Актюбинский юридический институт МВД РК имени М. Букенбаева

Актюбинский юридический институт МВД РК имени М. Букенбаева

Share

Contact information, map and directions, contact form, opening hours, services, ratings, photos, videos and announcements from Актюбинский юридический институт МВД РК имени М. Букенбаева, Education, Курсантское шоссе 1, Aktobe.

25/07/2026

Ішкі істер министрлігінің академиясында талапкерлерді қабылдау науқаны өз жалғасын тауып, мандаттық комиссияның шешімімен тағы бір талапкер курсанттар қатарына қабылданды.

Құқық қорғау қызметіне саналы түрде таңдау жасаған жас талапкер Академия қабырғасында кәсіби білім алып, заң үстемдігін қамтамасыз етуге және қоғам қауіпсіздігін сақтауға бағытталған заманауи даярлықтан өтеді.

25/07/2026

Ішкі істер министрлігінің академиясына қабылдау науқанының қорытындысы бойынша тағы бір талапкер курсанттар қатарына қабылданды.
Оқуға қабылданған жас талапкер антқа адал болып, ел игілігі үшін қызмет етуге дайын екенін білдіріп, болашақта кәсіби әрі білікті полиция қызметкері атануды мақсат тұтатынын атап өтті.

25/07/2026

Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтында 2027 жылға талапкерлерді қабылдау науқаны жалғасуда.

Биылғы қабылдау «Qyzmet-police.kz» цифрлық платформасы арқылы жүзеге асырылып, процестің ашықтығы мен әділдігін қамтамасыз етуде.

Қабылдау комиссиясы талапкерлер мен олардың ата-аналарына оқу ерекшеліктері, мамандықтар, курсанттардың даярлығы және әлеуметтік-тұрмыстық жағдайлары туралы жан-жақты ақпарат беруде.
Сонымен қатар, талапкерлермен әңгімелесу өткізіліп, олардың кәсіби бейімділігі, құқық қорғау саласында қызмет етуге дайындығы мен жеке қасиеттері бағалануда.

Ақтөбе заң институтында білім алу – құқық қорғау органдарында қызмет етуді мақсат еткен жастар үшін зор мүмкіндік. Институт заманауи талаптарға сай білікті әрі кәсіби мамандар даярлауды жүзеге асырады.

24/07/2026

🎬Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтының 1-курс курсанттары «13 сектор» көркем фильмінің түсіріліміне қатысты.

🎥Түсірілім алаңында курсанттар ерекше әсерге бөленіп, көптеген жағымды эмоция алды. Бұл күн жаңа тәжірибе жинақтауға, кино түсіру үдерісімен жақынырақ танысуға және ұмытылмас естеліктер қалдыруға мүмкіндік берді. Осындай қызықты жобаның бір бөлшегі болу – біз үшін үлкен мәртебе.
#ақтөбезаңинституты #заңментәртіп #біздіңполиция

23/07/2026

КАФЕДРАДАҒЫ БІР КҮН

Қылмыстық процесс және криминалистика кафедрасы институттың дербес құрылымдық бөлімшесі ретінде 2024 жылғы шілдеде ұйымдық-штаттық өзгерістерге сәйкес құрылды.

Институтта болашақ ішкі істер органдары қызметкерлерін кәсіби даярлауды жетілдіру мақсатында кафедра қызметінің негізгі бағыттары мынадай пәндерді оқыту болып табылады:
Қылмыстық процесс құқығы;
Криминалистика;
Қазақстан Республикасының қылмыстық-процестік заңнамасын құқық қолдану тәжірибесінің өзекті мәселелері.

Кафедрада оқу процесі теория мен тәжірибенің өзара сабақтастығы негізінде ұйымдастырылады. Практикалық сабақтар арнайы оқу-әдістемелік кабинеттерде, криминалистикалық зертханада және криминалистикалық полигонда өткізіледі.

Кафедрада қылмыстық процесс және криминалистика бағытында ғылыми үйірме жұмыс істейді. Үйірме аясында білім алушылар ғылыми-зерттеу жұмыстарына, конференциялар мен олимпиадаларға белсенді қатысады. #ақтөбезаңинституты #кафедрадағы бір күн

Want your school to be the top-listed School/college in Aktobe?

Click here to claim your Sponsored Listing.

Location

Category

Address

Курсантское шоссе 1
Aktobe

Opening Hours

Monday 09:00 - 18:00
Tuesday 09:00 - 18:00
Wednesday 09:00 - 18:00
Thursday 09:00 - 18:00
Friday 09:00 - 17:00
Saturday 09:00 - 12:00