Jurisprudence yessenov university

Jurisprudence yessenov university

Share

Contact information, map and directions, contact form, opening hours, services, ratings, photos, videos and announcements from Jurisprudence yessenov university, Education, .

Photos from Jurisprudence yessenov university's post 26/12/2023

Yessenov University "Бизнес және құқық" факультеті "Құқықтану" кафедрасының оқытушысы Г.Б. Шахаева және 4 курс студенттерімен "Жемқорлыққа жол жоқ" тақырыбында шара өткізілді.
Шара барысында студенттер топқа бөлініп, өздерінің сыбай жемқорлыққа қарсы фактілері мен аргументтерін ортаға салып, пікірталас өткізді.
Шара мақсаты- сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы заңдарды негізге ала отырып, құқықтық мағлұмат беру,білімдерін қалыптастыру; саяси өмірден хабардар жеке студенттің еркін сөйлеуіне, еліне, жеріне деген өз ой - пікірлерімен бөлісуге жағдай жасау.

26/12/2023

Yessenov University "Бизнес және құқық" факультеті "Құқықтану" кафедрасының оқытушысы Г.Б. Шахаева және Маңғыстау облысы Спорт кешені өкілдерімен ұйымдастырылған 4 курс білім алушыларымен және Жаңаберген Ердос Үсеновичтің рұқсатымен салауатты өмірге балу жөнінде шара өтті.
Аталған шараға құқықтану мамандығының бітіруші түлектері, "Досан Батыр" спорт кешені орталығының спортшылары белсенді түрде атсалысты. Ж.Е.Усенович студенттерге ең әуелі денсаулықты сақтауға және нығайтуға бағытталған сауықтыру жолындағы белсенді іс-әрекетер жасауға шақырып студенттермен жұмыс барысында куратор Г.Шахаеваға өз алғысын білдірді.
Шараның басты мақсаты - ел жастарын салауатты өмір салтын ұстануға балумен қатар ,олардың алдағы уақытта дені сау ұрпақ болып қалыптасуы!

Photos from Jurisprudence yessenov university's post 26/12/2023

Ағымдағы жылдың 26 желтоқсан күні “Құқықтану” кафедрасының ұйымдастыруымен 4- ші курс білім алушылары арасында “Абай жолы” романы-абайтанудың оқулығы” атты интеллектуалды сайыс өтті. Шара барысында сайысқа қатысушы студенттер Абай жолы романы, Ұлы Абайдың өмірі мен шығармашылығы туралы сұрақтарға жауап беріп жарысты.

26/12/2023

Yessenov University "Бизнес және құқық" факультеті "Құқықтану" кафедрасының оқытушысы Г.Б. Шахаеваның ұйымдастыруымен 4 курс білім алушыларымен “Маңғыстау- киелі мекенім” шарасы өтті. Шара барасында 4 курс студенті Дәлубай Асыл, Сабыр Адайдың “Маңғыстау” атты өлеңін оқыды.
Шараның басты мақсаты - ел жастарын Маңғыстаудың тарихи мәде­ни мұра, ескерткіштерін сақтау, насихаттауға шақыру. Ұлттық мәдениет пен өнердің тәлімдік мүмкіндіктерін аша отырып,
ғасырдан - ғасырға жалғасқан асыл мұралар арқылы рухани - адамгершілік қасиеті, ерлік рух,
әсемдігі жетілген тұлғаны қалыптастыру. Маңғыстау өлкесінің көрнекті жерлері туралы талқылау.

Photos from Jurisprudence yessenov university's post 26/12/2023

12.12.2023 жылы Құқықтану БББ 3 курс студенттері топ аға кураторы Колдасов Берик Сериковичпен Ә. Кекілбайұлы атындағы Маңғыстау облыстық тарихи-өлкетану музейіне барды. . Студенттер өздерінің танымдық- тарихи сауаттарының кеңеюіне мұндай саяхаттардың әсері зор екенін жеткізді. Білім алушылар Тәуелсіз Қазақстан жетістіктерімен, Маңғыстау өлкеснің тарихына үңілді.

26/12/2023

Yessenov University "Бизнес және құқық" факультеті "Құқықтану" кафедрасының оқытушысы Г.Б. Шахаева және Маңғыстау облысы полиция департаменті есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының ұйымдастыруымен 4 курс білім алушыларымен Маңғыстау жастары полициямен бірлескен рейдтік шараға шықты. Аталған шараға ПД кинологиялық орталығының мамандары мен полицияның сенімді серіктесі - қызметтік ит те (Алмас) белсенді түрде атсалысты.
Студенттер мен Тәртіп сақшылары шағын аудандар ішін, тұрғын үйлердің сырттарын аралап, есірткі сату, тасымалдаумен айналысуға үгіттейтін сілтемелер көрсетілген жарнамаларға тосқауыл қойды.
Шараның басты мақсаты - ел жастарын салауатты өмір салтын ұстануға бағыттау, полиция мен халық арасындағы қарым-қатынасты нығайту, нашақорлыққа қарсы күресті бірге жүргізу.

25/12/2023

Академиялық адалдық кодексін, ішкі тәртіпті талқылауға арналған кураторлық сағатта «Академиялық адалдық кодексі», «Ішкі тәртіп ережесі» бойынша профессор ассистенті Кобегенова Г.Ж. «Құқықтану» кафедрасының 2 курс білім алушыларына жекелеген тараулар түсіндіріліп, университет тарихы, университеттің міндеттік тұғыры, бірлескен құндылықтар, бірлескен ұстанымдар, бірлескен мінез-құлықтың негізгі этикалық ұстанымдары, жұмыскерлердің міндеттері, ұжым мүшелерінің іскерлік этикеті, жетекші мен бағынышты арасындағы қарым-қатынастар, оқытушы әдебі, білім алушылар әдебі, жиналыстар мен кеңестер өткізу, телефон арқылы сөйлесу әдебі бойынша құжаттар таныстырды.

25/12/2023

Yessenov University «Бизнес және құқық» факультеті «Құқықтану» мамандығының 2 курс студенттері аға оқытушы Г.Ж. Кобегенованың жетекшілік етуімен «Менің өмірімде қолданатын мақал-мәтелдер» жобасы аясында «Мақалдың астарлы мағынасы» атты кураторлық сағат өткізді.
Тәрбие сағаты кезінде студенттер позитивті және шабыттандыратын кеңістікті қамтамасыз ете алды, онда олар тек білім алып қана қоймай, сонымен бірге өздерінің әсерлері мен эмоцияларын халық арасында кең тараған мақал-мәтелдермен бөлісе отырып, қарым-қатынастан ләззат алды.
Шараның мақсаты салт дәстүрді сүйюге тәрбиелеу, мақал-мәтелдерді еске түсіру, мағынасын ашу.

25/12/2023

«Тәуелсіздік ел тұғыры»

Yessenov University «Бизнес және құқық» факультеті «Құқықтану» кафедрасының аға оқытушы Г.Ж. Кобегенова «Құқықтану» БББ, «Құқық қорғау қызметі» БББ, «IТқұқық» білім беру бағдарламасының 2 курс студенттеріне «Тәуелсіздік ел тұғыры» атты тәлім сағатын өткізді.
Шараның мақсаты: білім алушыларға Тәуелсіздіктің мән-мағынасы мен маңызын түсіндіре отырып, олардың Отанға деген сүйіспеншілігін арттыру, өз елін, жерін қастерлейтін саналы да парасатты азамат етіп тәрбиелеу.

Photos from Jurisprudence yessenov university's post 25/12/2023

Білім алушылардың ойлау процесінде, танымдық қызмет, сыртқы әлеммен қарым-қатынас жасау арқылы зияткерлік және талдамалық ойлауын қалыптастыру мақсатына университет жанында ұйымдастырылған студенттік спорттық ұйымдар мен шығармашылық клубтардың рөлі туралы кураторлық сабақ өткізілді.
«Бизнес және құқық» факультеті «Құқықтану» кафедрасының 2 курс студенттері «Жайдарман», «Кемел», «Домбыра», «Жетіген», «Би», «Бейнелеу», «Ән» үйірмелерімен таныстырылды.

Photos from Jurisprudence yessenov university's post 25/12/2023

Yessenov University «Бизнес және құқық» факультеті «Құқықтану» кафедрасының 2 курс студенттері Маңғыстау облысы Мәдениет басқармасы Н.Жантөрин атындағы облыстық музыкалық-драма театрына «Жаза» қойылым тамашалады. Театр актерлері керемет өнер көрсетіп, жастарды қазіргі өмір мәселелерінің шындығына шынайы көзқарастарын қалыптастыруға мәжбүр.
Шараның мақсаты: рухани-адамгершілік мәдениеті деңгейін арттыру және бос уақыттарын тиімді пайдалану.

25/12/2023

«Еңбек пен адамгершілік егіз» атты әлеуметтік жоба

Yessenov University «Бизнес және құқық» факультеті «Құқықтану» кафедрасының IТқұқық-22-1 тобының студенттері әлеуметтік белсенділіктің алдыңғы қатарына шығып, жақсылық пен өзгерістің күші оның жарқын және жігерлі өкілдерінен келетінін көрсетті.
Бүгінгі жастар тек оқиғаларды бақылап қана қоймай, еріктілік арқылы өз болашағын қалыптастыруға белсенді қатысады. Олар әлеуметтік өзгеріс пен мұқтаждарды қолдауға бағытталған іс-шара ұйымдастырды. Болашақ заңгерлер ниет білдірушілерді құндылықтарды қалыптастырудың және қоғамның тұрақты дамуының негізгі элементі ретінде еріктілікті қолдай отырып, олардың бастамаларына қосылуға шақырады.

23/12/2023

Yessenov University "Бизнес және құқық" факультеті "Құқықтану" кафедрасының оқытушысы Г.Б. Шахаева 4 курс білім алушыларына "Қызықты көңіл, студенттік өмір" атты тақырыбында кураторлық сағат өткізді. Іс-шараның мақсаты: 4-курс студенттерін мәдениетке, өркениетке деген қызығушылықтарын арттыру.
Студенттік өмір - адамның жастық қуаты тасып, ізденумен, үйренумен, танысумен, табысумен өтетін ерекше шағы. Сіздерге табысты білім алып, үнемі ізденіс үстінде болуларыңызға, студенттік кезеңді мағыналы да, қызықты өткізулеріңізге тілектеспіз. Бастаған барлық бастамаларыңыз сәтті болсын!!!

Photos from Jurisprudence yessenov university's post 22/12/2023

2023 жылдың желтоқсан айында «Құқықтану» кафедрасының оқытушысы Колдасов Б.С. ұйымдастыруымен және "Құқықтану" БББ 3-курс қазақ тобы студенттерінің қатысуымен тәрбие және әлеуметтік жұмыс ұйымдастыру шараларының бірі ретінде топтарда ағымдағы үлгерім, сессияға дайындық мәселелері бойынша кураторлық сағаты өткізілді. Кураторлық сағат барысында студенттердің үлгерімдерін талқылап, бағыт бағдар берілді. Білім алушылар өздерінің емтиханға байланысты сұрақтарына жауап алды.

Photos from Jurisprudence yessenov university's post 22/12/2023

2023 жылдың 8 желтоқсан күні Yessenov University "Бизнес және құқық" факультеті "Құқықтану" кафедрасының оқытушысы Г.Б. Шахаева 4 курс білім алушыларына кураторлық сағатта Академиялық адалдық кодексі аясында білім алушының құқықтары мен міндеттерін талқылап, білім алушылардың емтихан барысында шпаргалкаларды,электронды заттар қолданбауын,ұялы телефон пайдаланбау керектігі, этикаға сай аудиторияда өзін - өзі ұстау туралы түсіндірме жұмысын жүргізді. Білім алушылар академиялық адалдықты сақтамағаны үшін жауапкершілік туралы білуі керек және студентке осы саясат аясында шаралар қолданылатыны айтылды. Аталған талаптарды бұзған білім алушыға бұзушылық актісі жасалады, содан кейін студент келу парағында шығарылу фактісін көрсете отырып, емтиханнан шығарылатыны ескертілді.

Want your school to be the top-listed School/college?

Website