процестерін, бақылау-өлшеу аспапатарының құрылымын, жұмыс істеу принципін, олардың міндетін, автоматтандырылған басқару жүйесінің құрылымдарымен танысып қайтты.

Photos from Caspian college's post 11/04/2022

🔰 Құрметті Каспий өңірінің қазіргі заманғы жоғары колледжінің бітіруші түлектерінің назарына!
"Жастар практикасы" бағдарламасы туралы толық ақпаратты жоғарыда көрсетілген мекен-жай бойынша ала аласыздар.

🔰 Уважаемые выпускники Прикаспийского
современного высшего колледжа
Подробную информацию о программе " Молодежная практика " вы можете получить по вышеуказанному адресу.

06/04/2022

«Педагогикалық мамандықтар» кафедрасының онкүндігі негізінде «Негізгі орта білім» мамандығының I-IV курс білім алушылары арасында жерлес ақын Меңдекеш Сатыбалдиевтың 85 жылдығына арналған колледжішілік «Меңдекеш оқуы» байқауы өтті.

​Байқаудың негізгі мақсаты: «Негізгі орта білім» мамандығының I-IV курс білім алушыларын ақын Меңдекеш Сатыбалдиевтың шығармашылығымен таныстырып, кіші буын жастарға патриоттық рух беріп, адамгершілік қасиеттерге баулу. Ақын өлеңдері арқылы білім алушылардың өз халқына, тіліне, Отанына деген сүйіспеншілік сезімдерін ояту болып табылады.

​Байқауға қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінің жоғары санатты оқытушысы, педагог-шебер Сахипова Гульнар Уразгалиқызы, Атырау қалалық Жастар ресурстық орталығының «Ұйымдастыру» бөлімінің басшысы Ақыл Манарбекұлы, №2 Ж.Нәжімеденов атындағы орта мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Сираш Айбек Саматұлы қазылық етіп, қатысушылардың дауыс мәнері мен тіл тазалығына, өлеңді таңдау талғамына, сахналық бейне мен оқу шеберлігіне, сахналық киім үлгісіне баға берді.

​Байқау жеңімпаздарының есімі «Педагогикалық мамандықтар» кафедрасының онкүндігінің жабылу салтанатында жарияланатын болады.
​Меңдекештей дарынды ақыны бар біз бақытты ұрпақпыз!
#Оқубөлімі​
#Филологиябөлімі
#Педагогикалықмамандықтаркафедрасы
#қазақтіліменәдебиеті
#онкүндік

Want your school to be the top-listed School/college?

Telephone

Opening Hours

Monday 08:30 - 18:00
Tuesday 08:30 - 18:00
Wednesday 08:30 - 18:00
Thursday 08:30 - 18:00
Friday 08:30 - 18:00
Saturday 08:30 - 18:00