Taglym.kz
ҚМДБ-ның Талдықорған өңірі бойынша өкілдігінің ресми ?
01/06/2026
Халықаралық балаларды қорғау күніне орай Жетісу облыстық «Зекет және қайырымдылық» қоры қалалық “Бәйтерек” мешітінде қайырымдылық шарасын ұйымдастырды.
Ізгі бастамаға Жетісу облысының бас имамы Керімбек Сәрсембайұлы мен өңірдің зекет бағытына жауапты маманы Хадысұлы Омар арқау болып, «Сұңқар» және «Қайнар» ұжымы демеушілік көрсетті.
Шара барысында 50 балаға түрлі ойыншықтар тарту етілді. Бүлдіршендерге арналған сыйлық олардың езуіне күлкі сыйлап, мерекелік көңіл-күйді еселей түсті.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай игі шаралардың басты мақсаты – балаларға мерекелік көңіл-күй сыйлап қана қоймай, қоғамдағы мейірім мен жанашырлық құндылықтарын дәріптеу.
Қайырымдылық акциясының соңында балалар көтеріңкі көңіл-күймен сыйлықтарын құшақтай үйлеріне тарқасты. Балдырғандардың жүзіндегі шаттық пен қуаныш демеушілер мен ұйымдастырушылар үшін ең үлкен марапат болды.
27/05/2026
Бүгін, 27 мамыр күні, қасиетті Құрбан айт мерекесінің алғашқы күніне орай Жетісу өңірінің барлық мешіттерінде айт намазы оқылды. Еліміздің түкпір-түкпіріндегі мұсылман жамағаты таңсәріден мешіттерге жиналып, бірлік пен бауырмалдықтың нышаны болған ұлық мейрамды ұлықтады.
Облыстың барлық мешіттерінде имамдарымыз жамағатқа Құрбан айттың мән-маңызы, құрбан шалудың тарихы мен хикметі туралы уағыз-насихат айтты. Айт намазынан кейін елдің амандығы мен тыныштығы үшін дұға жасалды.
Қазақстан мұсылмандары Діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы хазреттің бастауы айт намазына келген барша жамағатқа мешіттерімізде дастархан жайылып, қымыз ұсынылып, дәстүрлі шаралар ұйымдастырылды. Шара соңында облыс имамы Керімбек Сәрсембайұлы исі мұсылман қауымын Құрбан айт мерекесімен құттықтап, бата жасады.
25/05/2026
Бүгін Талдықорған қаласында Құрбан айт мерекесіне байланысты баспасөз мәслихаты өтті.
Жиынға Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Жетісу облысы бойынша бас имамы Керімбек Сәрсембайұлы, Жетісу облысы дін істері басқармасының басшысы Сағыныш Асқарұлы, Жетісу облысы санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Самат Махаббатұлы қатысты.
«Құрметті бауырлар! Сіздерді асыл дініміздегі ұлық мейрам – Құрбан айт мерекесімен шын жүректен құттықтаймын. Айт қабыл болсын! Баршаңызға мол бақыт, мықты денсаулық, отбасыларыңызға амандық пен жұмыстарыңызға береке тілеймін.
Еліміздің Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы көрші Өзбекстан, Қырғызстан мұсылмандары діни басқармаларымен, бірқатар мұсылман мемлекеттерімен кеңесіп, Құрбан айт күнін белгіледі.
Шариғат үкімі мен ғылыми зерттеу жұмысының қорытындысына сәйкес, мұсылманша, яғни һижри жыл санауы бойынша 1447 жылдың зұлхижжа айының басталуы 18 мамыр болып бекітілді. Арапа күні 26 мамырға сәйкес келеді. Ал 27 мамыр – Құрбан айт мерекесінің бірінші күні.
Зұлхижжа айының алғашқы он күнінде барынша ықыласпен ғибадат етіп, көбірек ізгі істер мен жақсы амалдар жасауға тырысу керек. Өйткені, хадистерде сол уақытта орындалған игі істердің сауабы еселеніп жазылатыны айтылған» деп атап өтті бас имам Керімбек Сәрсембайұлы.
25/05/2026
ҚМДБ Жетісу облысының бас имамы Керімбек Сәрсембайұлының төрағалығымен әр аптаның дүйсенбі күні өтетін бүгінгі жиында “ҚҰРБАН АЙТ 2026” тақырыбы пысықталды. Қасиетті мереке қарсаңында атқарылуы қажет шаралар бойынша нақты тапсырмалар берілді. Бас имам өткен аптада тапсырған қасапхана, мұқтаждар тізімі және қасапшылардың санитарлық кітапшалары бойынша атқарылған істер бойынша ескертулер берді. Құрбан шалуға ниетті болған барлық жанға толыққанды жағдай жасау имамдардың басты міндеті деп сауабы мол қасиетті күндері барша дін қызметкерлеріні жұмылып жұмыс шақырды.
18/05/2026
Бүгін Талдықорған қалалық “Тәубе” мешітінде Жетісу облысының бас имамы Керімбек Сәрсембайұлының төрағалығымен Құрбан айт мерекесіне дайындық бойынша жиын өтті.
Жиынға аудан-қаланың имамдары, қасапшылар қатысты. Онлайн және офлайн форматта өтетін Құрбан айттың жоғары деңгейде өтуі үшін нақты тапсырмалар берді.
«Құрбан айт – мұсылман үмбетінің ынтымағын арттырып, мейірім мен жанашырлықты насихаттайтын ерекше мейрам. Бұл күндері халқымыз ізгілік жасап, мұқтаж жандарға қолдау көрсетіп, бауырмалдық пен татулықтың қадірін терең сезінеді. Сондықтан алдағы мерекені жоғары деңгейде ұйымдастыру – баршамызға ортақ жауапты міндет»,- деп атап өтті бас имам.
Жиында мерекеге байланысты ұйымдастыру шаралары талқыланды. Атап айтқанда «Дін мен дәстүр» бағытына жауапты Серік Шәріпұлы, Ақпарат және қоғаммен байланысқа жауапты Ерлан Кенесбекұлы, ҚМДБ Жетісу облысы бойынша “Зекет және қайырымдылық” қорының жауапты маманы Омар Хадысұлы сондай-ақ Цифрлық даму бағытына жауапты Ернар Дәлелханұлы тиісті бағыттар бойынша баяндама жасады.
Жиын соңында аудан-қала имамдары атқарылған жұмыстары бойынша да есеп берді.
08/05/2026
ҚМДБ Жетісу облысының бас имамы Дәуітов Керімбек Сәрсембайұлының Жазиралы Жаркентке жасаған жұмыс сапары аясында рухани бағыттағы шараларға қатысты.
Панфилов аудандық орталық мешітінде жұма намазы жүргізіп, жергілікті жамағатпен жүздесті. Сұрақ-жауап алмасып, діни қызмет саласындағы өтініштерін түртіп алды.
Қалалық “Елтай” мешітінде болып, жергілікті “Әйел- қыздар” секторының мамандарына білімін жетілдіру бойынша өткен семинарды қорытындылап, сертификат табыстады.
Ауданның зиялы қауым өкілдерімен кездесіп, сүбелі сұқбат құрып, ағалардың ақыл-кеңесі мен ақ батасын алды.
Қасиетті Құрбан айттың жақындауымен барша жанды құттықтаймыз. Алла жар болсын!
08/05/2026
Бүгін берекелі жұма күнінде Жетісу облысы, Панфилов ауданының бас имамы Сарпеков Ұланның ұйымдастыруымен жергілікті жамағатқа арнайы семинар өтті. Семинарды, Жетісу облысының бас имамы Керімбек қажы Сәрсембайұлы және Жетісу облысы «Халал Даму» мекемесінің жауапты маманы Мұхамет Ордыбай жүргізді.
«Адал ас – мұсылман өмірінің берекесі» тақырыбындағы семинар аясында қатысушыларға халал тағамның маңызы мен қызметі түсіндірілді. Шара соңында қатысушыларға Қазақстан мұсылмандары діни басқармасына қарасты «Халал Даму» мекемесі тарапынан қасапшылық бойынша 14 маманға куәлік сертификаттары және мөрі табысталды.
Click here to claim your Sponsored Listing.
Location
Category
Telephone
Website
Address
Taldykorgan