22/06/2023
Ассаламуалейкум, достар!
Мен білім алудан, оқудан, өз қабілеттерімді шыңдаудан, жаңа техникаларды меңгеруден жалықпаймын! Себебі өзіме салған инвестиция ең жақсы инвестиция екенін білемін.
Мен тек мықтылардан ғана білім алуды таңдаймын, кезекті бастап жатқан оқуым СНГ бойынша спикер, мотиватор, коуч, тренер -тің "ПРОФЕССИОНАЛЬНЫЙ КОУЧ" бағдарламасы.
Алла қаласа кәсіби халықаралық дәрежедегі коучтың қабілеттерін меңгеретін боламын. Әрине, өзіме қолданған соң оны сіздермен де бөлісемін👌
Ал, маған "СӘТТІЛІК" тілеп қойыңыздар👇🖊
#новыйкодкоучинга
#нкк34
#профессиональныйкоучмастер
22/11/2021
ЕРКЕКТІҢ ӘЙЕЛДІ БҰЗАТЫН 10 БЕЛГІСІ
Бұл тақырып отбасындағы қарым-қатынас жайлы, өзіңізге сақтап алыңыз.
Көбіне ер адамдар өздері түсінбегендіктен өз әйелдерін өздері құртады, бұзады. Соның бірінші белгісі:👇
ЕР АДАМНЫҢ ӘЙЕЛІНЕ ҚҰРБЫЛАРЫМЕН КЕЗДЕСУІНЕ ТЫЙЫМ САЛУЫ.
Әйелдің өз ортасы болғаны ер адамға ұнамайды, тек өзінікі ғана болғанын қалайды. Әйел сенің меншігің болуы үшін біраз тырысу керек. Әйел адам оны өзі қалауы керек.
Еркек әйеліне өзінен басқалармен сөйлесуіне, араласуына тыйым салуға құқығым бар деп есептейді. Бірақ әйелге әлеуметтік байланыстың болмауы қатты әсер етеді.
Еркек тағы да тыйым салуының бір себебі, өзінің кемшіліктері жайлы құрбыларымен талқылыайды деп ойлауында. Осыған барынша жол бермеуге тырысып, кейде әйеліне-сенің құрбыларыңның бәрі ақымақ деуі де мүмкін. Бірақ құрбыларын жамандау арқылы, жарына да ақымақсың деуде.
Себебі әйелі сол ортадан шыққан. Ер адамға да сенің достарыңның бәрі оңбаған, тек сен ғана кереметсің демейтіні сияқты.
Неге әйел адам өз құрбыларына қатысты жаман сөз айтса ренжиді? Себебі құрбылары- оның таңдауы, оның өмірі, ол да солардың бірі. Әйелге осылай тыйым салу арқылы оны мәжбүрлі түрде өзгертуге тырысқандықтың белгісі, әрі ол әйелге ауыр тиеді.
Еркек, әйелінің құрбылары өзіне қалай көмектесетінін түсінбейді. Ол ойлайды, мен оның анасының, әкесінің, достарының, құрбыларының орнын басамын деп. Олай ешқашан да болмайды! Д дәрумені С дәруменін ауыстырмайтыны сияқты. Еркек әйелге ата-анасының, құрбыларының махаббатын бере алмайды.
Әйелге осылай тыйым салатын еркектер өздерін жеңіл ойлайтын, болашақты болжай алмайтын, ақымақ ететінін түсінуі керек.
Осындай еркекпен тұрмыста болмас үшін, тұрмысқа шықпай тұрып оның барлық іс-әрекетіне өте қатты назар аудару керек.
Бұл тек бір ғана белгісі, әлі 9 белгісі бар, білгіңіз келсе жекеге жазыңыз
Еркектер, өз жарымызды өзіміз бұзбайық!❎
Пост пайдалы болды ма, кері байланыс посттың астына жазып кетсеңіз👇