SDU.extension

SDU.extension

Share

Contact information, map and directions, contact form, opening hours, services, ratings, photos, videos and announcements from SDU.extension, Educational consultant, Kaskelen.

13/02/2026

🎙️SDU TALKS жобасы

Ағылшынша еркін сөйлеуді қаласаңыз сіз үшін таптырмас мекен!🚀

🇬🇧🇺🇸 Әр кездесуде түрлі тақырыптарды қамтып, тілдік барьерді бұзып, нақты өмірлік жағдайларда қолданылатын ағылшынды үйреніңіз!

Келесі кездесуге жазылу үшін👇🏼
☎️ +7 775 595 22 15

———

🎙️ Проект SDU TALKS

Идеальное место для тех, кто хочет свободно говорить на английском! 🚀

🇬🇧🇺🇸 На каждой встрече мы разбираем самые актуальные темы, разрушаем языковой барьер и учим английский, который действительно пригодится в реальных жизненных ситуациях.

Чтобы записаться на следующую встречу 👇🏼
☎️ +7 775 595 22 15

11/02/2026

6 АЙДА МАМАНДЫҚТЫ ӨЗГЕРТУГЕ ДАЙЫНСЫЗ БА? 👩‍🏫👨‍🏫

Дипломыңыз басқа сала болса да, мұғалім болу — қолжетімді арман! Егер сіз өмірлік жолыңызды өзгертіп, мектепте сабақ бергіңіз келсе, біздің бағдарлама сіз үшін таптырмас мүмкіндік.

Неге бұл сізге керек?

• 6 ай ішінде жаңа мамандық.
• Мемлекеттік үлгідегі сертификат.
• Ресми түрде мектепке орналасу құқығы.

⏳ Уақыт тығыз: Тіркелу 20 ақпанда аяқталады!

☎️Толық ақпарат: +7 707 302 30 31

10/02/2026

SDUTalks | SPEAKER SESSION 😍

Сіздерді шабыт пен мағынаға толы ерекше кездесуге шақырамыз ✨

🎤 Speaker: Sholpan Zhanatova
🎓 Degree: BA in TEFL
💬 Тақырып: Love is…

Love is… білімге деген құштарлық.
Университет — бұл тек дәріс қана емес,
бұл өз ісіңе, ойыңа және болашағыңа деген махаббат қалыптасатын орта 📚

Осы кездесуде махаббат ұғымын білім, даму және тұлғалық өсу тұрғысынан бірге талқылаймыз.

📅 Күні: 12 ақпан
⏰ Уақыты: 16:30 – 17:20
📍 Өтетін орны: Mini Red Hall

👗 Dress code: киімде қызыл түстің кез келген элементі ❤️

Шабыт алуға, ой бөлісуге және жылы атмосферада бас қосуға асығыңыз ✨

09/02/2026

Өз болашағыңа инвестиция жаса! ✨
Ағылшын тілін тиімді әрі жүйелі түрде үйренгің келсе — біздің курс дәл саған арналған!

📌 Аптасына 3 рет
📌 Әр сабақ 2 сағат
📌 Теория + практика
📌 Сөйлеу дағдысын дамыту

Бірнеше айдан кейін сен ағылшынша еркін сөйлей бастайсың!

📲 Тіркелу үшін + 7 775 595 22 15

06/02/2026

🌍 Language School тілдік курстарына қабылдау басталды!

Шетел тілін үйреніп, жаңа мүмкіндіктерге жол ашқыңыз келсе

📚 Бізде келесі тілдер бойынша курстар бар:
🇰🇷 Корей тілі
🇨🇳 Қытай тілі
🇷🇺 Орыс тілі
🇹🇷 Түрік тілі

✨ Артықшылықтары:
✔ Сабақтарды тәжірибелі SDU университетінің білікті оқытушылары жүргізеді
✔ Аптасына 3 рет, әр сабақ 2 сағаттан
✔ Бастапқы деңгейден бастап үйретіледі
✔ Тірі сөйлесу практикасы
✔ Ыңғайлы кесте

🚀 Бұл курстар сізге не береді?
– Шетелде оқу мүмкіндігі
– Карьераңызға серпін
– Өзіңізге деген сенімділік
– Жаңа орта, жаңа достар

📌 Орындар шектеулі!
Қабылдау қазір жүріп жатыр, үлгеріп қалыңыз!

📞 Тіркелу үшін:
[+7 775 595 22 15]
📍 E107 .language.school

Photos from SDU.extension's post 04/02/2026

🤝 Ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды

Бүгін Riviera International School өкілдері SDU University-ге ресми сапармен келіп, SDU Extension Center қатысуымен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.

Тараптар академиялық ынтымақтастықты дамыту, бірлескен білім беру бастамаларын іске асыру және біліктілікті арттыру бағдарламалары мен халықаралық жобалар аясындағы өзара әрекеттестікті талқылады.

Меморандумға қол қою серіктестікті нығайтуға және сапалы білім беруді дамытуға бағытталған маңызды қадам болды.

———

🤝 Memorandum of Cooperation Signed

Today, representatives of Riviera International School visited SDU University, where an official meeting was held and a Memorandum of Cooperation was signed with the participation of SDU Extension Center.

The parties discussed prospects for academic cooperation, implementation of joint educational initiatives, and collaboration within professional development programs and international educational projects.

The signing of the Memorandum marks an important step toward strengthening partnership and promoting quality education.

04/02/2026

🎓 TEACH SMART: Тілді үйретудің жаңа форматы курсы сәтті аяқталды!

SDU Extension Center ұйымдастырған тіл пәні оқытушыларына арналған 72 сағаттық Teach Smart біліктілікті арттыру курсы өз мәресіне жетті.

Курс барысында қатысушылар заманауи білім беру технологияларын, цифрлық платформаларды (Google Workspace, Moodle, Zoom/Webex), сондай-ақ тиімді әдістемелік модельдерді (PPP, TBL, ESA) тәжірибеде қолдану дағдыларын меңгерді. Сонымен қатар, бағалау мен кері байланыс беру тәсілдері және AI құралдарын жауапкершілікпен пайдалану мәселелері жан-жақты қарастырылды.

Гибридті формат (офлайн + онлайн) арқылы өткен бағдарлама оқытушыларға теория мен практиканы ұштастыра отырып, өз кәсіби құзыреттілігін арттыруға мүмкіндік берді.

Курсты жоғары деңгейде жүргізген спикерлерімізге:
Жамиля Елеусизоваға және Ақбота Тольбаеваға кәсіби тәжірибесімен бөлісіп, мазмұнды әрі пайдалы сабақтар өткізгені үшін алғысымызды білдіреміз.

Барлық қатысушыларды курсты сәтті аяқтап, ЖОО аттестациясына жарамды сертификатқа ие болуымен құттықтаймыз!

✨ Teach Smart – бұл тек курс емес, білім берудегі жаңа көзқарас пен жаңа мүмкіндіктерге бастар жол.

Алдағы уақытта да кәсіби дамуға бірге қадам жасайық!

31/01/2026

Отмечайте своих «практикантов» в комментариях👇🏼😂

30/01/2026

🎓 «1 күнге SDUdent бол» жобасы өтті

Жоғарғы сынып оқушыларына арналған «1 күнге SDUdent бол» жобасы аясында қатысушылар университет өмірімен бір күнге жақын танысу мүмкіндігіне ие болды.

Бағдарлама барысында оқушылар студенттермен бірге дәрістерге қатысып, түрлі танымдық іс-шараларға қатысты, кампус бойынша экскурсия жасады. Сонымен қатар, түскі ас ішіп, өз саласының білікті мамандарынан пайдалы семинарлар тыңдады.

Жобаның қорытынды бөлімінде қатысушылар үшін мантиямен фотосессия ұйымдастырылып, университет атмосферасын толық сезінуге мүмкіндік берілді.

Бұл жоба оқушыларға болашақ мамандықтарын таңдауда бағыт-бағдар беріп, жоғары оқу орнының білім беру жүйесімен жақынырақ танысуға үлкен мүмкіндік сыйлады.💙

26/01/2026

SDUTalks жобасын сағынғандар бар ма? Алдыңғы аптаның кездесуі сіздерге ұнады деген ойдамыз!💙

Келесі кездесудің тақырыбын төменге тапқан жанға, 1 билет тегін👇🏼🤩
Сіздерге “подсказка”: «❤️»

23/01/2026

ТЕК 6 АЙДА МҰҒАЛІМ БОЛУҒА ДАЙЫНСЫЗ БА?

Егер сіз:
◾ Жоғары біліміңіз бар, бірақ
◾ Педагогикалық дипломыңыз жоқ болса,
◾ Мектепте сабақ беруді армандасаңыз және
◾ Басқа салаға ауысқыңыз келсе —
Дәл қазір — ең сәтті мүмкіндік!

Бағдарлама аяқталған соң сіз:
✔ Мемлекеттік сертификат аласыз
✔ Ресми түрде мектепке жұмысқа тұра аласыз
✔ Жаңа кәсіби мамандық иесі атанасыз

📌 Тіркелу 20 ақпанға дейін ғана!
☎️ + 7 707 302 30 31

Want your school to be the top-listed School/college in Kaskelen?

Click here to claim your Sponsored Listing.

Location

Website

Address


Kaskelen