НИШ Библиотека Актау

НИШ Библиотека Актау

Share

Эта страница Библиотеки НИШ Химико-Биологического нап

10/02/2025

Бүгіннен бастап педагог-кітапханашылар мен педагог-ұйыдастырушы-кураторлардың ұйымдастыруымен мектебімізде 7-9 сыныптардың ата-аналары мен оқушыларының қатысуымен "NIS - оқырмандар әулеті" атты отбасы оқырмандар клубының ашылғанын хабарлаймыз!

Photos from НИШ Библиотека Актау's post 30/01/2025

Биология пәні мұғалімдеріне Gale онлайн ресурсы бойынша өткізілген семинар

Photos from НИШ Библиотека Актау's post 30/01/2025

12 сынып оқушыларына Gale онлайн ресурсы бойынша семинар өтті!

Photos from НИШ Библиотека Актау's post 27/01/2025

Ақтаудағы NIS-та Қадыр Мырзалиевтің 90 жылдығына арналған мерекелік кеш өтті

🌱Өткен жұма күні Ақтаудағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде қазақ әдебиетінің көрнекті өкілі, ұлт мақтанышы Қадыр Мырзалиевтің 90 жылдық мерейтойына арналған мерекелік концерт өтті.

Мектептің кітапхана ұжымы ұйымдастырған бұл кештің мақсаты – Қадыр Мырзалиевтің бай мұрасын насихаттау, оның шығармалары арқылы жастардың рухани тәрбиесін қалыптастыру болды. Іс-шара барысында оқушылар ақынның жүрекке жылы тиер өлеңдерін оқып, оның шығармалары негізінде дайындалған сахналық қойылымдар көрсетті. Сонымен қатар, мектептің өнерпаздары ақынның сөзіне жазылған әндерді орындап, көрермендерге тамаша әсер сыйлады.

Кештің арнайы қонағы ретінде Абай мәдени демалыс кешенінің танымал әншісі әрі композиторы Хамит Серікбайұлы Байқұлов шақырылды. Ол өз өнерімен кештің шырайын кіргізіп, тыңдармандардың ықыласына бөленді. Әншінің орындауындағы Қадыр Мырзалиевтің сөздеріне жазылған шығармалар көрермендерді ерекше тебірентті.

Photos from НИШ Библиотека Актау's post 21/01/2025

"Википедия" клубының мүшелерімен таныс болыңыздар!

21/01/2025

"Википедия" клубымен алғашқы кездесуіміз өтті.
"Википедия" клубы 2017 жылдан бері жұмыс жасап келеді. Ғаламторда қазақша контенттің көбеюіне үлес қосып жүрген тіл жанашырлары! Осы күнге дейін Википедия сайтына 500 ден аса қазақ тілінде мақала жариялаған. Одан бөлек квест, жәрмеңке, кинокеш сияқты шаралар ұйымдастырады!

20/01/2025
20/01/2025

Эта книга входит в список "100 книг" обязательных к прочтению. Это единственная история в жанре научной фантастики, автор которой был дважды награжден сначала за рассказ, а потом за роман с одним и тем же названием, героем, сюжетом. Тридцатитрехлетний Чарли Гордон - умственно отсталый. При этом у него есть работа, друзья и непреодолимое желание учиться. Он соглашается принять участие в опасном научном эксперименте в надежде стать умным... Эта фантастическая история обладает поразительной психологической силой и заставляет задуматься над общечеловеческими вопросами нравственности: имеем ли мы право ставить друг над другом эксперименты, к каким результатам это может привести и какую цену мы готовы заплатить за то, чтобы стать "самым умным"? А одиноким? На вопросы, которые поднимали еще М.Булгаков в "Собачьем сердце" и Дж.Лондон в "Мартине Идене", Дэниел Киз дает свой однозначный ответ.

19/01/2025

12 сынып оқушыларына Gale онлайн ресурсының мүмкіндіктері мен қолдануы туралы семинар өткізілді

19/01/2025

"100 кітап" жобасы аясында мектеп кітапханасында көрме өткізілді. Оқушылар өзіне ұнаған кітаптарды таңдады!

19/01/2025

Bookcrossing жобасы аясында Қ.Сыдиықов атындағы Маңғыстау облыстық кітапханаға кітаптар сыйладық.

Want your school to be the top-listed School/college in Aktau?

Click here to claim your Sponsored Listing.

Location

Category

Telephone

Address

33 микрорайон
Aktau
130000