wkau.kz

wkau.kz

Share

Contact information, map and directions, contact form, opening hours, services, ratings, photos, videos and announcements from wkau.kz, College & University, Oral.

15/05/2026

🇰🇿 «Жаңа Конституция реформалары – Әділетті Қазақстанның берік негізі»

Университет оқытушыларының қатысуымен өткен мазмұнды кездесуде Конституциялық реформалардың ел дамуына қосатын үлесі кеңінен сөз болды.БҚО Әділет департаментінің бөлім басшысы Амангельдина Асем Бериковна қатысып кездесу барысында сөз сөйлеп түсіндіру жұмыстарын жүргізді.Жиында қоғамдағы әділдік, заң мен тәртіп, азаматтардың құқықтарын қорғау және демократиялық қағидаттарды нығайту мәселелері талқыланды.

📚 Оқытушылар өз пікірлерімен бөлісіп, жастарға ел болашағына бейжай қарамай, қоғам дамуына белсенді атсалысудың маңызын атап өтті.

✨ Әділетті Қазақстан — баршамыздың ортақ мақсатымыз!

14/05/2026

2026 жылғы 14 мамыр күні Қадыр Мырза Әлі атындағы №47 жалпы орта білім беретін мектеп базасында Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің кеңесшісі Руслан Емелбаев облыстағы жоғары оқу орындары өкілдерінің қатысуымен қала мектептерінің 11-сынып оқушыларымен кәсіптік бағдар беру бағытында мазмұнды кездесу өткізді.
Іс-шараға университетіміздің өкілдері де қатысып, талапкерлерге кәсіби бағдар беру және мамандық таңдауда ақпараттық қолдау көрсету жұмыстарына белсенді атсалысты. Атап айтқанда, «Орман ресурстары және орман шаруашылығы» білім беру бағдарламасының аға оқытушысы Сатаев Асет Жәнібекұлы мен білім алушы Батырханова Алина университет атынан қатысып, оқушылармен тәжірибелік әрі танымдық бағыттағы пікір алмасты.
Кездесу барысында жоғары оқу орындарына қабылдау талаптары, білім беру бағдарламаларын таңдаудың ерекшеліктері, заманауи еңбек нарығында сұранысқа ие мамандықтардың негізгі бағыттары, сондай-ақ болашақ кәсіби дамудың перспективалары жөнінде кең көлемде ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Photos from wkau.kz's post 09/05/2026

1992-1996 жылдары экономикалық факультетті тәмамдаған түлектер Кадыров С., Ербузов А., Койшегулов М., Загатов Н., Абдыразақов А., Ильясов Қ., Жылқыбаев Ө., Адаханов Б., Оқасов О., Сагынгалиев Қ. Нурманова Р., Казамбаева А. Оразалина Н., Жумашева М., Габдыгапарова А., Салимбаева Ш., Жумашева А., Мухатова Н. туған университетіне қолдау көрсетіп, 100 000 теңге көлемінде қаржылай сертификат табыстады және басқада түлектерді осындай игі іс шаралар жасауға шақырады.
Түлектердің бұл игі бастамасы – білім ордасына деген құрмет пен ризашылықтың жарқын көрінісі. Осындай қолдау университеттің дамуына, студент жастарға жағдай жасауға және білім беру ортасын жетілдіруге өз үлесін қосады.
Университет ұжымы түлектерге шынайы алғысын білдіріп, отбасыларына амандық, еңбектеріне табыс тілейді!

09/05/2026

Құрметті ардагерлер мен отандастар! 🇰🇿
Сіздерді 9 мамыр — Ұлы Жеңіс күнімен шын жүректен құттықтаймыз!
Бұл күн — ерлік пен батырлықтың, елге деген шексіз сүйіспеншіліктің символы.
Бейбіт өмір сыйлаған батырларымыздың ерлігі әрқашан жадымызда сақталады.

Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын!
Баршаңызға мықты денсаулық, отбасыларыңызға бақ-береке және ашық аспан тілейміз! ✨

07/05/2026

🇰🇿 7 мамыр — Отан қорғаушылар күні құтты болсын!

Еліміздің тыныштығы мен қауіпсіздігі жолында қызмет етіп жүрген барша ер азаматтарға зор денсаулық, күш-қуат, абырой мен табыс тілейміз.
Ел қорғау — ердің ісі. Әр шаңырақта амандық, бейбіт өмір мен береке болсын! 💙

Мереке құтты болсын! 🎉

🇰🇿 Поздравляем с 7 мая — Днём защитника Отечества!

Желаем всем мужчинам, стоящим на страже мира и безопасности нашей страны, крепкого здоровья, сил, чести и больших успехов.
Защищать Родину — дело настоящих мужчин. Пусть в каждом доме будут мир, благополучие и счастье! 💙

С праздником! 🎉

Want your school to be the top-listed School/college in Oral?

Click here to claim your Sponsored Listing.

Location

Website

Address


Oral
090000 - 090013