zhanargul_tulegenkyzy

zhanargul_tulegenkyzy

Share

Кәсіптегі 25 жылдық тәжірибеммен бөлісем. Тұтынушымен ?

Photos from zhanargul_tulegenkyzy's post 12/01/2026

Өмір – тарих.
Әр күн – жаңа мүмкіндік,
әр қадам – болашаққа салынған із.

Өз тарихым мәнді болсын деп
мен білім аламын,
біліммен бөлісемін,
және ең қымбат байлығым –
балаларыммен өткен әр сәтті бағалаймын.

Осы жолы астаналық шәкіртім -пен бетпе-бет кездесіп,
ұстаз бен шәкірт ретінде ғана емес,
бір-бірін түсінетін, бір мақсатқа ұмтылған адамдар ретінде сырластық,
сенім мен шынайылыққа толы
өте жылы, ерекше кездесу болды. ✨

Осындай сәттер ұстаздық жолды таңдағаныма
тағы бір мәрте ризашылық сезімін ұялатады. 🌿

04/12/2025
03/10/2025

Отзывы от учеников
Оқушыларым София, Софья, Алинадан бейнепікір

16/03/2024

😧 Жақында информатика мұғалімі раборға келді:
-маған келген оқушылар алғашқы сабақ өткізгеннен кейін репетиторлыққа жазылмайды, неге екенін білмедім дейді.

Разбор жасағаннан кейін қай жерде, қалай қателік жібергенін түсінді.

✖️Мұғалімдердің 80% алғашқы сабақ өткізу стратегиясын білмегендіктен біраз клиенттен айрылады екен.

Осы алғашқы сабақ өткізу стратегиясын менторлық сабағыма қостым.

Осы стратегия жайлы толығырақ білгің келсе,
жекеге жаз✍🏻

#менторлықсабақ #мұғалімдер #пәнмұғалімі #онлайнсабақберу #атыраумұғалімдері #алматымұғалімдері

13/08/2022

Қазақта: “Атың шықпаса - жер өрте” деген бар. Бүгінгі таңда атыңды шығаратын жалғыз жол - ЖЕКЕ БРЕНД қалыптастыру дер едім🤗

Алдымен Сіз бар уақытыңыз бен күш - жігеріңізді жеке брендіңізді қалыптастыруға жұмсайсыз. Содан соң әбден қалыптастасқан Жеке бренд сізге қызмет ететін болады😉

Бүгінде бизнес кəсіпкерлерден, мүмкіндігінше жеке брендін дамытуды талап етуде. Сіз, қазір əлеуметтік  желіге шығып, өз брендіңізді дамытпасаңыз қаншама клиенттеріңізден айырылып қалып жатырсыз. Күн сайын қаншасы жоғалуда.

Сіз менімен келісесіз бе?

#жекебренд #жекебрендқалыптастыру

10/08/2022

Кітапты бала кезімізде бір - бірімізден алып, кезекке тұрып оқитын едік қой?! Есіңізде ме?

Ал бүгінгі таңда кітап оқу - үлкен проблема десем, артық болмас!

Кітап оқуға қалай қызығушылықты оятуға болады? Өз тәжірибеммен бөліскім келеді:

1. Көлемі аз кітапты оқудан бастаңыз.
Сол кітапты бітірген кезде сізде тағы басқа кітапты оқуға мотивацияңыз оянады✨

2. Өзіңізге ұнайтын жанрдағы кітапты таңдаңыз. Қандай тақырып қызықтырады? Не туралы білген ұнайды? Нені оқысаңыз жалықпайсыз? ✨

3. Күніне кем дегенде 10 бет оқуға мақсат қойыңыз. Басында оқу қиын болғанымен, кітаптың қызығына кіріп кетіп қалай сағаттап кітап оқығаныңызды білмей қаласыз✨

Постты көбірек адам оқып, оларға пайдалы болуы үшін комментарийге достарыңызды белгілеп кетіңіздер😉👇🏻

#кітап #кітапоқу #кітапоқудыңпайдасы

02/08/2022

Кей адамдар: “Жақсы әдеттерді өміріме қалай қолдансам болады? Неден бастаймын?” - деген сұрақтар қояды.

Жақсы әдетті қалыптастырудың бірі - зиянды тамақты пайдалы тағаммен ауыстыру.

Мен өзіме мынадай әдетттерді қалыптастыруды жөн санадым:

1. Дайын шырын емес, балғын жеміс - жидектерді қолдану немесе кепкен жемістерден өзім шырын қайнатамын.
2. Майонездің орнына горчица қолданамын.
3. Құрамында қанты бар тағамдарды азайтамын.
4. Сиыр еті емес, құс еттерін пайдаланымын. Жұмыртқа, балықты көбірек жеймін.

Ал, сіз жақсы әдет қалыптастыру осы тізімге не қосар едіңіз?

P/s: В наши дни сахар стал опаснее пороха.( Юваль Ной Харари)

30/07/2022

Күнделікті күйбең тіршілік. Жұмыс–үй, үй–жұмыс... Кешке жұмыстан шығып, сол өзіме таныс аялдамада, сол өзіме таныс автобусқа мініп, өзімнің әр күн сайын жүріп өтетін жолдарыммен үйге келемін. Кешкі шәйден соң, «жан-досым» телефонымды құшақтап, көзім ілінгенге шейін әлеуметтік желілерді «аралап» жатамын. Таныс оқиға ма ?!

Бірнеше уақыттан бері “Жеке разбор” жасаған кездегі проблема осы: Өмірімді қалай өзгертем?

Мен өміріңізді өзгерту үшін ең қарапайымына тоқталғым келеді, мысалы:

1.     Автобусты өзгеру, жұмыстан кейін үйге қарай үйреншікті емес жолмен бару (әрине, күн сайын олай жасап тұру қиынға түсер, бірақ уақыт табылғанда жасауға тұрарлық)

2.    Жұмыс үстеліндегі, үйдегі заттардың орындарын, киім-кию стилін өзгертіп отыру (бұл әдіс көңіл-күйдіде көтеруге септігін тигізері сөзсіз).

3.    Таныс емес жерлерге бару (саябақ, дүкен, дәріхана, асхана, т.б.).

4.    Газет, журнал, кітаптар оқу (оның ішіндеде, бұрын өзіңіз қызықпаған, мүлдем жаңа тақырыптарды оқып көріңіз).

5.    Егер үнемі кинотеатрларға барып үйренсеңіз, енді театрларға барып үйреніңіз.

6.    Оңақай (оң қолмен жазсаңыз) болсаңыз кей әрекеттерді сол қолмен жасауға тырысыңыз (тістерді тазалау, жазу, тарау). Тағы басқалары..

Пост пайдалы болса, сізден❤️

#жекеразбор #сатуөнері

27/07/2022

НЕНІ БАЙҚАДЫМ?

Мені көріп, оқып жүрген оқырмандарым байқаған шығарсыздар - тегін разбор жасап жатқанымды.
🪄Бұл разбордың мақсаты - оқырмандарыма көмек көрсету, өз тәжірибеммен бөлісіп, алғыс алу болатын.

Ең алғашқы байқағаным: “Разбор” деп жазып қалдырған адамдардың кейбірі, кері байланысқа шықпай қалды.
🤔Неге? Мен айтар едім - бұл қорқыныш. Яғни, разборда өзіңізді талқыға саламыз, миымызды қозғап, жаңаша ойлауға жол саламыз. Ал көбіміз жаңа іс -әрекеттер жасағымыз келмейді, "зона комфортада" қалғымыз келеді.

Тағы бір байқағаным - нақты мақсатымызды, соған сай жоспар құруды білмейміз екен.
Орысша айтқанда “не
живёт, а существует”.

Адамның бірі білгенді, келесі адам біле бермейді.

Мендегі мақсат - сізге кішкене де болса өз септігімді тигізу.

Мерейлі туған күніме байланысты, “тегін разбор” айдары жалғасуда. Онлайн да, жеке кездесу арқылы да өткізуге болады.

✍ Пост астына «Разбор» деп жаза кетіңіз немесе дайрекке нөміріңізді қалдырыңыз

#сатуөнері #тегінразбор

21/07/2022

Сәлем, Мен Жанаргүл (біреуге ханым, біреуге Жаконай) бизнесте 25 жылдан астам тәжірибием бар. Бірнеше кәсіп иесі, сатпай - сату маманымын. Қазір жеке коучингтемін.

Инстаграмда, жалпы интернетте қалай ТАБЫС табам? Неге мен өз қызметімді/тауарымды ұсынып сата алмаймын?
Қалай миллиондар 🍋🍋🍋 жинауға болады? Қалай жоғары чекке продажа жасауға болады?
Осы сұрақтар мазалап жүрсе:

Мен ұсынатын бизнес модель бойынша:
1.Неден бастаймын?
2.Қалай сатам, не істеймін? деген сұрақтардың жауабын аласыз.
3.Табысыңызды системно х2, х3...х10 есе арттыру жолдарын білесіз🍋
4. Өніміңізді/қызметіңізді жоғары чекпен 💸 сатуды үйренесіз;
5. Декомпозицияны дұрыс жасауды;
6. Нақты мақсатыңызды анықтауды үйренесіз.
7. Ішкі состояниеңізді реттейсіз;
8. Табысқа жеткізетін нақты 3 қадамды көретін боласыз.


Мұның бәрін сізге «ТЕГІН РАЗБОР» (консультация) жасап айтып беремін.

Постқа өтіп Разборға жазылып үлгеріңіз👆🏻

Дайректке РАЗБОР деп жазыңыз

#сатуөнері #сатутехникасы

23/06/2022

Иә, бақандай 25 жыл болыпты😉

Бәрін айт та бірін айт деген...Кәсібімді ашып, табыс табуды сонааау 1997 жылдан бастағаным әлі есімде. Біреулер: "Сауда жасау қанға сіңген" десе, кейбірі: "оны да үйрену керек" деп жатады.

Ата-анамның, бауырымның қолдауымен саудагер, сосын қып-қызыл коммерсант боп шыға келдім деп сторисымда айтқан болатынмын (актуальныйдан көрсеңіз болады). Жастар жағы біле бермес, коммерсант бұл мамандықтан гөрі, тұрмыс дәстүрі дегенге жақындайды.

Сол уақытта сауда жасайтын адамдарды "саудагер" немесе "алып сатар" дейтін. Алғашында құлаққа түрпідей тигенмен, артынан оған да үйреніп алғансың ғой. Ал коммерсант - арзан алған нәрсесін қымбатқа қалай сатуды білетін адам ғана емес, сонымен қатар ол менеджер, маркетолог и товароведтік икемі бар болуы тиіс болатын.

Бүгінгі таңда сау маманы, маркетолог, менеджерлердің атқаратын қызметі бөлек болса, ол кезде коммерсант сатып алу- сату, тауарды қабылдау, өткізу, рыноктағы қозғалысын ....бәрін реттеп отыратын. Клиентпен сөйлесу, телефонға жауап беру, сенімді жүру, басқаларды сендіре білу өз бетімен нақты дұрыс оңтайлы шешімдерді қабылдай білу... Міне, осы этаптардан ӨЗІМ өтіп шыққан адаммын.

Сондықтан, Мастер класстарым мен жеке разборларымда кәсібіңізге "смело" талдау жасатып, табысыңызды еселеудің нақты жоспарын құрасыз.

Олай болса, жуық арада Алматы қаласында боламын. Кәсіби деңгейде оффлайн кездесулерді жоспарлап отырмын. Кездесу жөнінде сұрақтарыңыз болса +77017541308 нөміріне жекеге жазыңыз.

Want your school to be the top-listed School/college in Almaty?

Click here to claim your Sponsored Listing.

Location

Website

Address

Almaty