toktasyn.madina

toktasyn.madina

Share

Contact information, map and directions, contact form, opening hours, services, ratings, photos, videos and announcements from toktasyn.madina, Tutor/Teacher, Almaty.

15/03/2026

Құрметті достар!

Бүгінгі референдум өз мәресіне жетті. Күні бойы «AMANAT» партиясының өкілі ретінде #606 сайлау учаскесінде байқаушы болып қатыстым. Дауыс беру процесі заң талаптарына сай, ашық әрі тәртіппен өтті. Учаскеге 18 жасқа толған жастардан бастап, қарияларымызға дейін, сондай-ақ кішкентай балаларымен келген отбасылар да белсенді қатысып, өз таңдауларын жасады.

Жалпы дауыс беру барысында ешқандай заңбұзушылықтар тіркелген жоқ, барлығы дұрыс және талапқа сай ұйымдастырылды.



#референдум2026

Photos from toktasyn.madina's post 15/03/2026

Достар, сіздермен бүгінгі қуанышты әрі маңызды сәтпен бөліскім келеді.

Бүгін мен «AMANAT» партиясының өкілі ретінде референдум өтіп жатқан #606 сайлау учаскесінде бақылаушы болып отырмын. Күні бойы дауыс беру процесін бақылап, оның заң талаптарына сай, ашық әрі тәртіппен ұйымдастырылғанына куә болып отырмын.

Учаскеге 18 жасқа толған жастар да, ақ жаулықты қариялар да келіп, өз азаматтық міндеттерін орындап жатты. Бұл – халықтың ел болашағына бейжай қарамайтынын көрсететін жақсы көрініс.

Жалпы, дауыс беру барысы тыныш әрі талаптарға сай өтті. Ешқандай заң бұзушылықтар тіркелген жоқ.


Photos from toktasyn.madina's post 15/03/2026

Түс ауа келушілердің саны азайған жоқ. Референдум өз деңгейінде жақсы өтіп жатыр. Дауыс беру учаскесіне 18 жасқа толған жас азаматтар да, елдің болашағына бейжай қарамайтын қариялар да келіп, өз таңдауларын жасауда. Әрбір азамат өз құқығын пайдаланып, ел үшін маңызды шешім қабылдауға үлес қосып жатыр. #606 учаскеде тәртіп сақталып, дауыс беру тыныш әрі ұйымдасқан түрде өтуде. Бұл – халықтың бірлігі мен ел тағдырына деген жауапкершілігін көрсетеді.


Photos from toktasyn.madina's post 15/03/2026

Қазір учаскеде халықтың қарасы көбейіп, дауыс берушілердің белсенділігі арта түсті. 18 жасқа толған жастарға сыйлықтар берілуде. Алматы қаласы Түрксіб ауданының №606 учаскесінде бақылауды жалғастырып жатырмын. Барлығы Заң аясында, сабырлы қалыпта өтуде. Азаматтар өз таңдауын жасауда

Photos from toktasyn.madina's post 15/03/2026

Қайырлы таң, достар! Бүгін таң атпай тіркелген учаскеме келдім. Мен бүгін Алматы қаласы Түрксіб ауданының №606 дауыс беру учаскесінде байқаушы ретінде қатысып отырмын. Учаске өз уақытында ашылды. Әнұран ойналды. Ұйымдастыру жұмыстары жоғары деңгейде. Алғашқы дауыс берушілер өз таңдауын жасауда.


12/03/2026

Баршаңызға қайырлы күн! Мен, Тоқтасын Мадина Нұрбақынқызы “Аманат” партиясының атынан референдумда байқаушы болып тіркелдім. Менің мақсатым дауыс беру процесінің толықтай заң аясында, ашық және әділ өтуіне бақылау жүргізу.


10/03/2026

📌 15 наурыз күні референдумға келіңіз.
Өз таңдауыңызды жасап, болашағымызға бейжай қарамайтыныңызды көрсетіңіз.

🔹 Әр дауыс маңызды.

🔸🔸🔸

📌 15 марта приходите на референдум.
Сделайте свой выбор и проявите свою гражданскую позицию.

🔹 Важен голос каждого.

09/03/2026

«Халықтың Ата Заңы» – жаңа Конституцияны қолдайтын халықтық әнұран!

Қазақстандық белгілі әртістер «Халықтың Ата Заңы» атты ортақ әнді бірге шырқады – бұл ел Конституциясын құрметтеген халықтық бастама гимні.

Жобаға қатысқандар: Қайрат Баекенов, Мәдина Сәдуақасова, Заттыбек Көпбосынұлы, Бауыржан Исаев, Еркеш Хасен, Маржан Арапбаева, Алишер Каримов, Сүндет Байғожин, Анна Уварова, Әділбек Байтанат және аты аңызға айналған Роза Рымбаева.

Шабыт берер бұл музыка – еліміздің тұтас мақтанышы: керемет спорттық жеңістер, ғылым, робототехника, медицина және білім саласындағы жетістіктер, Қазақстанның сұлу табиғаты және қоғамымыздың даму серпіні туралы жырлайды.

Мәдениет қайраткерлерінің үні XXI ғасырдағы Қазақстанның тұрақтылығы, бірлігі және орнықты дамуы жайында жаңғырып тұрғандай.

Жаңа Конституцияны қабылдау бойынша республикалық референдум 15 наурызда өтеді.

31/08/2025

Бастауыш түлектері 2025❤️😘 естелік болып қалсын😍

Photos from toktasyn.madina's post 11/06/2024

Алтыным, бастауышпен қоштасты😘😘😘 Білімді, тәрбиелі болып өсе бер❤️

Photos from toktasyn.madina's post 11/06/2024

Жазғы лагерь 2024ж…естелік

Want your school to be the top-listed School/college in Almaty?

Click here to claim your Sponsored Listing.

Location

Category

Website

Address

Almaty