23/09/2022
Расписание
Математика🧮
Аптасына 3 рет
1 топ 9:00-10:30
2 топ 10:30-12:00
3 топ 15:00-16:30
4 топ 16:30-18:00
5 топ 18:00-19:30
❗️Ескерту
▫️1 топта максимум 6 оқушы
◽️1 оқушыға 1 айға 15 мың
▫️1 үйден 2 оқушыға жеңілдікпен 26 мың
▫️1 оқушы 2 пәнге жеңілдікпен 26 мың
▫️1 оқушы 3 пәнге жеңілдікпен 40 мың
▫️жеке оқыту айына 50 мың
Басқа да сұрақтар бойынша
WA: 8 (776) 990-02-27
Ins: .academy
19/09/2022
Басқа да сұрақтар бойынша
WA: 8 (776) 990-02-27
Ins: .academy
28/12/2021
Құрметті ата-аналар!
6-16 жастағы ұл-қыздарға арналған тегін сурет және оригами үйірмесіне топ жинақтау басталды.
Сурет үйірмесі:
🎨Натюрморт
🎨Гризайль
🎨Живопись
🎨Графика
🎨т.б.
Оригами
🧩Қағаздан түрлі бұйымдар
🧩Қолдың икемділігі
🧩Шығармашылық
🧩Баланың бос уақытын пайдалы әлі қызықты өткізу
Қатысушылардың жас шамасына қарай топтары:
– 6 – 9 жас (кіші топ) - 4 группа
– 10 – 14 жас (орта топ) - 2 группа
– 14 – 16 жас (үлкен топ) - 2 группа
Мекенжайымыз:
Байтұрсынов к., 58В (Сұңқар ТК)
*Тегін үйірмеге тіркелу үшін ватсап номерге өтіңіз👇🏻*
https://wa.me/77011880845
24/10/2021
Демалысыңды шабытпен өткіз!!!
Арнайы жоғары сыныптар үшін интеллектуалдық және мотивациялық серпіліс беретін интенсив курсымызға шақырамыз. “Жеке тұлға студиясы” деп аталатын интенсивтен сіз не аласыз?
👇👇👇
- Мақсат қою/ уақыт жоспарлау
- Энергия менеджменті
- Көшбасшылық
- Қаржылық сауаттылық
- Кәсіпкерлік негіздері
👆👆👆
Сондай-ақ, 1-қарашаға дейін курсқа жазылған оқушыға арнайы бонусымыз бар🤩🤩🤩
Балаңыздың демалысын пайдалы әрі қызықты етіп өткізуін қаласаңыз біз сізді күтеміз!
#шабытбергендемалыс
#қызықтыдемалыс
#демалыстаөзгеру
#меніөзгерткендемалыс
23/10/2021
Баланы оқытудағы түпкі мақсатымыз не?
Бала бақшаға барады, мектепте оқиды, ЖОО-ға тапсырып ол жерде тағы 4-5 жылын өткізеді, жағдайға қарай оқуын тағы жалғастырып жатады. Бұл ізденістердің барлығының түпкі мақсаты - баланы өскен кезде табыс тауып өзіне және өзінің отбасына қажетті ресурсты тауып бере алатындай етіп өсіру болып табылады. Яғни, ойланып қарасақ біз сонша ұзақ жылдарды (адам өмірінің елеулі бөлігін оқумен өткізеді) баланы көп жағдайда бір нәрсеге дайындап жатамыз, ол - еңбек нарығы. Бірақ біз баламыздың бәсекеге қабілетті болып қалыптасқанына қаншалықты сенімді бола аламыз?
#ұзақжылдықдайындық
#бәсекегеқабілеттілік
#еңбекнарығы
29/07/2021
Gig economy vs freelancing
гиг-экономика (gig economy) - жұмысшылардың/қызметкерлердің басым бөлігін оутсорсингке (сырттан жалдау) негізделген экономиканың моделі. Бұндай жағдайда бәсекелестік өте жоғары болады және бір қызмет түріне жалдану қысқа-мерзімді келісім-шарттар негізінде іске асады. Маман әрдайым жұмысын ауыстыру үстінде болады.
Осы орайда мысал ретінде АҚШ елінде жұмыспен қамтылғандардың тең жартысына жуығы фрилансер болып қызмет етеді екен (upwork деректеріне сәйкес).
26/07/2021
Азғантайдан...
Адамның болмысын, санасы мен ой-өрісін қалыптастыратын факторлар болады. Солардың ең қауттыларының бірі және басқаруға оңай қадамы, ол - оқу, көп оқу. "Адам - алған ақпараттың жиынтығынан тұрады" демекші. Белгілі бір тақырыпта көп оқуымыз, бізді сол саладағы "эксперттік" көзқарас қалыптастыруымызға тікелей ықпал етеді. Сол үшін де, күнде, үздіксіз, оқу дағдысын әдетімізге айналдыру керекпіз. Бірнеше уақыттан соң өзіміздің түбегейлі өзгергенімізді, өзіміз де аңғармай қаламыз.
#көпоқу