online.himia

online.himia

Share

Contact information, map and directions, contact form, opening hours, services, ratings, photos, videos and announcements from online.himia, Education, Almaty.

Photos from online.himia's post 22/07/2023

Олеум. 1-есеп шығару жолымен.
#баймұратанарбекұлы
#химияесепшығаружолымен

Photos from online.himia's post 27/02/2023

Газдалған тәтті сусындар мен аквалангшылар

Газдардың сұйықтықтардағы ерігіштігі негізінен температура мен қысымға тәуелді. Мысалы, газдалған тәтті сусындарды дайындау үшін көмірқышқыл газын шамамен 4 атм қысыммен бөтелкелерге жібереді. Яғни, қысмның артуымен газдардың сұйықтықтардағы ерігіштігі де артады. Ал газдалған сусын бөтелкесін ашқан кезде ішіндегісі көпіршіктеніп, сізге атқылап, шашырамасын десеңіз, онда оны алдын ала салқындатқан жөн (немесе атмосфералық қысымды жоғарылату), себебі температураның төмендеуімен газдардың сұйықтықтағы ерігіштігі артады.

Аквалангшыларға газдардың сұйықтықтағы ерігіштігі жайлы білген абзал. Аквалангшылар су астында тыныс алу үшін сығылған ауа толтырылған баллондарды қолданған жағдайда кейде ыңғайсыздықты сезінуі мүмкін, тіпті егер олар тереңнен судың бетіне қарай тым тез көтерілсе, "кессон ауруы" деп аталатын жағдайдан зардап шегуі мүмкін. Тереңде дем тарту кезінде ауадағы оттек тыныс алуға жұмсалады, ал азот дене сұйықтықтарында ериді. Егер сүңгуірдің көтерілуі тым жылдам болса, және сыртқы қысымның соншалықты тез төмендеуінен, еріген азот дене сұйықтықтарынан көпіршіп бөліне бастайды да, қан капиллярларын бітеп, бұлшықеттер мен буындардың қатты ауырсынуна, естен тануға, аяқ-қолдың сал болып қалуына және тіпті өлімге алып келуі мүмкін. Сондықтан сүңгуірлер пайдаланатын газ баллондарында ауаның орнына гелий мен оттектің қоспасы жиі қолданылады, себебі гелий азотқа қарағанда дене сұйықтықтарында айтарлықтай аз ериді. Оттек пен гелий қоспасындағы оттегінің парциалды қысымы ауадағыдай шамамен 0,2 атм деңгейінде сақталуы тиіс. Ондай болмаған жағдайда, мысалы, оттектің парциалды қысымы аталмыш мәннен жоғары болса, онда адамның тыныс алу жиілігі төмендеп, ағзада көмірқышқыл газының жиналуына және ол өз кезегінде газымен улануға алып соғады.
Қорытындылай келе, егер сіз терең суға аквалангпен сүңгігенді және тәтті газдалған сусындарды жақсы көрсеңіз, онда терең судың астындағы кафеге барып немесе сүңгуір қайықтың ішінде атқылап, көпіршімейтін сусыннан дәм тата аласыз. Алайда қайтарыңызда асығушы болмаңыз!

(суреттер https://www.pexels.com/ru-ru/ сайтынан алынған)

23/02/2023

📌Менің ең жақсы көретін студенттерім. Бұл шәкірттерім Қазақстанның әр өңірінен білім іздеп, ҚазҰУ-не оқуға түскен.

👌Жалпы білім ізденуші білім алған кезде мына 2 дүниеге мән беру керек екен:

1️⃣Ұялмау. Білім алған кезде түсінбеген жерін міндетті түрде сұрау. Қай кезге дейін!? Түсінгенше.
2️⃣Тәкәпарланбау. Яғни мен білемін деп айтпау. Тәкәпарлық білім алуды тоқтатады. Білсеңізде білмегендей сыңай танытыңыз. Сіз білгенді басқа шәкірт білмеуі мүмкін.

Сондықтан әрқашан іздену кезінде осы дүниелерге мән беріңіз.

Дамыңыз. Алған біліміңізді амалға асыруды ұмытпаңыз. Өмірде қолдануды үйреніңіз.

Бұл 104-ші топ. 11 студент оқиды. Мінездері әртүрлі. Білім деңгейлеріде әртүрлі. Бұл мамандыққа қызығып түскендері де бар, грант үшін түсіп кеткендері де бар.

2 жігіт, 9 қыз оқиды.
1.Нұрбол - Түркістан облысы.
2. Санат - Оралдан.
3. Қаракөз - Қызылорда.
4. Жанна - Ақтөбе.
5. Мерей - Түркістан облысы.
6. Алтынай - Талғар қ, Алматы облысы.
7. Аяжан - Алматы қ, Шаңырақ-2.
8. Лаура- есімде жоқ))
9. Салтанат - Шығыс Қазақстаннан.
10. Гүлзира - Жамбыл облысы. Қателесіп қалуым мүмкін.
11.Тоғжан- есімде жоқ.
Қазіргі тағда 23 студентпен жұмыс жасап жатырмын. Оларға барынша тәрбие мен білім беруге тырысып жатырмын.

Ал шәкірттерім Алла зейіндеріңді ашсын!
23.03.23. Суретті Мерей түсірген))
#ұстазшәкірт #баймұратанарбекұлы

11/02/2023

Жапондық әріптестермен кездесу сәтінен.

“Orbital” дамыту орталығының ағайларына мың алғыс.

Суретте Химия және химиялық технология факультетінің деканы, жапониялық 2 әріптесіміз, мен, факультетің ұстаздары және Бағдат Серикович.

Кездесу өте жақсы өтті.

Қазақстан химиктеріне Алла қаласа өте көп мүмкіндіктер болайын деп жатыр.

Қапы қалып жүрмеңіздер.

#жапония #АЭС #химиктер #химикұстаздар

Photos from online.himia's post 30/08/2022

Органикалық химия.

Өзіңе сақтап ал!
#көпатомдыспирттер #ұбтхимия2022

Photos from online.himia's post 26/08/2022

Төмендегі есептерді өз еркіңізбен шығарып көріңіз⤵️

1. 0.04 моль/л HNO3
2. 0.02 моль/л HClO3
3. 0,04 моль/л H3PO4-тің pH есептейміз.

Жауабын комментарияға жазамыз.

#сутектіккөрсеткіш

Photos from online.himia's post 23/08/2022

Аудандық олимпиада есептерін шешу.

Олимпиада есептерін шешу жолымен атты кітаптан үзінді.

Кітапқа алдын ала тапсырыс қабылдаймыз.
#кітап #ұбт2022

Photos from online.himia's post 21/08/2022

ҰБТ-ға дайындық. Контекстік тапсырмалар. Периодтық жүйе.

Өзіңе сақтап ал!
Достарыңмен бөліс!

#контесктапсырмалары #ұбтхимия

Photos from online.himia's post 15/08/2022

Спирттер. Теория . Практика қажет пе?

#спирттер #органикалықхимия #ұбтхимия2022

Photos from online.himia's post 15/08/2022

Спирттер. Теория . Практика керек пе?

Онда 87476583432 жаз.

Достарыңды белгіле

#спирттер #органикалықхимия
#ұбт2022/23

#

13/08/2022

Не байқадыңыз?⤵️жазыңыз

Photos from online.himia's post 12/08/2022

Олимпиадаға бізбен бірге дайындал

Мектеп оқушылары мен ұстаздарға арналған онлайн және оффлайн олимпиадаға дайындаймыз.

-аудандық олимпиада
-облыстық олимпиада
-Республикалық олимпиада

Топпен және жеке

Толық ақпарат: 87087784317

#химияолимпиада2022

Want your school to be the top-listed School/college in Almaty?

Click here to claim your Sponsored Listing.

Location

Category

Website

Address


Almaty