aibuba

aibuba

Share

Contact information, map and directions, contact form, opening hours, services, ratings, photos, videos and announcements from aibuba, Tutor/Teacher, Almaty.

Photos from aibuba's post 09/04/2022

Құранды әр хатым жасағанда әр түрлі сезім мен message алғың келеді ме?

Осы жолы бәлкім бұрын соңды естімеген теңдессіз бір лайфхакпен бөлісейін. Біз Құранды хатым етеміз, бірақ мағынасын қаншалықты түсінеміз? Құран түсініп, өмірізге нұсқау болу үшін жіберілген жоқ па?

Әрине Құранды бір оқып шыққаннан толық түсіне алмаймыз. Бірақ Құранды кішкентай қадамдармен түсініп, өмірімізге енгізуге болады. Қалай?

Әр хатым жасағанда белгілі бір тақырыпқа концентрация жасап оқу арқылы! Ол үшін Құранды жәй ғана оқымай, белгілі контекстке көңіл бөлуіміз қажет.

Мысалы, мен осы жолғы хатымда бүкіл сүрелердегі Алланың құлымен қарым-қатынасына көңіл бөле отыра оқимын. Сонда Алланың қалауымен қандай жағдайда Раббымыздың құлына мейірімді екенін, қай кезде азабына ұшырайтынымды, Оған қалай жақын бола алатынымды, мен қандай іс жасасам Алла мені жақсы көреді, қандай іс жасасам Оған ұнамсыз екенін біліп шығамын. Келесі хатымда басқа тақырыпқа мән бере отыра оқимын. Құранның аяттарын тәдәббур (анализ, ойлану және амалға асыру) ете оқу міне осыдан басталады.

Сіздерге мынандай контексттерді ұсына аламын ⤵️

✅ Алланың сипаттары. Алла өзін бір аятта неге Рақымды, Кешірімді деп сипаттайды. Басқа аятта неге Алим, Сәми (Барлығын Білуші, Естуші)?

✅ Ризық нығметтер. Алла Құранда қандай нығмет, ризықтары жайлы айтады?

✅ Әйел және ер адамдар. Алла Тағала біздің жынысымыз жайлы не дейді? Құқықтарымыз бен міндеттеріміз, жаратылысымыз қандай?

✅ Өткен қауымдардың қиссалары. Онымен Алла маған не айтқысы келеді? Неліктен сонша көп оқиғаларды мысал келтіреді?

✅ Адамның адаммен қарым-қатынасы. Менің анаммен, әкеммен, бауырларыммен, көршілеріммен, жетім-жесірмен, дұшпандарыммен ара қатынасым қандай болуы керек?

✅ Ғибадат. Алла қандай халде оған құлшылық еткенімді қалайды? Намазым қандай болуы керек? Оразам? Зекетім? ж. б.

✅ Садақа, зекет. Құран сансыз зікір етілетін садақа, зекеттің мен үшін қандай маңызы бар? Садақа маған қандай есіктерді ашады?

Жалғасы ⏩⏩

Photos from aibuba's post 02/04/2022

Рамазанға саяхат 2 марафонына тіркелу басталды 🥳

Постқа ❤️ басып, соңына дейін оқығандарға сюрприз бар!

Шүкір деніміз сау, аман есен айлардың сұлтаны Рамазанға да жеттік.

Рамазан Мұсылман жамағатының бірлесетін, бір-біріне мейірімін төгетін, бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығаратын мүбарак ай. Бұл айдағы әрбір минуттың өзі қадірлі болғандықтан, биыл да жамағатпен хайырлы іске қосылып «Рамазанға саяхат 2» марафонын жасағалы отырмыз.

30 күн бойы жалғасатын бұл марафонда сіз қандай пайда аласыз?

🌙 Күндік дайын жоспар аласыз. Сізге күнделікті оқылатын дұға, салауат, аят пен хадистер, сүннет амалдар тізбегі беріледі.

🌙 Алланың 99 есімін мағыналарын түсініп жаттайсыз.

🌙 Қабіріміздің нұры, 30 аяттан тұратын Мүлік сүресін жаттайсыз.

🌙 Күнделікті Құран хатымға қатысасыз.

🌙 Имам Ғазалидің «Оразаның сырлары» атты кітабын оқып, бірге талдаймыз.

🌙 30 күнге арналған Ислами фильм көресіз.

🌙 Аптасына 2 сүреден, толық 8 қысқа сүренің тәпсірін тыңдап, намазда оқитын сүрелеріңіздің мағынасын тереңінен түсінесіз.

🌙 Рамазанға байланысты сұрақтарыңызға жауап аласыз.

🌙 Ең бастысы бұл марафонға қатысушы әрбір адамға 30 күндік арнайы жоспармен жасалған «Рамазанға саяхат 1443» трекері беріледі.

🎁 Тағы да Рамазан бонусы ретінде мен сіздерге Арабшасы, транскрипциясы және Қазақша түсіндірмесімен жазылған, оның үстіне аудио нұсқаларымен бірге берілетін «Намаз дұғалары мен сүрелері» кітапшасын да сыйлаймын.

✅ Марафонның бір айлық құны биылғы хиджри жылға орай символический 1443 теңге. 30 күнге шаққанда мынаның бәрін небәрі 49,5 теңгеге алады екенсіз 🫢

Тіркелу Рамазанның бірінші аптасының соңына дейін жалғасады. (Қалай тіркелетініңізді «Рамазан» деген актуальныйдан көре аласыз)

✅ Сонымен қатар бұл марафоннан түскен ақшаның басым бөлігі студенттер мен білімгерлерге ауыз ашар беруге кететін ескертемін. Өзіңіз пайда алып қоймай, бұл айдың берекесімен басқаға да пайда әкелетініңізді ұмытпаңыз.

Жалғасы ⏩⏩⏩

01/04/2022

Айдың күннен артықшылығы 🌙

Қасиетті Рамазанның басталуына 1 ғана күн қалды. Әр жыл Рамазанның басталуының өзі бір қызық қой. «Бүгін ауыз бекітеміз бе? Ай көрінді ма? Тарауих қашан?» деп шулап, әйтеурі бір қарасақ елмен қатар сәресі ішіп отырғанымызды байқамай қаламыз 😁

Фиқһи тұрғыдан мәселенің бәрі айдың көрініп көрінбеуіне байланысты. Жалпы біз Мұсылмандар неге күн емес, айдың күнтізбесін қолданамыз? Оның не ерекшелігі бар?

Бүгін осы жайлы Ибн Арабидің қызық бір сөзін оқып қалдым:

«Мұсылмандардың басқалармен салыстырғанда күн емес айдың күнтізбесіне қарай әрекет етуінде бір ақиқат жатыр. Ол ақиқат күннің күндізгі уақытқа, яғни дүнияуи тіршілікке, ал айдың түннің уақытына, яғни ахіреттік тіршілікке негізделуінде» дейді. Расымен ақ Алла Тағала әрбір уақытты белгілі нәрсеге берекелді еткен. Түсті тіршілікке берекелді етсе, түнді құлшылыққа. Мұсылмандар да бұның байыбына барып айлық күнтізбені таңдаған деседі Ибн Араби.

Ойлануға тұрарлықтай. Алла Тағала адамды хайуаннан, рухты нәпсіден, айды күннен, түнді түстен, Рамазанды басқа айлардан, Қадір түнін басқа кез келген түннен үстем етіп қойғаны рас. Бір уақыт келесі бір уақытпен дәрежесі бірдей болмайды. Бұл уақытты сол дәрежеге сай өткізе алуымыз керек және соның дәрежесіне сай осы айдан шығуымыз керек иншалла.

Алла Тағала келе жатқан Рамазанымызды баршамызға мүбарак қылып, осы айдан жеңісті жемісті, рухани бай болып шығуымызды нәсіп етсін. Рамазан мүбарак жұлдыздарым 💛

Photos from aibuba's post 29/03/2022

Стамбулда туристтер білмейтін MUST GO жерлер және кафелер тізімі 😍

Стамбулға барған соң Султан Ахметтің айналасынан шықпай жүргенше, 6 жыл тұрған адамның кеңесін тыңдап одан да әдемі жерлерді көріңіздер деп пост жазып жатырмын 😂 Так что лайк басып, сақтап, бөлісіп қойыңыздар ❤️

✅ Süleymaniye мешіті. Бұл мешіт жайлы алдыңғы постта жаздым. Мешіттің жанындағы кептірілген фасольдан жасалатын Түрік тағамын ұсынатын тарихи кафелерден міндетті түрде дәм татыңыз 😋

✅ Сүлеймание мешітінен төмен қарай сәл жүрсеңіз Süleymaniye Çikolatacısı бар. Белгиядан әкелетін шоколадты ерітіп жасайтын арнайы десерт пен Түрік шәйін ішпей кетпеңіз 😋

✅ Bebek sahili. Көбінде Стамбулдың байлары тұратын Bebek районының теңіз жағалауы туристтік жердегідей «базар» болмайды. Адамы аз, теңізі тыныш, көрінісі тамаша жер. Сол жағалаудағы кез келген кофейняға кіріп, теңіздің жағасында отырып кофе ішіп қайту 👍 experience.

✅ Астыңда көлік болса Бебектен ары қарай Arnavutköy райынона барып, әйгілі балықшыларының балықтарын жеп қайтуға болады. Жол жөнекей Стамбулдың ең дәмді тарихи Sarıyer Börekçi'лерінен дәм тату керек 😋 P. S. Суретте дәл сол Бебекте тұрмын.

✅ Çengelköy sahili. Чэнгелкөйдің жағажайынан арзан бағаға жеке қайық жалдап, бұғазды 1−2 сағат аралап қайту unique experience. Туристтер қаптап отыратын үлкен бұғаз турларынан сәл қымбат, бірақ жалғыз өздеріңіз кішкентай қайықта алатын эмоцияларыңыз ұмытылмастай болатыны гарантия 😉

✅ Kuzguncuk. Чэнгелкөйден төмен қарай жүрсеңіз, Осман Империясында Мұсылман, Христиан және Яхудилер бірге тұрған «мини Йерусалимге» түсесіз. Кіп кішкентай районда мешіт, шіркеу, синагог бірге тұрады. Бұл жерде тарихи Metet Döner ресторанынан дөнер жеп қайтыңыздар 😋

Жалғасы ➡️

Photos from aibuba's post 27/03/2022

Стамбулым, қош сау бол 💔

3 апталық демалыс бітті. Үйге қайту заманы. Стамбулды да қимай, үйімді де сағынып қызық сезімдемін …

Өмірде де жолаушымыз, бұл дүниені қимаймыз бірақ «өз үйім өлең төсегім» деп жататын тыныштық мекенін сағынамыз ✨

Алдымыздағы Рамазан айында рухтың сол сағынышын басатын күндер жақындап келеді. Алла жолымызды ашық етіп, Рамазанды абыроймен өткізіп алуымызды нәсіп етсін 🤲🏻

Үнемі жолаушы екенімізді ұмытпасақ игі еді. Маған ақ жол тілеп қойыңыздар. Үйге аман есен жеткен соң сіздердің сұраныстарыңызға қарай Стамбулдың көп білінбейтін, бірақ must visit жерлерінің тізімін жазамын 💛

P. S. Стамбул мен үшін туристтік мекен емес, достарым мен екінші үйім болғандықтан осы суреттер естелікке 🌸

12/02/2022

Zaytuna College студенті атандым 😍

Қаншама ай бойы жүрегім жарылып, айта алмай жүрген хабарыммен бөлісетін уақыт келді. Аллаға шүкір, енді ресми түрде Zaytuna College университетінің Ислам философиясы факультеті магистр студентімін.

Zaytuna College 2009 жылы Калифорнияның Беркли қаласында Америкалық Мұсылман ғалымдардың бастауымен ашылған университет. Осы университетті құрған әлемнің ең әсерлі 500 Мұсылманының қатарындағы шейх Хамза Юсуф, Заид Шакирдің студенті болу иншалла ерекше экспериенс болайын деп тұр. Бақыттың көз жасымен жазып отырмын 😭💔

Былтыр Америкаға көшіп келгелі «Раббым, Калифорнияны бізге хайырлы еткен болсаң, осындағы уақытымызды жолдасыма да маған да пайдалы ет» деп дұға тілей бердім. Ең үлкен талабым оқуымды жалғастыру еді. Мен жолдасым үшін Америкаға келген болсам, ол маған оқуға түссең болды, қанша қаражат керек болса да оқытамын деді. Бірақ мен грантқа түсем деп қоймадым. Алла ұлық, ниетімізге жеттік, бүгін оқуға толық грант берілді. Это просто чудо 💔 (Америкада магистратураға грант алу қаншалықты қиын екенін тапсырғандар біледі)

Менің Gallup тестімнің нәтижесі бойынша алғашқы қабілетім LEARNER екен. Еш таң қалмадым, өйткені мен оқудан ләззәт аламын. Соңғы 3 жылда оқусыз депрессияға түсіп, қанша көз жас төккенім бір Аллаға мәлім. Тіпті 2 жыл бұрын сол депрессиядан проектім пайда болған ✨

Айтпақшы, ия, Зайтуна мектебімнің атын осы Zaytuna College’ге және Мароккодағы Zaytuna University’ге ұқсаған Мұсылман әлеміне қызмет ететін берекелді білім ордасы болсын деген ниетпен қойғанмын.

Алла осы ниетімізден ажыратпасын 🤲🏻

Енді менің екі Зайтунам бар 😂 Сол үшін от души құттықтауларды қабылдауға дайынмын 🥳

Photos from aibuba's post 04/02/2022

Рәжәп — рухани сапарға дайындық айы 🌙

Рәжап (رجب): қорқу, құрмет көрсету, тағзым ету деген мағыналарға келеді. Соғыс тыйым салынған төрт харам айдың бірі Рәжәп, Шағбан және Рамазанмен бірге үш мүбарак айдың да қатарына жатады. Исламға дейінгі джахилия кезеңінде бұл айдың алғашқы он күнінде ораза ұсталып, умра жасалып, «рәжәбйия» деп аталатын пұттарға табынылған. Тіпті белгілі риуаяттарда алыс Араб кезеңінде де (Ад және Самуд кезеңі) бұл айды айқай шудың, қару жарақтың дыбысы тоқтағандықтан «әсамм: мылқау» (أصم) деп аталған екен.

Рәжәп айы кіргенде Алла Елшісі (Алла одан разы болсын): «Раббым, Рәжәп пен Шағбанды бізге мүбәрак қыл, бізді Рамазанға жеткіз» деп дұға жасаған. Арабшасын суретке салып қойдым ➡️

Рәжәп, рағайып және миғраж түндерінің айы, истиғфар айы. Әр істің бастауы ниетті, жүректі тазарту болса, Рамазанға дайындығымыз Рәжәп айында көп истиғфар жасап, жүрек пен ниетті ретке келтіруден басталады. Бұл айда көбірек ораза ұстап, нәпіл ғибадаттар мен садақымызды арттырып, Рамазанда рухани сапардың шыңына шығатындай дайындықты қазірден бастағанымыз абзал.

Рәжәп айында жасалатын ең үлкен рухани дайындық - Құран оқып үйрену. Өзіңіз осы кезге дейін Рамазанда Құран хатым етіп көрмеген болсаңыз, биыл Құранды өз тілінен оқып, Аллаға бір қадам жақындағаныңызды елестетіңізші. Қандай әдемі ішкі трансформация ия? 💫

Ал, Құранмен атар таңым курсына жазылып үлгерген оқушыларды құттықтаймын. Алла қаласа алдымыздағы Рамазан сіз үшін ерекше болады деп сенемін 🥀

Ал бұл мүбәрак айлардың шарапатын арттырып, үмметке +1 Құран оқушы Мұсылман оқытуға қаражат бөліп, қолдау жасаған бес спонсорымызға осы жерден алғысымды айтамын. Шынымен мен мұндайды күтпедім 💔

Осы білімге берген садақаларыңыз амал дәптеріңізде тоқтаусыз сауаптардың жазылуына себепші болсын. Ал біз оқушылармен сіздердің үміттеріңізді ақтау үшін барымызды саламыз иншалла 🤲🏻

Рәжап айының қасиетті жұмасы мүбарак болсын! Дұғаны сақтап, бөлісіп отырыңыздар ❤️

Photos from aibuba's post 02/02/2022

Құранмен атар таңым курсын тегін оқыту үшін алғашқы спонсорымыз табылды 😍

Курсты тегін алу шарттары посттың соңында ➡️

Білімдінің ризығы жайлы …

Алла Тағала білім жолында болған кез келген адамның ризығын күтпеген жерден бере береді және өзінің жолына түскен әрбір ізденушіні басқаларға сүйкімді, жағымды етіп қояды екен ғой.

Расымен, студент кезімде Алла күтпеген жерден ризығымды жібере беретін. Мысалы бірінші курста оқып жүргенімде, құрбым екеуіміз степендиямызды алып, қымбат бір рестораннан тамақтанайық деп тамақ тапсырыс бердік. Әңгімеміз жарасып, не керек жақсы отырдық. Енді төлем жасағалы жатыр едік, кассир: «сізге үстеліңіз төленді» деді. Біз қалай сонда деп таң қалып тұрсақ, жанымызда отырған Мұсылман жанұя біз үшін төлеп қойған екен. Олардың жанына барып, біз өзіміз төлейміз, неге бұлай жасадыңыздар дегенімізде «екеуіңнің әңгімелеріңнен білім жолында жүргендеріңді естідік, бұл ас бізден болсын» деді 💔

Алғашқы жылы күнкөрісіме үйден келген ақшаны екі үш айға әрең жеткізіп жүргенімде, «я Раббым сен Раззақсың осы ақшаның берекесін бер» деп тілеп жүргенім сол еді, мен мүлдем танымайтын бір кісі студент екенімді естіп, 500 лира салып жіберіпті. Ол кезде бұл ақша маған бес айға жететін. Германияда жатақханамның ақысын сондағы Мұсылмандар төлеген. Жалпы студент екенімді білген таксисттер де ақысын алмай, тегін жеткізіп тастай салатын, тарауихте бір сапта намаз оқып тұрған әйел де «білім жолындағы адамсың, мынау менің көмегім болсын» деп қалтама ақшасын тықпалап жіберетін, етті жақсы көргенімді білетін достарымның ата аналары да апта сайын етпен тамақ жасап, үйлеріне шақыратын.

Бұндай оқиғалар басымнан өте көп өтті. Сонда ешкімнен маған бер деп сұраған емеспін. Бірақ Алладан ризық тілеп жасаған дұғаларым Алланың сүйікті құлдары арқылы осылай жететін. Өйткені Алла Тағала білім жолында жүрген адамды басқаларға сүйкімді, жағымды етіп, олардың жүректері мен қолдарын сол адамға аштырады. Ал мен әлі күнге дейін оларды дұғама қосып жүремін.

Photos from aibuba's post 26/01/2022

Құран оқуды бастасам да, жарты жолда қалып қоя береді 😢

Қазіргі адамның ең үлкен проблемасы — бір істі соңына дейін апаратын қауқарының жоқтығында деп ойлаймын. Бұның бірден бір себебі біздің ойлау жүйеміздің жылдамдыққа негізделіп бара жатқанында. Технология жылдамдаған сайын, адам да сол жылдамдықпен бүкіл нәрсеге ие болғысы келеді. 10 минутта пицца заказ беріп үйреніп қалған адамның 2 айда Құран үйренуге шыдамы қайдан жетсін? Ал былай қарасаң, білім алу үшін 2 ай деген түк те емес. Содан соң бір істі соңына дейін жеткізе алмайтынымызға таң қаламыз 🤷🏻‍♀️

Екінші себеп, процесстен ләззәт алу үшін емес, тез тез нәтижеге жету үшін жұмыс жасау. Екі жылдық тәжірибемде курста жалпы екі түрлі студент көрдім. Біріншісі, «тез тез Құран оқып кетсем екен» деп нәтижені көздеген адам. Екіншісі, «Қанша уақыт қажет болса да ең бастысы Құран оқимын ғой» деп ниеттенген адам. Енді қай студент соңына дейін курсты апарады деп ойлайсыз? 🤨

Бірінші студент миында «тез-тез үйрену» деген шартты қойды ма, тез нәтижеге жетпесе, ары қарай желаниесі қашады да курс жайында қалады 💔 Екінші студент «ең бастысы Құран оқимын» деп шарт қойды ма, Құран оқудан шаршамайды ✅ Пайғамбарымыз (Алла одан разы болсын): «Амалдың ең жақсысы тұрақты жасалғаны» дейді. Ал қандай амал тұрақты жасалады? Әрине, процесске көңіл бөлінген амал ғана тұрақты түрде жалғасады.

Нәтижені көздеген адам Құран оқып үйренген сәтте миы «болды, мақсатыңа жеттің, енді қоя ғой» деген сигнал береді де, ары қарай күнделікті Құран оқып жүруге шабыты болмайды. Ал процесске көңіл бөлген адам үшін нәтиже маңызды емес. Ол үшін нәтиже бүгінгі күнде емес, ақіретте. Мақсат құр Құран оқи беруде емес, Алланың ризалығында. Сол себепті ол ешқашан Құран оқудан жалықпайды, керісінше Құранның сырлары оған оқыған сайын ашыла береді ✨

Жалғасы ⏩⏩

постты сақтап, бөлісуді ұмытпаңыз 💛

13/01/2022

Жұлдыздарыма «10 дерттің дұғасы» кітапшасын сыйға тартамын 🎁

Еліміздегі соңғы жағдай адамдардың бойындағы қорқыныш, дәрменсіздік, белгісіздік сияқты хайырсыз сезімдерді арттыра түскендей көрінеді. Директке бір күнде бірнеше адамнан «Тұла бойымды қорқыныш сезімі билегендей. Жүрегім тыныш емес. Қарыздарым өте көп, қалай құтылсам болады?» сияқты неше түрлі проблемалардың дауасы ретінде қандай дұға оқуға болады деген сұрақтар келіп жатыр.

Басымызға бір дерт келсе бірден Раббымыздан дұға ету — проблеманы шешудің жартысы. Өйткені Алла Тағала айтады: «Олар маған дұға етсін, дұға етушіге жауап беремін» (Бақара, 186)

Қазіргі ситуациядағы психологиялық, рухани проблемаларды ойлап отырып, сіздер үшін бір емес бірнеше дерттің дұғасынан тұратын кітапша әзірледім.

Кітапшада 10 дұға қамтылған:

✨ Дәрменсіздіктен құтылу үшін дұға
✨ Апаттардан аман болу үшін дұға
✨ Көңілдің қысылуынан сақтану дұғасы
✨ Кедейліктен сақтану дұғасы
✨ Надандықтан сыйыну дұғасы
✨ Қорыққанда оқылатын дұға
✨ Қиындықта оқылатын дұға
✨ Аштықтан және қиянаттан сыйынатын дұға
✨ Зұлымдықтан сыйынатын дұға
✨ Жүректің тыныштығы үшін оқылатын дұға

Барлық дұғалар Арабша, транскрипция және Қазақша аудармасымен берілген. Иншалла жақында аудио нұсқаларын да алатын боласыздар. Кітапшаны шығарып алып, аудиосын тыңдап күнделікті оқып жаттауға өте ыңғайлы ✔️

Кітапшаны алу үшін бір ғана шарт бар:

✅ Менің оқырманым болып, өзіңіздің сторисіңізде мені белгілеп #дұғаетейік хештегімен осы постты достарыңызбен бөлісуіңіз қажет. (Парақшалары жабық адамдар, директке скрин жіберіңіздер, әйтпесе көрінбейсіздер)

✅ Қалауыңызша осы дұға кітапшасы пайдалы болады деген достарыңызды пікірлерге белгілеп кетіңіз.

Иншалла осындай қиын сәтте сүйікті Пайғамбарымыздың (Алла одан разы болсын) оқыған бұл дұғалары сіздің де дерттеріңізге дауа болады деген сенімдемін.

Дұға етейік, амал жасайық. Әлбетте Алла жеңілдетеді 🤲🏻

P. S. Дұғаларыңызға мені де қосып қойыңыздаршы 💛

10/01/2022

Ауылдан бала кетсе де, баладан ауыл кетпейді …

Соңғы күндері болған оқиға шет елде жүрген Қазақтар үшін де оңайға соқпады. Елге жете алмай қалған жолаушылар жарты жолда қалды, интернеттің өшуіне байланысты адамдар жақындарына хабарласа алмай жатты. Әлемнің түрлі елдерінде жүрген Қазақ жастары халықты қолдап, шеруге шығып жатты. Олардың видеоларындағы пікірлерді оқысаң шошисың, халықта әлі де шет ел = үлде мен бүлдеге оранған өмір деген ұғым кетпегенін тағы да түсінікті болды; /

«Ауылдан бала кетсе де, баладан ауыл кетпейді» деген сөзді естіген шығарсыздар. Мұхит асып кетсек те, еліміз бізден кетпейді, елде бір жағдай болса, біздің де қабырғамыз қисаяды.

Осы уақытта халқының шын жанашырлары ретінде шет елдегі ондаған Қазақтар жолда қалғандарға баспанасымен, тамағымен, қаражатымен бөлісті. IT саласындағы достарымен Қазақстан үшін VPN орнатты, ешкімде интернет жоқта Нәрікбидің эфирлеріне кіріп бір үміт бір жақсы хабар шығар деп үміттеніп отырдық. Одан бөлек бастамасымен Америкалық Қазақтар Алматыда зардап шеккен жандарға алдын ала қаражат жинап бастады. Антальяда отырып, әлем бойынша шет елде қалып қалған азаматтарға баспана, тамақ беретін адамдардың басын қосып отырды. Ал біз ' ның бастамасымен жүзеге асырылған «Бауырмен байланыс» қызмет көрсету тобында жүздеген көңілділермен бір-біріне хабарласа алмаған жанұялардың басын қостық. Әркім қолынан келгенін жасады. Шет елге кету, елді жүректен алып тастау деген сөз емес. Біз жүрекпен туған жерімізбен әрдайым бірге екенімізді біліңіздер 🇰🇿❤️

Дала қараңғы болса да, аспанда жұлдыздар жарқырайды. Елдегі қараңғы уақытта жан жақта жарқыраған жұлдыздардың бар екенін көру жүрекке жылу берді ✨

Ендігісі бұл қасіреттің артында үлкен жеңілдік бар деп үміттенеміз 🤲🏻 «Расында әрбір қиыншылықтың артында міндетті түрде жеңілдік бар» (Инширах, 5).

Photos from aibuba's post 28/12/2021

2021 жылдың фэйлдары 🤦🏻‍♀️

Кеше мини жетістіктеріммен бөлістім, бүгін кезек фэйлдерге келді. Жетістікке жету үшін фэйлдерді де қабылдай алу керек. Сонымен биыл жете алмаған 10 мақсатым:

💔 Ешқандай жаңа өнім шығармадым. Бұл жылды тек Құран курсын кемелдендіруге арнадым. Жазда бастаған Араб тілі курсымның жазылуы жарты жолда қалып қойды, бітпеді.

💔 Мақсат қойған 20K оқырманға жете алмадым. Тіпті 10K' ға жеткен жоқпын 😄 Жылдың басында осындай мақсат қойып, бір уақытта маңыздылық санда емес сапада деп тек органикалық түрде өсуді жөн көрдім. Бірақ контентіме көбірек көңіл бөлгенімде бәлкім органикалық түрде 5 емес, 10 есе өсуге болар ма еді?! Who knows 🤷🏻‍♀️

💔 Спортты күнделікті өміріме енгізе алмадым. Жүзу курсына жазылмадым. Бірнеше ай спорт залда жаттығып жүріп, жабық жерде спортпен айналысу ұнамады деп тастап кеттім. Хотя бізде спортпен айналысамын деген адамға барлық жағдай жасалған (есектің жүгі жеңілдеген сайын жатаған келеді демекші :) Жүгіруді қолға алып, денсаулыққа көбірек көңіл бөлуім керек. Өйткені ол Алланың аманаты.

💔 Қаржылық сауаттылығымды арттырмадым. Әлі күнге дейін айлық, жылдық табысымды тиынына дейін зерттеп қарамаймын. Алла береке берсін деп жүре беретіндердің қатарындамын 😂

💔 Планым бойынша Лос Анджелеске, Холштатқа және Тахоға бармадым.

💔 Оқимын деген кітаптарым мен сабақтарымның тек жартысын бітіре алдым. Шамама қарамай өте көп мөлшерде жазып тастаған сияқтымын 🥸

💔 Түрікше бастаған подкастымды бірінші эпизодтан кейін жасамай қойдым. Бұл подкаст жайлы ешкімге айтпадым да, бір екі адам «даусыңыз өте жағымды екен» деді де сонымен қалды жайында 🤣

💔 Ютубты зерттеп көремін деген ізденісім бос перде болып қала берді. Ютуб үшін әлі дайын емес екенімді түсіндім.

💔 Жоспар бойынша TEATIME рубрикасына шақыратын қонақтардың барлығын шақырып үлгермедім.

💔 Күнделікті Арабша жаңалық оқу әдетін қалыптастырмадым.

Жалғасы ⏩⏩⏩

Want your school to be the top-listed School/college in Almaty?

Click here to claim your Sponsored Listing.

Location

Category

Website

Address

Almaty