asyldin.kz

asyldin.kz

Share

Облыстық "Һибатулла Тарази" мешіті: мешіт жаңалықтары, діни оқиғалар, мақалалар, сұрақ-жауаптар, видеолар.

04/05/2026
20/04/2026

🕌Әй, мұсылман бауырым! Алланың саған әзірлеген сый-сияпаты – Алланың кеңшілігінен мақұрым қалма!

✅1. Осы дүниеде және ақыретте Алланың қорғауында, қарамағында боласың

Әбу Зәр (р.а) Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) былай айтқанын жеткізеді: «Кімде-кім таң намазын (жамағатпен) оқыса, ол Алланың қорғауында болады»[1].

✅2.Тозақтың отынан құтыласың

Амарһ ибн Руайбһ (р.а) Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) былай деп айтқанын естігенін жеткізеді: «Күннің шығуынан және оның батуынан бұрын намаз оқыған адам тозаққа кірмейді»[2].

✅3.Жәннатқа кіруге себеп болады

Әбу Муса әл-Ашғари (р.а) Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) былай дейді: «Кімде-кім әл-бардайынды (таң мен асыр намазын) оқыса, жәннатқа кіреді»[3].

19/03/2026

Қош бол РАМАЗАН…

26/02/2026

Ораза — асқазанның тынығуы ғана емес, рухтың биіктеуі. Бұл айда біз тек ішіп-жеуден ғана емес, жаман сөзден, ғайбаттан және пендешілік сезімдерден тыйыламыз. 🌙
Пайғамбарымыз (ﷺ): «Кімде-кім өтірік айтуды және соған амал етуді қоймаса, оның ішіп-жеуден тыйылғаны Аллаға керек емес», — деген. Сондықтан, тек тәнімізбен емес, тілімізбен де, жүрегімізбен де ораза ұстайық. 🤲✨
Бұл берекелі ай әр шаңыраққа тыныштық пен иман нұрын ала келсін!

26/02/2026

Жамбыл облысының бас имамы Асқар Зәкіржанұлының Шу ауданына жұмыс іс-сапары: Руханият пен насихат тоғысы
Жамбыл облысының Шу ауданына кезекті жұмыс сапары аясында өңірдің діни ахуалы мен тыныс-тіршілігіне кең көлемді зерделеу жұмыстары жүргізілді. Сапардың басты мақсаты — жергілікті халықтың рухани қажеттіліктерімен танысу және діни қызметкерлердің жұмыс барысын бағамдау болды.
#қмдб #ислам #пайдалы #ораза #құран

31/01/2026

📜 КОНСТИТУЦИЯ – ДІНИ СЕНІМ БОСТАНДЫҒЫНЫҢ КЕПІЛІ БОЛУЫ ТИІС

🕊 Жақында ғана Конституциялық реформалар жөніндегі комиссия Қазақстан Республикасының жаңа Ата Заңының жобасын жариялаған болатын. Құжат жобасында еліміздің саяси және әлеуметтік өмірінің көптеген қырларын қозғайтын түзетулер мен толықтырулар енгізілген.

⚖ Сондай-ақ, жаңа Конституцияның жобасында дін мен мемлекет арақатынасына байланысты жаңа бап енгізіліп, дін мен мемлекеттің ара-жігі нақты ажыратылып көрсетілген.

📘 Аталған норма қазіргі Конституциямыздың 1-бабында жазылған зайырлылық қағидатына сай келеді және 2011 жылы қабылданған «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» заңында да айқындалып көрсетілген.

🤝 Сондықтан да, бұл норманың жаңа Ата Заң жобасында бөлек баппен жазылуы – мемлекеттің саяси-идеологиялық негізі ретінде алынған зайырлылық қағидатын нығайтып, әрбір азаматқа ар-ождан және діни сенім бостандығын кепілдендіреді.

🌍 Қазақстанның зайырлылық моделінің тиімділігі – елдегі конфессияаралық келісім, дінаралық бейбітшілік және халықаралық аренадағы беделі арқылы дәлелденіп келеді.

🏛 Сондықтан зайырлы қағидаттарды сақтау мен діни сенім бостандығын қамтамасыз ету – қоғам қауіпсіздігін, елдің тұрақты дамуын және азаматтық бірлікті нығайтудың басты факторы болып қала береді.

✨ Осыған орай, алдағы уақытта зайырлылық пен діни келісімді сақтауда осы бағыттар бойынша тиісті жұмыстарды жүргізу маңызды.

🖌️Асқар ЗӘКІРЖАНҰЛЫ
ҚМДБ-ның Жамбыл облысы бойынша бас имамы

Photos from asyldin.kz's post 07/08/2025

🕊️Рухани аштық заман дерті

Want your school to be the top-listed School/college in Taraz?

Click here to claim your Sponsored Listing.

Location

Category

Address


Тараз қаласы, орталық Мешіт
Taraz