Pediatric.one.skma

Pediatric.one.skma

Share

Contact information, map and directions, contact form, opening hours, services, ratings, photos, videos and announcements from Pediatric.one.skma, Education, м/н Нурсат 121, Shymkent.

Photos from Pediatric.one.skma's post 16/04/2024

Ұлттық киімді кию — бұл эстетикалық ләззат пен мәдени мұраны сақтау ғана емес, сонымен бірге өз халқының тарихымен және салт-дәстүрлерімен байланысты сақтау тәсілі. Бұл сондай-ақ белгілі бір мәдениет пен халыққа қатыстылығыңызды білдірудің бір жолы. Дәстүрлі киім кию өскелең ұрпақ арасында ұлттық бірегейлік пен өз мәдениетін құрметтеуге ықпал ете алады.

Photos from Pediatric.one.skma's post 16/04/2024

«Қарттарым-қазынам»
2024 жылы 19 ақпанда ОҚМА АҚ Педиатрия– 1 кафедрасы Қ.С. Кемельбеков және А.Е.Төлеуова жетекшілігімен ЖМҚБ-04-21 тобының білім алушыларымен бірге №2 арнайы әлеуметтік қызмет көрсету Орталығына (қарттар үйіне) барды.
Бүгінде елімізде түрлі себептермен қарттар үйінде, жақындарынан жырақта тұруға мәжбүр болған ата-әжелер бар. Қарттар үйіне барудағы басты мақсатымыз – оларға жылы лебізіміз бен қолдауымызды білдіргіміз келді.
Ыңғайлы ортада ашық әңгіме өрбітіп, ата-әжелеріміз келгенімізге дән риза болды. Олар өз өмірлеріндегі түрлі қызықты оқиғаларды ықыласпен айтып, бізбен өмірлік тәжірибелерімен бөлісті, өмірлік тәжірибелік кеңестер мен нұсқаулар берді. Біз оларға жақсы көңіл-күй сыйлағымыз келіп, ата-әжелерімізге арнап шағын мерекелік дастархан, дәм-тұз дайындап, концерттік бағдарлама ұйымдастырдық.

Photos from Pediatric.one.skma's post 16/04/2024

2024 жылғы 18 наурызда «Оңтүстік Қазақстан медициналық академиясы» АҚ-да «Педиатрия-1» кафедрасында «Дәрігер педиатр мамандарын сапалы дайындауда жұмыс берушілермен серіктестік» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.
Дөңгелек үстел жиынына Облыстық балалар ауруханасының басшысы Досанова А.М., басшының хирургиялық бөлім бойынша орынбасары Турысбеков С.А., сонымен қатар «Педиатрия-1» және «Педиатрия-2» кафедраларының профессорлық-оқытушылық құрамы қатысты.

Photos from Pediatric.one.skma's post 16/04/2024

Тақырыптық мастер-класс:"Жаңа туған нәрестелердің алғашқы реанимациясы".
28 Ақпанда "Педиатрия -1" кафедрасында практикалық денсаулық сақтаумен бірлесіп, практикалық дағдылар бойынша тақырыптық мастер-класс Медицина факультетінің 3 курс білім алушылары мен 6 курс интерндері үшін ОҚМА "Педиатрия" білім беру бағдарламасы бойынша "педиатриядағы шұғыл көмек"пәні бойынша жаңа туған нәрестеге алғашқы жүрек-өкпе реанимациясын көрсету бойынша кәсіби тәжірибені беру өткізілді.
Мастер-класс перзентханада жаңа туған балалардың жағдайын тұрақтандыруға және реанимацияға арналды және 2 кезеңнен тұрды. Білім алушылардың теориялық бөлігімен Педиатрия-1 кафедрасының доцентінің м.а. б. Баймаханова таныстырды. Ол балалардағы жүрек, тыныс алу жеткіліксіздігінің негізгі синдромдары, жаңа туған балалардың жүрек-өкпе реанимациясының принциптері мен кезеңдері туралы айтып берді, студенттерді ағзалар мен тіндердің адекватты қан айналымын және өкпенің желдетілуін қалпына келтіруге бағытталған терапевтік шаралар кешенімен таныстырды, дәрігерлердің командада жұмыс істеу қажеттілігіне баса назар аударды, өйткені олардың үйлестірілген іс-әрекетіне көп нәрсе байланысты науқас үшін нәтиже болады.

Photos from Pediatric.one.skma's post 16/04/2024

24.11.2023 жылы Оңтүстік Қазақстан медицина академиясы, «Педиатрия-1» кафедрасымен «Симуляциялық технологияларды қолдану тәжірибесінің өзектілігі мен мәселелері» - атты дөңгелек үстел ұйымдастырылды.
Дөңгелек үстел мақсаты: Симуляциялық технологияларды қолдану тәжірибесінің қазіргі жағдайын, проблемаларын және перспективалық мәселелерін талқылап, мазмұнын ашу, анықталған мәселелер бойынша шешім шығарып, түзету шараларын қарастыру.

Photos from Pediatric.one.skma's post 16/04/2024

«Көктемде сағат ауысады.Мұның пайдасы қандай?» тақырыпта сағаттық белдеудің (+5 UTC, +6UTC ) адам денсаулығының әсері бойынша «Отырар» телеарнасына тікелей эфирде сұқбат берілді (кафедра меңгерушісі, PhD К.С.Кемельбеков тікелей эфирде сұқбат берді (10.01.2024ж))

https://www.instagram.com/reel/C14joXTNu9V/?igsh=MzRlODBiNWFlZA==

16/04/2024

«Қызылша ауруындағы вакцинацияның ролі» тақырыбында «Қазақстан Шымкент» телеарнасының «Апта» бағдарламасында кафедра меңгерушісі, PhD К.С.Кемельбеков тікелей эфирде берген сұқбаты үздік деп таңдалды (15.10.2023ж)

https://youtu.be/CMNgmK6mwYA

16/04/2024

«Балалардағы қызылша ауруының ерекшеліктер» тақырыбында «Қазақстан Шымкент» телеарнасында таңертеңгілік «Таң нұры» бағдарламасында кафедра меңгерушісі, PhD К.С.Кемельбеков тікелей эфирде сұқбат берді (30.06.2023ж)

Photos from Pediatric.one.skma's post 16/04/2024

«Саулық және сымбат» тақырыбында «Айғақ» телеарнасында сұқбат берілді (кафедра меңгерушісі, PhD К.С.Кемельбеков тікелей эфирде сұқбат берді (шілде 2023ж))

https://youtu.be/JJbMg2Cl3AA?si=HnrOTb0KCdKFKZZb

16/04/2024

«Балалардағы гипертермиялық синдром кезінде алғашқы көмек шаралары» атты тақырыпта «Алма бала бақшасында» ата-аналармен түсіндірме жұмыстары жүргізілді (кафедра меңгерушісі, PhD К.С.Кемельбеков тікелей эфирде сұқбат берді (05.07.2023ж))- ақпарат бала-бақшаның инстаграм сайтына қойылды.

Photos from Pediatric.one.skma's post 16/04/2024

«Балалардың дұрыс тамақтандырудың өзекті мәселелері» атты тақырыпта «Қазақстан Шымкент» телеарнасында таңертеңгілік «Денсаулық» бағдарламасында кафедра меңгерушісі, PhD К.С.Кемельбеков тікелей эфирде сұқбат берді (30.06.2023ж)

Want your school to be the top-listed School/college in Shymkent?

Click here to claim your Sponsored Listing.

Location

Category

Telephone

Address


м/н Нурсат 121
Shymkent
160000