20/05/2026
✨ Құрметті ұстаздар, ата-аналар, түлектер және білім алушылар!
Сіздерді 22 мамыр күні сағат 19:00-де өтетін «Жұлдыздар шеруі» оқу жылының қорытынды салтанатты шарамызға
ақ жүректен шақырамыз! 🤍
✨ Бұл кеш — бір жылдық еңбектің, жетістіктер мен жеңістердің, жарқын сәттер мен әдемі естеліктердің мерекесі болмақ.
💫 Бірге қуанып, 🎶 көтеріңкі көңіл-күймен оқу жылын ерекше әсермен қорытындылайық!
👔 Дресс-код: Ақ көйлек, қара бабочка!
💖 Сіздерді асыға күтеміз!
19/05/2026
19 мамыр күні Білім-инновация лицейінде «Зайырлылық және рухани құндылықтар» тақырыбында ақпараттық-түсіндіру шарасы ұйымдастырылды.
Іс-шараны "Ақтөбе қаласының ішкі саясат бөлімі" ММ және «Дін мәселелері және қоғаммен байланыс жөніндегі орталығы» КММ ұйымдастырды.
Кездесудің мақсаты – жастар арасында рухани мәдениетті қалыптастыру, ұлттық құндылықтарды дәріптеу және қоғамдағы зайырлылық қағидаларын түсіндіру.
Кездесуге:
🔹 Қанафия Айгүл Салимгереевна
🔹 Төретаев Жасұлан Нұрлыбекұлы
🔹 Нарқозы Қартжан Есенгелдіұлы
🔹 Жұмағалиев Алмас Төреханұлы
🔹 Жаңалық Ахаш Шортайұлы қатысты.
Шара барысында жастарға рухани тәрбие, діни сауаттылық, ұлттық құндылық және қоғамдағы жауапкершілік туралы маңызды ойлар айтылып, еркін пікір алмасу ұйымдастырылды.
13/05/2026
🔥🥳 Астана қаласында өткен қаржылық сауаттылық және қауіпсіздік бойынша республикалық олимпиадада Ақтөбе облысының намысын қорғаған мектебіміздің 10-сынып оқушысы Султанбейбарыс Мамбеталы жүлделі II орын 🥈иеленді!
Еліміздің әр өңірінен келген 144 дарынды оқушы қатысқан білім бәйгесінде Султанбейбарыс қаржылық талдау, киберқауіпсіздік және стратегиялық ойлау бағыттары бойынша жоғары дайындық деңгейін көрсетіп, күміс жүлдегер атанды. Құттықтаймыз! 👏
29/04/2026
✨ «Дара тұлға – сан ұрпақтың ұлағатты бағбаны» ✨
«2021 жылдың Үздік педагогі», 2023 жылғы «Ақтөбе облысының Құрметті ұстазы» атағының иегері Батыргалиева Айгулим Габитовнаның зейнеткерлікке шығуына арналған шығармашылық кеш жоғары деңгейде ұйымдастырылды.
Айгулим Габитовна – саналы ғұмырын білім беру мен жас ұрпақты тәрбиелеу ісіне арнаған, педагогика саласында өзіндік қолтаңбасы қалыптасқан білікті маман, ұлағатты ұстаз. Көпжылдық жемісті еңбегінің нәтижесінде талай шәкірт тәрбиелеп, әріптестеріне бағыт-бағдар берген өнегелі тұлға.
Ұстаздық жолындағы ерен еңбегі, кәсіби шеберлігі мен адамгершілік болмысы кейінгі ұрпаққа әрдайым үлгі болып қала бермек. Сан мың шәкірттің жүрегінде із қалдырған аяулы ұстазға зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, отбасына амандық пен шаттық тілейміз. 🌷
Еңбек жолының әр сәті – құрметке лайық, ал есімі – әрдайым шәкірт жүрегінде.
Құрметті Айгулим Габитовна, зейнеткерлік өміріңіз шаттық пен қуанышқа толы болсын! 💐