12/12/2025
WorldSkills Kazakhstan 2025 Х республикалық кәсіби шеберлік чемпионаты алаңынан әсерлі кадрлар 📸
Шеберлер бәйгесіндегі ең қызық сәттер!
WorldSkills Kazakhstan (Aktau) Маңғыстау облысы бойынша ресми парақша
12/12/2025
WorldSkills Kazakhstan 2025 Х республикалық кәсіби шеберлік чемпионаты алаңынан әсерлі кадрлар 📸
Шеберлер бәйгесіндегі ең қызық сәттер!
Студенттер республикалық кәсіби шеберлік чемпионатында бақ сынайды
Бүгін, 27 қараша күні WorldSkills Kazakhstan 2025 республикалық чемпионатына қатысатын Маңғыстау облысының құрама командасымен кездесу өткізілді. Іс-шараға облыстық білім басқармасының өкілдері, колледж директорлары мен орынбасарлары, компатриот-сарапшылар және студенттер қатысты.
Кездесудің негізгі мақсаты – 3–9 желтоқсан аралығында Астана қаласында өтетін WorldSkills Kazakhstan 2025 республикалық чемпионатына қатысушы студенттерге сәттілік тілеп, оларға мотивациялық қолдау көрсету.
Республикалық чемпионатқа Маңғыстау облысынан 43 құзыреттілік бойынша 51 студент қатысады. Команда құрамына өңірлік чемпионатта үздік нәтиже көрсетіп, іріктеулерден сүрінбей өткен білім алушылар енді.
Кездесу барысында қатысушыларға жылы лебіздер айтылып, студенттерге сәттілік тілініп, облыс абыройын лайықты деңгейде қорғауға шақырылды.
Команда мүшелеріне чемпионатта жеңіс, жоғары ұпайлар және жаңа кәсіби жетістіктер тілейміз!
Маңғыстау облысының құрама командасы WorldSkills Kazakhstan 2025 республикалық чемпионатына аттануға әзір. 🚀
Біздің жас шеберлерімізге сенеміз, жеңіске бірге қадам басайық!
«Локомотивті басқару» құзыреттілігі бойынша WorldSkills Kazakhstan 2025 X ұлттық кәсіби шеберлік чемпионатына дайындық басталды.
Қатысушы әлеуметтік әріптес мекеме - Бейнеу айналым депосы базасында тәжірибеден өтіп, кәсіби шеберлігін шыңдауда.
Дайындық барысында ол теміржол саласындағы өндірістік процестер мен қауіпсіздік ережелерін терең меңгеріп, чемпионатқа жоғары деңгейде дайындалуда.
Жарысқа қатысушыға сәттілік тілейміз!
11/11/2025
О. Тұрмағанбетұлы атындағы Маңғыстау индустриалды-техникалық колледжінің
«Бағдарламалық қамтамасыздандыру» мамандығының 3-курс студенті «1С платформасында бизнес-процестерді автоматтандыру» құзыреттілігі бойынша
WorldSkills Kazakhstan 2025 X Республикалық чемпионатына қатысады.
Дайындық барысында қатысушы 1С платформасында бизнес-процестерді автоматтандыруға қажетті дағдыларын дамытып, теориялық және практикалық білімін жетілдіруде.
Дайындық жүйелі түрде жүргізіліп, қатысушы чемпионатқа жоғары деңгейде даярлануда.
Барлық қатысушыларға сәттілік тілейміз!
10/11/2025
О. Тұрмағанбетұлы атындағы Маңғыстау индустриалды-техникалық колледжінде «Өнеркәсіптік автоматика» құзыреттілігі бойынша WorldSkills Kazakhstan 2025 X Республикалық чемпионатына дайындық жұмыстары жалғасуда.
Қатысушы өз кәсіби дағдыларын дамытып, жаңа технологиялармен жұмыс істеу қабілетін жетілдіруде.
Мақсат ортақ - чемпионатта жоғары нәтиже көрсету және өңір намысын лайықты қорғау.
07/11/2025
Маңғыстау облысының атынан республикалық деңгейде өнер көрсететін колледждердің бірі – Маңғыстау туризм колледжі мен Қарақия кәсіптік колледжі.
Аталған оқу орындарының студенттері келесі құзыреттіліктер бойынша бақ сынайды:
Маңғыстау туризм колледжі:
🍳 Аспаздық іс
🍰 Кондитерлік іс
🥂 Мейрамхана қызметі
🏨 Қонақүй қабылдауы (рецепционист)
Қарақия кәсіптік колледжі:
🥖 Наубайхана ісі
Қатысушылар чемпионатқа жоғары деңгейде дайындалып, кәсіби дағдыларын шыңдауда.
Оларға алдағы WorldSkills Kazakhstan 2025 X Республикалық чемпионатында сәттілік тілейміз!
#МаңғыстауТуризмКолледжі #ҚарақияКәсіптікКолледжі