Frontends.kz

Frontends.kz

Share

Школа программирования по Фронтенду. React, Angular, Html, CSS, SASS, Javascript

Operating as usual

17/10/2023

Git-те қалай кодты ұстау керек осында👆

11/10/2023

Бұл курста сайттарды жасап үйренесіз және программирования тілі Javascript-пен таныс боласыз. Осындай тақырыптар үйретіледі: Javascript, ReactJS.
Жұмысқа орналасуға көмек
6 жоба жасалынады
Аптасына 3 рет тікелей эфир.
Сабақтар видео форматта.
60 күн үздіксіз даму🔥.
Курс соңында сертификат табысталады
Курс құны: 180 000 тг, 12 айға бөліп төлеу мүмкіндігі бар

11/10/2023

Саламатсыз ба!
Курс Javascript & ReactJS:

Бұл курста сайттарды жасап үйренесіз және программирования тілі Javascript-пен таныс боласыз. Осындай тақырыптар үйретіледі: Javascript, ReactJS.
Жұмысқа орналасуға көмек
6 жоба жасалынады
Аптасына 3 рет тікелей эфир.
Сабақтар видео форматта.
Курс ұзақтығы 2+ ай.
Курс соңында сертификат табысталады
Курс құны: 180 000 тг, 12 айға бөліп төлеу мүмкіндігі бар

11/08/2023

Google компаниясынан сәлем 👋 🇨🇭 #швейцария #цюрих

Photos from Frontends.kz's post 11/07/2023
04/07/2023
03/06/2023

Студентіміздің пікірі.
Жалпы Аслан осы лектегі ең жас студент. Жасы 15-те. Бұл жасында программирования жолына түсіп жатыр. Аслан, саған тек жақсылық тілейміз. Мықты программист боласын деп сенеміз! Лектің үздік студенті!🎉🙌👏

Photos from Frontends.kz's post 03/06/2023

3-лек студенттері үшін соңғы қоңырау. Бұл группа студенттері ерекше. HTML&CSS тобында 6 адам, ал Javascript&React тобында 12 адам қатысты. Студентердің ішінде мектеп оқушылары, басқа саланың мамандары және енді бітірген студенттер. Адамның саны лек сайын өсуде Аллға шүкір.
Әр лекте ұстаз ретінде өзіме талаптарды күшейтуге тырысамын. Осы лекте сабақтарды видео форматта көбейту, структураны нақтылау және оқу платформасына сабақтарды модульдерге бөлу болды.
Жүректе бір қимастық сезіма бар, кейбір студенттермен жарты жылға жуық бірге жол жүрдік. Тіпті дос болып та қалдық.
Құрметті түлектер, беріліген білім сіздерге жемісті болсын, пайдалы болсын, тек жоғары жақтан көрінуге тілектеспін!
PS: Телеграмда ашқан группамыз өшпейді, сұрақтарыңыз болса, “адасып қалсаңыз” не басқа сұрақ болса сол жерге жаза аласыз!

30/03/2023

Қашықтықтан жұмыс істеу(remote job)

Соңғы кездері қашықтықтан жұмыс істеу бір трендке айналды. Оған қатты әсер берген менінше 2020 жылғы пандемия шығар. Үлкен алпауыт компанияларда осы форматқа көшті, есесіне жұмыс толықтай онлайн форматқа ауысты.

Менінше бұл екі жаққа да ыңғайлы. Компания шығындары азайады яғни аренда, офиске мебелдер алу сиақты шығындарға ақша жұмсамайды, ал жұмыскер өз уақытын жолға емес, жұмыс орындауға жұмсайды. Алматыда жұмыс істеген кезде, жолға кем дегенде күніне 2-3 сағат кететін, кейбір кездері кептелістің кесірінен жұмысқа деген шабыт/настрой жоғалады.

Қашықтықтан жұмыс істеудің ең үлкен артықшылығы - шет елдегі компанияларға жұмыс істеу мүмкіндігін сыйлайды және жалақы бірнеше есеге жоғары. Бастысы тілді білу.

Қазақстанда тұрып шет елді жұмыс істеудің кереметі — айлығы 2-3 есеге көп, ал өмір сүру арзан.

1. Айтпақшы курсымда осындай компанияларға жұмысқа тұру үшін собеседованиеге дайындаймын.
2. Кезекті курсты 3-сәуір бастаймыз. Жазылу үшін директке жазыңыз. 3 күн қалды. 0-0-12 бөліп төлеу бар

17/03/2023

Біздің студентіміздің пікірі курс жайлы. Ахмет - 2 лектегі ең үздік студент. Ұшқыр, білімге деген ықыласы бірінші сабақтан ақ көрінді. Әрдайым сабақты толық орындап, одан бөлек ізденіп үй жұмысын артығымен орындап келетін. Өз жолын тапқан адамды ешкім тоқтата алмайды ғой. Ахмет қәзір алғашқы жұмысын тауып, өзінің біліктілігін арттыруда. Ахмет саған тек жақсылықтарды тілейміз, сенен мықты разработчик шығатынына ешқандай күмән жоқ, осылай дамый бер, өсе бер.

15/03/2023

Сауат мырза - 2лек HTML & CSS курсының түлегі. МУИТ универститетінде 2-ші курста оқиды. Сауат сағат тек сәттілік тілейміз, оқуыңды сәтті бітіріп, мықты разработчик боласын деп сенеміз😎🎉🙌👏

15/03/2023

Достар, таңыс болыңыздар! 2-лек HTML&CSS курсыңыз ең үздік студенті -Анжелика ханым. Баласы, отбасы бар, оған қоса негізгі жұмысы бар, осыған қарамай курсты белсенділік танып, ерекше көзге түсті.
Анжелика ханым тек сәттілік тілейміз, сізден мықты разработчик болады деп сенеміз👍👏👏👏😎💻

Photos from Frontends.kz's post 06/01/2023

Фронтенд разработчик міндетті түрде жасау керек 7 жоба

05/01/2023

Шет елден жұмыс іздегіңіз келсе, осы сайттарға тіркеліп, жұмыс таба аласыз.
LinkedIn - бұл әлеуметтік желі. Мұнда басып бөлігі IT мамандары отырады және әлем бойынша IT компаниялары бар. Таныстарымның көбі осы жерден мықты шет елдегі компанияларға шақырту алып, релокациямен көшіп кетті. Жалақы біздің нарықпен салыстырғанда әлде қайда жоғары және жұмыстың ауқымдылығы да жеңіл. Шет елде жүмыс істеу үшін басты талап - тіл. Тілді орта деңгейде білсеңіз(Intermediate) де жұмыс таба аласыз не болмаса СНГ компанияларына орыс тілін білсеңіз кіре аласыз. Оған қоса IT компаниялар стажировакаға шақырады бұл керемет мүмкіндік енді ғана программирования жолын бастап жатқан адамға.
hh.ru, hh.kz - бұл сайтты көбісі жақсы біледі. Соңғы кезде байқағаным вакансиялардың саны күрт өсіп кетті. Сұраныс жоғары. Бәлкім ресейдегі IT компаниялардың көшіп келуінен болар оған қоса елімізде IT мамандары дефицит.
Djinni - бұл да жұмыс іздеуге арналған платформа. Көптеген компаниялар украиндық. Өзім де кезінде осы жерден мықты компанияға шақырту алдым. Платформаның ерекшелігі - өз саландағы мамандардың жалақы графикасын көре алу. Бұл жерде көптеген шет елдегі компанияларды таба аласыз.
UpWork - бұл сайт көбіне фрилансингке арналған. Яғни бір заказды аласыз және уақытты, бағаны сіз қоясыз. Ең бастысы жүмысты дедлайнға дейін сапалы орындау. Разработчиктер мұнда айында кемі 1000$ таба алады. Керемет мүмкіндік.
IT компаниялардың сайттарын үнемі қадағалау. Бір жақсысы қәзір ешқайда көшудің керегі жоқ. Уйде отырып, удаленно жұмыс істеуге болады. Пандемиядан кейің компаниялардың көбі удаленный режимге ауысты және разработчиктер үшін бұл керемет мүмкіндік.
PS: Пайдалы болса коммент қалдыр!

04/12/2022

Алғашқы тәжірибе. Курс ашу бұрыннан ойда бар еді, бірақ қол жетпеді. Әрдайым көп сұрақтар бөгет болатын. Курс ашу үшін структура құру керек, қазақ тілінде терминдердің көбісі аударылмаған, сұраныс қазақ тілінде төмен, сабақтарды видео форматта түсіру керек, клиент табу, парақшаға әрдайым контент салу, сол курс салу үшін платформа жасау керек және тағысын тағы. Солай бір жарым жыл өтті.

Жұмыстағы үзіліс немесе берілген мүмкіндік. Қәзіргі проектің бітуіне байланысты, жоба уақытша тоқтап қалды және уақыт жағы белгісіз болды. Уақытты зая кетірмеу үшін, курс бастауға бел будым. Алғашқы уақыт анализге, курсқа материал жасау, структура құру және ең бастысы платформа жасауға кетті. 🤕Оңай болмады шыны керек. Жұмыстың көптігінен нервное истощение-мен 2 апта ауырып қалдым. Жауапкершілікті тым жоғары сезіндім және жұмыстың ауқымдығынан барлығын отмена жасау туралы ойлар бірнеше рет келді. Бірақ тәуекел етіп, бастадым.

Бір жарым айда бірінші MVP жасап шықтық:) Структура, оқу платформасын және алғашқы сабақтарды видео форматта түсіріп шықтық. Бір видеоны қайта-қайта түсіресін. Бір дегенмен шықпады басында😅. Енді SMM, таргет, реклама, прогрев, calltoaction, сторис деген терминдермен жақынырақ танысу керек болды:) Осылайша біз алғашқы студенттерді жинап, курсты бастап кеттік. 2 курс болды: бірінші курс HTML & CSS, ал екінші курс Javascript & ReactJS. HTML & CSS курсы тақ күндері, ал JS & ReactJS курс жұп күндері болатын. Осылайша аптасына 6 күні демалыссыз.

Курс барысында көп нәрсе үйрендім. Көпшіліктің алдында сабақ беру оңай емес. Күрделі тақырыптарды барынша жеңіл тілмен жеткізу және өмірмен ұштастырып сөйлеу ол да бір дүние екен. Әр студент материалды қорыта алды ма деген ой мазалады көбіне. Барынша сабақтың соңында ой пікірлерін біліп тұруға тырыстым, кейбір кездері материалдардың форматын өзгеруге немесе сабақтарды алып тастауға тура келді. Осылайша сабақтың сапасын жақсартып отырдық.

Міне алғашқы лектің сабағы бітті. Студенттермен жақын танысып, тіпті дос болып алдық. Пікірлерін оқып, шынымен жақсы білім бере алдым деп сенемін. Әр қайсына жоғарыдан көрінуге тілектеспін! Абыроймен бітіріруге мүмкіндік берген Аллаға сансыз шүкір.

04/12/2022

Студентіміздің Javascript & React қолданып керемғт интернет магазин жасап шықты! Керемет көрсеткіш

Want your school to be the top-listed School/college in Almaty?

Click here to claim your Sponsored Listing.

Videos (show all)

Студентіміздің Javascript & React қолданып керемғт интернет магазин жасап шықты! Керемет көрсеткіш

Location

Category

Telephone

Address


Almaty