Атырау Сервис Колледж

Атырау Сервис Колледж

Share

Contact information, map and directions, contact form, opening hours, services, ratings, photos, videos and announcements from Атырау Сервис Колледж, Курмангазы 9/2, Atyrau.

Photos from Атырау Сервис Колледж's post 26/06/2026

Атырау сервис колледжінде демонстрациялық бітіру біліктілік емтихандары өтуде!
10120100 – «Шаштараз өнері» мамандығы бойынша 3W10120101 – «Шаштараз-стилист» біліктілігінің ПМ-16 тобы студенттері өндірістік оқыту шебері А.Ю. Минлигалинаның жетекшілігімен демонстрациялық бітіру біліктілік емтиханын тапсыруда.
🔸 Демонстрациялық бітіру біліктілік емтиханы «WorldSkills» чемпионатының тапсырмалары негізінде ұйымдастырылуда.
Емтихан үш модуль бойынша өткізіледі:
1-модуль – Әйелдерге арналған перманент, шаш қию және сәндеу.
2-модуль – Орташа ұзындықтағы шашқа арналған қалыңдық үлгісін жасау.
3-модуль – Ерлерге арналған шаш қию, бояу және сәндеу.
Демонстрациялық емтихан барысында студенттер заманауи шаштараз өнерінің талаптарына сай кәсіби білімдерін, практикалық машықтарын және шығармашылық көзқарастарын көрсетті. Әрбір орындалған жұмыс олардың жауапкершілігін, ұқыптылығын, сәнге деген талғамын және кәсіби дайындық деңгейін айқын дәлелдеді.
Бұл емтихан – студенттердің бірнеше жыл бойы алған білімдері мен өндірістік тәжірибесінің қорытындысы. Болашақ шаштараз-стилистер өздерінің еңбек нарығында бәсекеге қабілетті, білікті маман болуға дайын екендіктерін көрсете білді.
Жас мамандарға жарқын болашақ, шығармашылық ізденіс, кәсіби жетістіктер және жаңа белестер тілейміз! Әрдайым шабыттарыңыз артып, таңдаған мамандықтарыңыздың үздік шеберлері атаныңыздар!
#АтырауСервисКолледжі #ШаштаразӨнері #ШаштаразСтилист #ДемонстрациялықЕмтихан #ЖасМаман #КәсіптікБілім

Photos from Атырау Сервис Колледж's post 26/06/2026

Атырау сервис колледжінде бітіру біліктілік емтихандары өтуде!
10150100 – «Туризм» мамандығы бойынша 3W10150101 – «Туризм жөніндегі нұсқаушы» біліктілігінің ТА-1 тобының студенттері бітіру біліктілік емтиханын тапсырды.
Емтихан арнаулы пән оқытушысы Э.Т. Исагалиева, өндірістік оқыту шебері А. Рамазанова және топ кураторы А.Ю. Минлигалинаның жетекшілігімен ұйымдастырылды.
Емтихан барысында студенттер билет таңдап, берілген тапсырмалар бойынша өздерінің теориялық білімдері мен кәсіби құзыреттіліктерін көрсетті. Болашақ туризм мамандары туристік қызметті ұйымдастыру, маршруттарды жоспарлау, туристерге сапалы қызмет көрсету және кәсіби жағдаяттарды шешу бойынша дайындық деңгейлерін дәлелдеді.
Бітіру біліктілік емтиханына комиссия мүшелері ретінде колледждің әлеуметтік серіктестері қатысып, студенттердің жауаптарын тыңдап, кәсіби бағыттағы сұрақтарын қойып, олардың білімдері мен тәжірибелік дағдыларына объективті баға берді.
Студенттердің нәтижелері SIIC цифрлық бағалау жүйесі арқылы бағаланып, емтиханның ашықтығы мен әділдігі қамтамасыз етілді.
Бітіру біліктілік емтиханы – студенттердің алған білімін қорытындылап, кәсіби даярлығы мен құзыреттілігін айқындайтын маңызды кезең.
ТА-1 тобының студенттерін емтиханды сәтті аяқтауларымен құттықтаймыз! Болашақ кәсіби жолдарыңызда толағай табыстар мен жарқын жетістіктер тілейміз!
#АтырауСервисКолледжі #БітіруБіліктілікЕмтиханы #Туризм #ТуризмЖөніндегіНұсқаушы #ӘлеуметтікСеріктестік #КәсіптікБілім

Photos from Атырау Сервис Колледж's post 25/06/2026

Атырау сервис колледжінде демонстрациялық бітіру біліктілік емтихандары өтуде!
07230100 – «Тігін өндірісі және киімдерді үлгілеу» мамандығы бойынша 3W07230101 – «Тігінші» біліктілігінің «Сән технологиясы» құзыреттілігі аясында Т-21 тобының студенттері өндірістік оқыту шебері А.А. Сисеннің жетекшілігімен демонстрациялық бітіру біліктілік емтиханын тапсыруда.
Емтихан «WorldSkills» халықаралық чемпионатының талаптары мен тапсырмалары негізінде ұйымдастырылып, білім алушылардың кәсіби шеберлігі мен практикалық дағдыларын бағалауға бағытталған.
Емтихан келесі модульдерден тұрады:
1-модуль – Эскиздеу;
2-модуль – Құрастыру және лекалоларды матаға тиімді орналастыру;
3-модуль – Әйелдерге арналған тренч тігу.
Болашақ тігіншілер шығармашылық қабілеттерін, технологиялық білімдерін және кәсіби шеберліктерін жоғары деңгейде көрсетуде. Бұл емтихан – студенттердің еңбек нарығына дайын маман ретінде қалыптасуының маңызды кезеңі.
Т-21 тобының студенттеріне сәттілік тілейміз! Жасаған әр бұйымдарыңыз сапалы, сәнді және сұранысқа ие болсын!
#АтырауСервисКолледжі #ДемонстрациялықЕмтихан #СәнТехнологиясы #Тігінші #КәсіптікБілім

25/06/2026

Ынтымақтастық – сапалы білім мен табысты болашақтың кепілі!
Атырау облыстық Білім беру басқармасы, Атырау сервис колледжі және KMG EP-Catering ЖШС Атырау филиалы арасында өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.
📌 Меморандумның негізгі мақсаты – білікті кадрларды даярлау ісін жетілдіру, студенттердің өндірістік тәжірибеден сапалы өтуіне жағдай жасау және түлектердің еңбек нарығына табысты бейімделуіне қолдау көрсету.
Меморандум аясында:
✅ студенттердің өндірістік практикасын ұйымдастыру;
✅ тәжірибе барысында кәсіби дағдыларын дамыту;
✅ кәсіпорын мамандарының қатысуымен шеберлік сабақтары мен тренингтер өткізу;
✅ жұмыс берушілер мен білім беру ұйымдары арасындағы өзара байланысты нығайту бағытындағы бірлескен жұмыстар жүзеге асырылатын болады.
Сонымен қатар, KMG EP-Catering ЖШС Атырау филиалы Атырау сервис колледжінің биылғы 5 түлегін тұрақты жұмыспен қамтуға ниет білдіріп отыр. Бұл – жастарды жұмыспен қамтуға бағытталған нақты әрі маңызды қадамдардың бірі.
Аталған серіктестік білім беру ұйымы мен өндіріс арасындағы байланысты одан әрі күшейтіп, еңбек нарығында сұранысқа ие, бәсекеге қабілетті мамандар даярлауға жаңа мүмкіндіктер ашады.
Болашақ мамандардың кәсіби дамуына бағытталған бұл ынтымақтастықтың жемісті болуына тілектеспіз!
#АтырауСервисКолледжі #ӘлеуметтікСеріктестік #ЖастарЖұмыспенҚамту #КәсіптікБілім #ӨндірістікТәжірибе #БіліктіМаман

Photos from Атырау Сервис Колледж's post 25/06/2026

Атырау сервис колледжінде демонстрациялық бітіру біліктілік емтихандары өтуде!
10120100 – «Шаштараз өнері» мамандығы бойынша 3W10120101 – «Шаштараз-стилист» біліктілігінің ПМ-19 тобы студенттері өндірістік оқыту шебері И.В. Есареваның жетекшілігімен демонстрациялық бітіру біліктілік емтиханын тапсыруда.
Демонстрациялық бітіру біліктілік емтиханы «WorldSkills» чемпионатының тапсырмалары негізінде өткізілуде.
Емтихан келесі модульдерден тұрады:
1-модуль – Әйелдерге арналған перманент, шаш қию және сәндеу
2-модуль – Орташа ұзындықтағы шашқа арналған қалыңдық үлгісі
3-модуль – Ерлерге арналған шаш қию, бояу және сәндеу
Емтихан барысында студенттер теориялық білімдері мен өндірістік тәжірибеде алған кәсіби дағдыларын тәжірибе жүзінде көрсетуде. Әр қатысушы заманауи сән үрдістеріне сай шаш үлгілерін жасап, шығармашылық қабілеті мен кәсіби шеберлігін дәлелдеуде.
Шаштараз өнері – талғам мен шеберлікті, жауапкершілік пен шығармашылықты талап ететін ерекше мамандық. Бүгінгі емтихан барысында студенттер өздерінің осы саладағы дайындық деңгейін жоғары дәрежеде көрсете білді.
Болашақ шаштараз-стилистерге сәттілік тілейміз! Демонстрациялық емтихандарын жоғары нәтижемен тапсырып, таңдаған мамандықтарының білікті маманы атансын. Еңбектеріңіздің жемісін көріп, кәсіби жолдарыңыз әрдайым ашық болсын!
#АтырауСервисКолледжі #ШаштаразӨнері #ШаштаразСтилист #ДемонстрациялықЕмтихан #ЖасМаман #КәсіптікБілім

Photos from Атырау Сервис Колледж's post 25/06/2026

Атырау сервис колледжінде демонстрациялық бітіру біліктілік емтиханы өтуде!
10130200 – «Тамақтану саласында қызмет көрсетуді ұйымдастыру» мамандығы бойынша 3W10130201 – «Кондитер-безендіруші» біліктілігінің К-8 тобы студенттері өндірістік оқыту шебері Д.А. Маратованың жетекшілігімен демонстрациялық бітіру біліктілік емтиханын тапсыруда.
Демонстрациялық бітіру біліктілік емтиханы «WorldSkills» чемпионатының тапсырмалары негізінде өткізілуде.
Емтихан келесі модульдерден тұрады:
1-модуль – Бенто торт «Антреме» дайындау
2-модуль – «Шоколадты корпусты конфет» дайындау
3-модуль – «Мастикадан мүсін жасау» және модельдеу
Емтихан барысында студенттер өздерінің кәсіби білімдерін, тәжірибелік дағдыларын, шығармашылық қабілеттерін және көркемдік талғамдарын жоғары деңгейде көрсетті. Әрбір жұмыс ұқыптылықпен орындалып, болашақ кондитерлердің шеберлігі мен кәсіби дайындығын айқындады.
Кондитерлік өнер – тек тәтті тағам дайындау ғана емес, ол шығармашылық пен шеберліктің үйлесімі. Бүгінгі емтихан барысында студенттер осы қасиеттерді толықтай дәлелдей білді.
Болашақ жас мамандарға сәттілік, шығармашылық шабыт және кәсіби жолдарында толағай табыстар тілейміз! Емтихан нәтижелері жоғары болып, еңбектеріңіздің жемісін көре беріңіздер!
#АтырауСервисКолледжі #КондитерБезендіруші #ДемонстрациялықЕмтихан #ЖасМаман #КондитерлікӨнер #КәсіптікБілім
#атыраубілімберубасқармасы
#заңментәртіп








.edu.kz




#АтырауЖастары
#КайратСисенов
#АтырауОблысыБілімБасқармасы
#АтырауОблысыАссамблеяЖастары

Photos from Атырау Сервис Колледж's post 24/06/2026

Атырау сервис колледжінде «26 маусым – Халықаралық нашақорлыққа қарсы күрес күніне» орай студенттерге арналған профилактикалық жиын өтті.
Іс-шараның негізгі мақсаты – жастар арасында салауатты өмір салтын насихаттау, есірткі заттарының зияны туралы ақпарат беру және құқық бұзушылықтың алдын алу.
Жиын барысында полиция қызметкері Алтынбек Бахтыбайұлы студенттерге нашақорлықтың адам денсаулығына, психологиялық жағдайына және қоғамдағы орнына тигізетін кері әсері туралы кеңінен түсіндірді. Сондай-ақ есірткі құралдарын заңсыз сақтау, пайдалану және таратудың құқықтық жауапкершілігі туралы айтып, жастарды зиянды әдеттерден аулақ болуға шақырды.
Кездесу барысында студенттер өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, маманнан нақты жауаптар алды. Мұндай профилактикалық шаралар жастардың құқықтық сауаттылығын арттырып, олардың қауіпсіз әрі саналы өмірлік ұстаным қалыптастыруына ықпал етеді.
Колледж әкімшілігі студенттерді салауатты өмір салтын ұстануға, заң талаптарын сақтауға және өз болашағына жауапкершілікпен қарауға шақырады.

#атыраубілімберубасқармасы
#заңментәртіп








.edu.kz




#АтырауЖастары
#КайратСисенов
#АтырауОблысыБілімБасқармасы
#АтырауОблысыАссамблеяЖастары

Photos from Атырау Сервис Колледж's post 23/06/2026

Атырау сервис колледжінде «Жазғы каникул кезіндегі қауіпсіздік ережелерін сақтау» тақырыбында студенттермен профилактикалық кездесу өткізілді.

Іс-шараның негізгі мақсаты – білім алушылардың жазғы демалыс уақытындағы қауіпсіздігін қамтамасыз ету, құқық бұзушылықтың алдын алу, төтенше жағдайлардың болдырмау және жауапкершілік сезімдерін қалыптастыру болды.

Кездесуге Атырау қалалық полиция басқармасының қызметкерлері, полиция аға лейтенанттары Жалелов Алтынбек Бахтыбайұлы мен Сағидоллаев Нұрбек Кәрімоллаұлы қатысып, студенттерге түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Олар өз сөздерінде жазғы демалыс кезеңінде заң талаптарын сақтау, қоғамдық орындардағы тәртіп мәдениеті, кәмелетке толмағандардың қауіпсіздігі және құқық бұзушылықтың алдын алу мәселелеріне ерекше тоқталды.

Кездесу барысында студенттерге су айдындарындағы қауіпсіздік ережелері, рұқсат етілмеген жерлерде шомылмау, жол қозғалысы ережелерін сақтау, интернет желісіндегі қауіпсіздік, алаяқтық әрекеттерден сақтану, түнгі уақытта заңды өкілсіз көшеде жүрмеу, сондай-ақ қоғамдық орындарда өзін дұрыс ұстау мәдениеті туралы жан-жақты ақпарат берілді.

Сонымен қатар, жастар арасында кездесетін зиянды әдеттердің, оның ішінде темекі шегу, алкогольдік ішімдіктер мен есірткі заттарын қолданудың зияны түсіндіріліп, буллинг, кибербуллинг және түрлі құқық бұзушылықтардың салдары туралы айтылды. Студенттерге әкімшілік және қылмыстық жауапкершілік түрлері түсіндіріліп, нақты мысалдар келтірілді.

Кездесу соңында білім алушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, полиция қызметкерлерінен нақты жауаптар алды. Мұндай кездесулер жастардың құқықтық сауаттылығын арттыруға, қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыруға және заңға құрметпен қарауға тәрбиелеуде маңызды рөл атқарады.

Атырау сервис колледжі студенттердің өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған профилактикалық іс-шараларды алдағы уақытта да тұрақты түрде ұйымдастыратын болады.

📌 Ұран:
«Қауіпсіз жаз – жарқын болашақ кепілі! Заңды сақтау – әр азаматтың міндеті!»

#атыраубілімберубасқармасы
#заңментәртіп








.edu.kz




#АтырауЖастары
#КайратСисенов
#АтырауОблысыБілімБасқармасы
#АтырауОблысыАссамблеяЖастары

23/06/2026

Атырау сервис колледжі 2026–2027 оқу жылына талапкерлер қабылдайды. Оқуға түсуге шақырамыз!

#атыраубілімберубасқармасы
#заңментәртіп








.edu.kz




#АтырауЖастары
#КайратСисенов
#АтырауОблысыБілімБасқармасы
#АтырауОблысыАссамблеяЖастары

Want your school to be the top-listed School/college in Atyrau?

Click here to claim your Sponsored Listing.

Location

Telephone

Website

Address

Курмангазы 9/2
Atyrau